- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •1.Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- •2.Математиканы оқыту әдістемесінің дербес мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2. Математиканы оқытудың әдістемесі
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Дәріс сабақтарының мазмұны і Модуль Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
- •Іі модуль. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •Ііі модуль. Математикалық ұғымдар.
- •Іү Модуль Математикалық есептер.
- •Ү Модуль Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Оқу бағдарламасы- силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •3. Пән туралы мәліметтер
- •6. Курстың саясаты мен реті Студенттерге қойылатын талаптар:
- •7. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •8. Пәннің құзіреттілігі:
- •10. Практикалық сабақтарының мазмұны
- •15 Практикалық сабақ тақырыбы
- •11.Өзіндік жұмысын тапсыру және орындау кестесі
- •12. Оқытушымен студенттің өзіндік жұмысының жоспары
- •13. Емтихан бойынша кеңес
- •14.Курстық жұмыстың тақырыбы, мәнжазба
- •15. Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •16. Әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •17. Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен тізбесі
- •2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті
- •Математиканы оқыту әдістері.
- •Мотә екі бөлімнен тұрады.
- •Математиканы оқытудың мақсаты.
- •Оқытудың әдіс тәсілдері.
- •Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.
- •Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
- •Сабақтастық және пәнаралық байланыс
- •Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
- •3.Математиканы оқытудың ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау мен тәжірибе
- •Салыстыру мен лнллогия
- •Жалпылау жәнке нақтылау.
- •Математиканы оқыту әдістері және формалары
- •Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру
- •Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
- •Оқытудың дәстүрлік әдісі.
- •Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
- •Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
- •Нақты практикалық ситуацияларды талдау.
- •Теореманы дәлелдеу әдістері.
- •Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция
- •Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- •Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- •Матаематика сабағында компьютерді қолдану.
- •Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру.
- •Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
- •Есеп шығаруға қойылытын негізгі талаптар
- •Оқушыларды есеп шығаруға үйрету
- •Есептің шешуі.
- •Есепті шығарудың мақсаты мен ролі.
- •Математиканы оқытудың әдістемесінің дербес мәселелері.
- •Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.
- •Оқушылрдың математикалық қабілеттерін дамыту
- •Математикадан факультативтік сабақтар.
- •Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.
- •Математикалық олимпиада туралы.
- •Математикалық экскурсия.
- •Орта мактепте математикалық кеш өткізу.
- •Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері. Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.
- •Сабақты талдаудың әдістемелік аспектілері
- •Сабақты талдаудың ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •Педагогикалық практика туралы
- •Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
- •Сабаққа дайындық және өткізу.
- •Сабақ жоспары құрылымының үлгісі
- •Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы
- •Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы
- •Сабақты аспектілі талдаудың нұсқасы
- •Оқушылардың математикалық даярлығына қойылатын талаптар.
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымы осы курстың мақсатына сәйкес болуы керектігі айдан анық.Біз оқу пәні ретіндегі математиканың мақсаттары туралы мұқият талдадық,оның басты мақсаты-оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған. Сондықтан мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымы бар мүмкіндігінше оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға, оларда адами сана мен мінез-құлық, шығармашылық белсенділік, әлеуметтік кәмелеттік сияқты іргелі қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасауы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаттарына, оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға қол жеткізу неге тәуелді болады?
Біздің ойымызша ол келесі факторларға байланысты:
оқыту мазмұнына, оқыту процесінде оқушылардың қандай білім, білік және дағдылар игеруіне, осы білім, білік және дағды оқушыларға қандай үйлесімділікпен берілуіне, сол білімдердің кеңдігі мен тереңдігіне, білік пен дағдының қаншалықты берік болатындығына.
оқыту математиканың қоршаған ортамен қаншалықты байланысты болатындығына, абстрактілі математикалық ұғымдардың күнделікті өмірде қандай түсініктер, құбылыстар мен деректер негізінде қлыптастырылатындығына, оқыту процесінде алынған білім мен білік қандай практикалық қосымшалар келетіндігіне, осы білімдер қандай пәлсафалық, әдіснамалық тұрғыдан қалай негізделуіне, оқыту мазмұны тарихи көзқарас тұрғысынан қалай баяндалатындығына.
математиканы оқыту қандай жүйеде, басқа пәндермен қандай байланыста болатындығына, математиканы оқыту басқа пәндерді оқып-білу үшін қажетті баға құрай ма, басқа пәндерді оқып-үйренуге қажетті білім және білікпен толық қаруландыра ма, басқа жағынан алғанда басқа пәндерді оқытқанда математикалық білім мен білік жеткілікті қосымша болуды иелене ме және олардың мазмұны қандай?
математиканы оқытудың ұйымдастырылуына, оқыту процесінде қандай әдістермен тәсілдер қолдануға, білімді оқушы мұғалім басшылығымен өз бетінше, белсенді түрде жұмыс істей отырып игере ме, білім мен білік қаншалықты саналы және берік, әлде тек жаттығу арқылы ғана қалыптастырыла ма?
ең ақырында, оқушының өзі қалай оқиды, оқуға деген ынта-ықыласы қандай, пәнге қызығушылығы қаншалықты, барлық тапсырмаларды өз бетімен орындай ма немесе басқалар көмекке келе ме, оқулықпен және басқа да қосымша материалдармен жұмыс істейді математикадан алынған білім мен білікті өзінің іс-тәжірибесінде пайдалана ма, егер пайдаланса ол қандай деңгейде.
Соңғы фактор өзекті болып табылады, алдыңғылардың орындалуы осыған көп байланысты.
Ол мақаланың бір ойына қарсы пікір айтқымыз келеді.Тұлға интелектісінің сипатының деңгейі қабылданған ақпарат және осы ақпаратты қойылған мақсатқа қолдану қабілетіне байланысты деген түйін түйеді. Бұл сипаттамадағы «ақпарат» термині біздің ойымызша өте тар, ол терминнің орнында күнделікті бойға сіңген «білім» тіркесі болуы керек.
Қоғам дамудың қазіргі кезеңіндегі мектептегі білім беруді қайта құрудың негізгі міндеттерін Г.В.Дорофеев былай тұжырымдайды: «...оқытудың әдістемелік жүйесін оның білімдік, ақпараттық міндетіне қатысты алғанда, оқытудың дамушылық міндетіне басымдылық беруге бағдарлау керек, оқушылар меңгеруге арналған ақпарат көлемін арттырудан гөрі, сол ақпаратты қолдану біліктілігін қалыптастыруға көшуге акцент жасалу керек, яғни жалпы терминмен айтқанда мектептегі білім берудің экстенсивтілігінен интенсивтілікке көшу керек».
Орта мектепте математиканы оқытудың мақсаттары.
Математиканы оқытудың жалпы білім беру мақсаттары.
Математиканы оқытуда дамыту мақсаттары.
Математиканы оқытуда тәрбиелік мақсаттары.
Математиканы оқытуда практикалық мақсаттары.
Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына: жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелік, практикалық мақсаттары жатады. Бұл мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты.
Математиканы оқытудың жалпы білім беру мақсаттары:
математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
нақты дәлелдеуді, құбылыстарды, тәжрибелерді ұғындыру.
Формаларды дәлелдей білуді үйрену;
Ұғымдардың анықтамасын, заңдардың, теоремалардың негізін оқыту;
Оқушыларды ғылыми негізімен таныстыру;
Оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету;
Оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.
Дамыту мақсаты:
оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту
сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілеті;
сандық және кеңістік қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қортындылай білу қабілеті;
математикалық талдаулар үрдісін және оларға құрлыммен ойлау қабілеті;
математикамен айналысқанда ойлау үрдісінің икемділігі;
шешімнің айқындығына, қарапайымдылығына, үнемділігіне және тиімділігіне тырысу;
оқушылардың математикаға ықыласын дамыту;
өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту:
ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаттар:
математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты мағлұматтарды дамыту;
оқушылардың диалектика- материалистік көз қарастарын қалыптастыру;
оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бпғттау;
оқушыларды төзімділікке, шыншылдылыққа, еңбекке, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу;
оқушыларды математика ғылымына, математика ғылымдарға сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;
Практикалық мақсаттар:
алған теориялық білімдерін есеп шығарғанда, басқа пәндерді оқып үйренуде қолдануға;
алған білімдерін өз бетімен толықтыруға;
математикалық құрал-жабдықтарды қолдануға;
оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге;
ғылыми-зеріттеу әдістерін математиканы оқып үйренгенде қолдану;
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
математиканы оқытуда жалпы білім беру және дамыту мақсаттары.
математиканы оқытуда практикалық және тәрбиелік мақсаттары.
