- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •1.Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- •2.Математиканы оқыту әдістемесінің дербес мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2. Математиканы оқытудың әдістемесі
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Дәріс сабақтарының мазмұны і Модуль Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
- •Іі модуль. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •Ііі модуль. Математикалық ұғымдар.
- •Іү Модуль Математикалық есептер.
- •Ү Модуль Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Оқу бағдарламасы- силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •3. Пән туралы мәліметтер
- •6. Курстың саясаты мен реті Студенттерге қойылатын талаптар:
- •7. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •8. Пәннің құзіреттілігі:
- •10. Практикалық сабақтарының мазмұны
- •15 Практикалық сабақ тақырыбы
- •11.Өзіндік жұмысын тапсыру және орындау кестесі
- •12. Оқытушымен студенттің өзіндік жұмысының жоспары
- •13. Емтихан бойынша кеңес
- •14.Курстық жұмыстың тақырыбы, мәнжазба
- •15. Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •16. Әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •17. Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен тізбесі
- •2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті
- •Математиканы оқыту әдістері.
- •Мотә екі бөлімнен тұрады.
- •Математиканы оқытудың мақсаты.
- •Оқытудың әдіс тәсілдері.
- •Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.
- •Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
- •Сабақтастық және пәнаралық байланыс
- •Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
- •3.Математиканы оқытудың ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау мен тәжірибе
- •Салыстыру мен лнллогия
- •Жалпылау жәнке нақтылау.
- •Математиканы оқыту әдістері және формалары
- •Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру
- •Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
- •Оқытудың дәстүрлік әдісі.
- •Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
- •Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
- •Нақты практикалық ситуацияларды талдау.
- •Теореманы дәлелдеу әдістері.
- •Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция
- •Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- •Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- •Матаематика сабағында компьютерді қолдану.
- •Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру.
- •Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
- •Есеп шығаруға қойылытын негізгі талаптар
- •Оқушыларды есеп шығаруға үйрету
- •Есептің шешуі.
- •Есепті шығарудың мақсаты мен ролі.
- •Математиканы оқытудың әдістемесінің дербес мәселелері.
- •Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.
- •Оқушылрдың математикалық қабілеттерін дамыту
- •Математикадан факультативтік сабақтар.
- •Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.
- •Математикалық олимпиада туралы.
- •Математикалық экскурсия.
- •Орта мактепте математикалық кеш өткізу.
- •Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері. Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.
- •Сабақты талдаудың әдістемелік аспектілері
- •Сабақты талдаудың ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •Педагогикалық практика туралы
- •Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
- •Сабаққа дайындық және өткізу.
- •Сабақ жоспары құрылымының үлгісі
- •Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы
- •Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы
- •Сабақты аспектілі талдаудың нұсқасы
- •Оқушылардың математикалық даярлығына қойылатын талаптар.
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Математика және физика кафедрасы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ»
Пән атауы
Мамандығы 5В010900– «Математика»
Шифр, мамандық атауы
Арқалық, 2014
Құрастырушы: Абдрахманова М.Т
тегі, аты-жөні
аға оқытушысы, _____________
ОӘК аңдатпасы:
«Математиканы оқытудың әдістемесі» пәні бойынша 5В010900-«Математика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құжат.
«Математиканы оқытудың әдістемесі» пәні бойынша қарастырылып отырған оқу-әдістемелік құжат «Математика» мамандығы бойынша кредит жүйесінде оқитын студенттеріне арналған, оқу сабақтарының түрлері және тақырыптары бойынша оқу уақытын бөлуді анықтайды, аудиториядағы және аудиториядан тыс уақыттағы суденттердің өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтайды, студенттердің танымдық және творчестволық білімін нығайтады және оқу мен зерттеу процестерінің байланысын туғызады.
Оқу-әдістемелік кешен «Математиканы оқытудың әдістемесі»
пәннің аты
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің студенттеріне арналған / Құрастырған: Абдрахманова М.Т. Арқалық: АрқМПИ баспасы, 2014. 130– б.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Математиканы оқытудың әдістемесі
Пән атауы
Мамандығы 5В010900– «Математика»
Шифр, мамандық атауы
Түсініктеме хат
Педагогикалық университеттер мен институттардың студенттері математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін үйрену арқылы орта мектептегі математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері мен білік, дағдыларды меңгереді. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бағдарламасының маңызды міндеті – болашақ математик мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын беріктеп, олардың алған теориялық білімінің қолдану аясын кеңейту, бұл білімдердің мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктеріне сай баяндалуы мен қалыптасуының тәсілдерін қазіргі студентке меңгерту болып табылады. Ол үшін орта мектепте математиканы оқытудың ғылыми негіздерін жан-жақты құрап, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны практикалық есептер шеше білуге қолдану қажет.
Математикалық ұғымдарды оқушыларда қалыптастырудың қиындығын ескеріп, математиканың әрбір сабағының тиімділігі мен әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына, көрнекіліктің қажетіне қарай қолданылуына, сабақта қолданылатын ғылыми-практикалық әдістердің өзара үйлесуіне т.с.с басты назар аударылады.
Педагогикалық университеттер мен педагогикаылқ институттарды бітірушілердің таза математиканың өзін ғана меңгеріп қоймай, оның әдістемесін де ойдағыдай үйреніп, оны математиканың сабағында қолдануы, өзінің теориялық білімін озат мұғалімдер қалыптастырған оқыту процесінің іс-тәжірибесіне байланыстыра отырып молайту, сол арқылы шығармашылық сипатта жұмыс істеуге қол жеткізуі тиіс.
Математиканың ішкі мазмұны арқылы әсіресе сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінде тәрбие жұмыстарына ерекше назар аударылады.
Мектептегі математика курсын үнемі талдау арқылы студенттердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдысын қалыптастыру.Жалпы тәрбиелік мәні бар ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқулықтармен, есептер жинақтарымен, дидактикалық материалдармен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру маңызды міндет болып табылады.
Жоғары мектептегі математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің міндеті – болашақ мұғалімдерді оқу процесінің қазіргі заманғы әдістерімен технологиясымен таныстыру.
Студенттер ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттерді өзбетінше терең меңгеріп, әр түрлі жаттығу есептерін шешіп, қажетті көрнекіліктерді таңдап алып және қажетіне қарай қолдан жасап, семинар сабақтарында баяндамалар жасайды, дидактикалық ойындар өткізеді.
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша өткізілетін практикалық, лабораториялық сабақтардың мазмұнын байытып, оның ғылыми деңгейін белгілі стандарт деңгейіне көтеру керек.
Оқытуға арналған жаттығу жүйесінің негізгі міндеті математика курсының теориялық бөлігін меңгеруді ұйымдастыру болатыны, ұғымдарды қалыптастыру, есептер шешу тәсілдерін оқыту мақсатын алға қоятынын студенттер білуі тиіс.
Оқыту әдістемелерінің лекцияларында, практикалық лаборатория сабақтарында үнемі озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін талдап, оны жалпылауға, ол туралы қорытынды жасауға үнемі назар аударылады. Өз бетінше оқитын тақырыптармен бақылау, сынақ, емтиханның өткізу мерзімін кафедра анықтайды.
Курсты үйрену барысында студенттер әр түрлі формадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысуы, ол болашақта математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары бойынша жазатын курстық, диплом жұмыстарына байланысты болуы керек.
Болашақта мұғалім болатын жоғары курс студенттерін осы заманғы мектептің алға қойған талаптары негізінде мектепте оқу тәрбие жұмысын өткізудің практикалық дағдысымен қаруландыру керек. Ол үшін практикалық (семинар) сабақтарында мектептің оқу бағдарламасын, оның стандартын оқулығымен басқа да оқу құралдарымен жете танысуы; мектеп математикасының әртүрлі тақырыптарын үйренудің әдістемесін талқылауы; оқу материалын үйренуге байланысты мектеп оқушылары кездесетін қиындықтар мен типтік қателерді жоюдың жолдарын білуі, бір ғана тақырыптың әр түрлі оқу құралдарында баяндалуына салыстымалы талдаулар жасай білуі; практикант студенттің жеке жасаған сабақ конспектісіне, шешкен есебінің әдісіне, сонымен қатар құрастырған жаттығулар жүйесіне талдау жасай білуі, сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың әр түрлі формалары бойынша жоспар жасай білуі тиіс.
Лабораториялық сабақтар шағын группаларда жүргізіледі, онда келесі жұмыс түрлері болады:
Мектептегі сабаққа қатысып бақылау және талдау, техникалық және көрнекі құралдар қолданып, сабақ өтуге дайындау; көрнекі құралдар әзірлеу, дидактикалық материалдар жасау.
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
1.Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты:
Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты болашақта математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді нақты білімдермен практикалық дағдылармен қаруландыру және студенттердің педагогикалық ой өрісінің дамуына көмектесу болып табылады.
Болашақ мұғалімнің оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруды білуінің әдістемелері мен түрлерін меңгеруіне, оқушымен педогогикалық жұмыстағы қарым- қатынастың әр түрлі талаптарын меңгеруге оқушылардың математикалық ойлауын дамытудың әр түрлі әдістерін, әсіресе есептер шеше білудің әдістерін, теопемалар дәлелдеуге қойылатын әдістемелік талаптарды меңгеруі, сабақ өтуге қажетті әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыра білуге үйрену.
Сонымен бірге орта арнаулы оқу орындарымен гимназия, физика- математикалық мектептерде, 12- жылдық мектептерде математиканы оқыту әдісі мен ұйымдастыру ерекшеліктерін оқыту, жоғары оқу орындарындағы математикалық пәндерді оқыту әдістерінің ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. Бұл пән педагогикамен, психологиямен, философиямен, математикамен және т.б. байланыстарды үйрету мақсатын көздейді.
1.2. Пәнді үйренудің міндеттері
Сабақ өткізудің практикалық дағдысына ие болу, үй тапсырмасын тексеру әдістемесі, өзбетіндік жұмыс, жаңа материалды үйрену әдістемесі, өтілген сабаққа талдау жасаудың түрін және сабақтың барысын жазу т.б.
Өтілетін сабақты жоспарлай білу, оған сабақ мазмұнынына қарай оқытудың техникалық құралдарын қолдана білу. Стандартты және стандартты емес есептерді шеше білу. Орта және жоғары оқу орындарында сабақтан тыс жұмыстар: үйірме, олимпияда, математикалық кештер, жарыстар, ғылыми қоғамдарды ( оқушылардың, студенттердің) жұмысын пәрменді түрде жүргізу және т.б.
Математиканы оқытудың курсын үйренудің нәтижесінде студенттер математиканы орта мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың ұйымдастыру формасы туралы түсінік алу керек.
Бағдарлама
