Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЕТОДИКА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.

Республикасызда білім беру реформаларын жүзеге асыру орта мектептердегі оқу жұмысының мазмұны ғана емес, оның құрлымындағы да өзгерту жүргізу қажеттілігіне әкеліп соқтырады. Оқу мерзімі 12-13 жылдық болып есептелетін, эканомикалық жағынан дамыған дамыған елдердегі білім беруді дамыту жолдарын сараптай келе, әр елдердегі білім жүйесін жетілдіруді айқындауға болады. Солардың кейбірін атап кетейік:

жаңа типтегі оқу орындарының (бағдарлы мектеп, лицейлер, колледжер, гимназиялар) ашылуы.

Қоғамның эканомикалық дамуының сұранысына орай орта мектептердегі оқушылар санының және тұрғындарының әлеуметтік психологиясының өзгеруі;

Мектептердегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер;

Даралап және саралап оқытудың түрлі әдістерін игеру және оны жүзеге асырудың даярлық шаралары.

Білім мазмұнын жетілдіру (жаңа пәндер енгізу, жекелеген пәндерді оқытудың инвариантты түйіндерін табу, кейбір пәндерді біріктіру)

Сонымен қоса, республикамызда білім беруді дамуға бағытталған арнайы келесі мәселелерді айтуға болады: оқушылардың арнайы қабілеттерін артыруға ықпал жасайтын түрлі бағыттарды зерттеу; 12- жылдық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа оқу жоспарларын, бағдарламаларын, білім беру стандарттарын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау; сыныптарды жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту; оқушылар білімін тереңдету мен бағалаудың жаңа тәсілдерін іздестіру және т.б.

Бұл пән болашақ мұғалімдерді оқыту және тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға үйретеді.МОӘ оқып-үйрену мазмұнына біліім, білік және дағды жүйесі, онымен қатар ұзақ жылдар бойы жинақталған математиканы оқытудың құндылықтары жатқызылады.

Оларды меңгеру пән мұғалімдердің жан-жақты дамуына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпалын тигізеді.

Негізгі әдебиеттер [1-9]

Қосымша әдебиеттер [1-5]

3-4– Тақырып: Математиканы оқытудың принциптері.

Жоспары

Математиканы оқыту принципі туралы ұғым және оқытудың принциптер жүйесі.

Оқыту принциптерін іске асыру.

Математиканың оқытудың дидактикалық принциптері.

Қағидалары және әдістемелік аспектілері.

Математиканы оқытудың әдістері.

Мектеп математика курсының мазмұны.

Математиканы оқыту принципі туралы ұғым және оқытудың принциптер жүйесі.

Математиканы оқытудың ғылыми принципі.

Математиканы оқытудың дамыту принципі.

Математиканы оқытудың тәрбиелеу принципі.

Математиканы оқытудың көрнекілік принципі.

Математиканы оқытудың саналылық және белсенділік принциптері.

Білімді берік,орнықты меңгеру принципі.

Математиканы оқытудың жүйелілік принципі.

Математиканы оқытудың түсініктілік принципі.

Мектеп тәжірибесінде, қандай сабақ болмасын, оқушылармен қарым-

қатынасқа, оқу жұмысының әдістері мен құралдарын таңдауға бірдей талап қойылады. Сондықтан педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде барлық сабақтарды, оның ішінде математиканы оқытқанда қойылатын талаптар-дидактикалық принциптер зерттеліп дайындалған.Мектептің алдына қойылған «белсенді, саналы, жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелеу және оқыту» мақсаттарына сай төмендегідей дидактикалық принциптер қарастырайық.

Математиканы оқытудың ғылыми принципі.

Математиканы оқытудың мазмұны мен оны оқыту әдістері қазіргі жағдайдағы математика ғылымының деңгейі мен талаптарына, міндетті түрде, сай келуін қамтамасыз етеді.

Сонымен «оқытудың ғылымилығы» оқушылардың санасына қазіргі уақытта ғылыми деп танылған деректер мен ұғымдарды қалыптастыру, -деп білеміз.

Математиканы оқыту үрдесінде ғылыми принцип әрдайым қатысады.

Мұғалім математикалық ұғымдарға дәл анықтама бергенде, оқушылардан анықтама мен теореманы ажырата білулерін талап еткенде, белгілі бір тұжырымды толық дәлелдеуге үйретуде ғылыми принциппен оқытады.

Дамытып оқыту қазіргі педагогикалық үрдістің негізгі және қажетті элементі. Педагогикада дамыта оқыту тәрбиелеп оқыту дидактикалық принципіне енгізілген еді. Кәзір интеллектуалды дамыта оқытуды жеке бөліп отырмыз. Себебі математиканы оқыту үрдесінде дамыта оқыту оқушылардың ақыл –ойын, өз бетімен нәтежелі ойлауын, интеллектісін дамытады.

Математиканы оқыту үрдесінде дамыта оқыту принципі оқушылардың математикаға ықыласын және оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуды қамтиды.

1.3Математиканы оқытудың тәрбиелеу принципіне төмендегілер жатады:

оқушылардың диалектикалық –материалистік көзқарастарын қалыптастыру;

оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;

оқушылардың математика сабағына қызығушылықтарын арттыру;

оқушылардың білімге құштарлығын ояту;

оқушылардың алған білімдерін саналы меңгеруге, оны практикада қолдануға және өз бетімен толықтыруға тәрбиелеу.

Математиканы оқытудың көрнекілік принципі.

Көрнекілік оқушылардың жаңа материалды жақсы қабылдауына, мағынасын түсінуіне және талдап қорытуына әсер етеді.Сабақтың әр кезеңінде көрнекілік әртүрлі міндет атқарады. Заттың сыртқы көрінісінен немесе бейнесінен оның қасиеттерін зерттеп анықтауға болады және сол заттың қасиеттерінің арасындағы байланысты зерттеп жаңа ұғымды айқындауға болады.

Көрнекілік принципті жүзеге асыратын арнайы құрал –жабдықтар, көрнекіліктерге геометриялық фигуралардың модельдері, таблицалар, диафильмдер және кинофильмдер жатады. Модульдер, кестелер, сызбалар мен суреттер проекциялық тетіктердің көмегімен көрсетіледі. Көптеген көрнекіліктер өндірісте дайындалады. Көрнекілік қолданудың рецепі жоқ. Мәселен, оқушыларды геометриялық жаңа ұғыммен таныстырғанда, стериометрияның алғашқы сабақтарында оқушылардың кеңістіктегі көзқарасын қалыптастыруға геометриялық фигуралардың моделдерін пайдаланған дұрыс. Кейінгі сабақтарда нақты көрнекіліктен абстрактілі көрнекілікке көшу керек. Онда геометриялық фигураның жазықтықтағы сызбасы қарастырылады.

Лабораторлық сабаққа есеп шығаруға байланысты көпжақтар, айналу денелері, макеттер және т.б. көрнекі құралдар жасалады.

Мұғалімнің көрнекі құралдар «номенклатурасында» қолдан жасалатын көрнекіліктер көп болады. Сонымен, математиканы оқытуда төмендегідей көрнекі құралдар және техникалық құрал жабдықтар (ТҚЖ) қолданылады:

а) модельдер және макеттер;

ә) кестелер;

б) диапозитивтер (слайдтар), кодограммалар;

в) диафильмдер;

г) кинофильмдер;

д) кодоскоп т.б.

Көрнекі құралдарға әртүрлі есептейтін және өлшейтін приборлар да жатады. Соңғы кезде компьютерді пайдаланып жаңа сабақ түсіндіру және компьютердің көмегімен оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру мүмкіндіктері мол.

Математиканы оқытудың саналылық және белсенділік принциптері.

Мектептің негізгі мақсаттарының бірі саналы және белсенді тұлға қалыптастыру. Оқушыларға сабақта алған білімдерін саналы қабылдап, мағынасын түсініп, қолдана білулерін үйрету керек.

Белсенділік принципін жүзеге асыру үшін төмендегідей талаптар қойылады:

жаңа тақырыпты өткен материалмен байланыстыру;

өтіліп отырған материалдың теориялық және практикалық мағынасын айқындау және оның білім жүйесінде алатын орнын көрсету;

жаңа тақырыптың қолданбалы жерлерін көрсету;

оқушыларды олардың өмір тәжірибесіне, интуициясына байланысты оқып –үйренуге жұмылдыру;

жаңа ұғымдарды модельдер көмегімен түсіндіру, яғни «қабылдау, түсіну» - «елестету» - «ұғым» баспалдағымен жұмыс жүргізеді;

мұғалім математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды жаңа тақырыпқа қызықтыратын ұғымды әдіс қолданып, оқушы білімді өз бетімен алатындай, өзіне жаңалық ашатындай етіп сабақ ұйымдастырады.

1.6 Білімді берік, орнықты меңгеру принципі.

Оқытудың заңдылығы және мектептің мақсаты орнықты берік білім беру, яғни алған білімді есте сақтап практикада қолдана алатындай етіп оқыту.

Оқыту үрдесінде оқушылар тек жаңа білім, білік, дағдыға ие болып қана қоймай, оларды бекітеді, нығайтады және толықтырады. Білімді берік, орнықты меңгеру принципін жүзеге асыру үшін мұғалім:

а) өтілген материалды қайталауды ұйымдастырады;

ә) оқушылардың білімі мен біліктерін мезгілінде тексеріп, кемшілігін толықтырып отырады;

б) оқушыларға берілетін есептер мен жаттығулардың жүйелілігіне көңіл аударады;

в) оқушылардың жауабы айқын және қысқа болуын дағдыландырады;

г) өз бетімен жұмыстар ұйымдастырады.

Математиканы оқытудағы жүйелілік принципі:

а) қарапайымнан күрделіге;

ә) көріністен ұғымға;

б) белгіліден белгісізге;

в) білімнен білікке, одан дағдыға көшуді білдіреді.

Мұғалім бұл принципті жүзеге асыру барысында жоғарыда келтірілген тізбектің әрқайсысы оқушылардың алған білім мен біліктерін толықтыруға әсерін тигізеді.

1.8 Математиканы оқытудың түсіністілік принципінде оқушылардың жас айырмашылығы мен ерекшеліктері ескеріледі. Өтілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан «қол жетерліктей» түсінікті болу керек. Қолданылатын әдістер оқушыларды өз қабілеттеріне сенетіндей және оны дамытатындай болу қажет.