Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-07-09 М.Указания по практике каз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

1 Рейтингті (р1) және аналогия бойынша (р1, р2, р3 …) басқа да рейтингтерді есептеу

Р1 = ТСР + ОЖБАӨЖР + СӨЖР + РБР (кредиттік технология)

Р1 = ТСР + БАӨЖР + РБР (линейлік технология)

Рұқсат рейтингін есептеу Р)

Пән бойынша білім алушының жеке қорытынды рейтингі (ЖҚР) рұқсат рейтингі (60%) мен қорытынды бақылау (40%) рейтингімен қосылып, мына формула бойынша есептеледі.

2. Рейтингтік бағалаудың тәртібі

2.1. Оқытушы әрбір тәжірибелік сабақта үлгерім және қатысым журналына білімді бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес 100 балдық шкала бойынша баға қояды және қойған бағасын білім алушыларға жеткізеді.

2.2. Тәжірибелік сабақтың бағасы тақырып бойынша білімнің бастапқы деңгейін; білім алушының өзіндік жұмысын (зертханалық тәжірибелер, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, науқастарды бақылау, ситуациялық есептерді құру және шешу және т.б.); оқытушымен бірлескен жұмысын (науқастарды клиникалық талдау, сабақтардың тақырыптары және т.б.); білімнің қорытынды деңгейін (ситуациялық есептерді шешу,тестілеу және т.б.) қамтуы тиіс.

2.3. Сабақтың түріне байланысты ОЖБАӨЖ бағасын оқытушы тәжірибелік сабақтарда немесе тәжірибелік тапсырмалардың, зертханалық жұмыстардың орындалуы туралы есеп тапсырғаннан кейін қоюы мүмкін.

2.4. БАӨЖ Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2.5. Оқытушы рейтингтің дұрыс есептелуіне дербес жауап береді.

1.Кіріспе: «Дәрігер – стоматолог - хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 051302 – «Стоматология» мамандығы бойынша «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» пәнінің мазмұнының міндетті минимумы мен студенттердің дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және оқытудың жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

«Дәрігер – стоматолог – хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 2 апталық тәжірибе 8 семестрде хирургия бөлімшесінде амбулатория және стационар жағдайында өткізіледі.

2. Практиканың мақсаты: Жақсүйектерді иммобилизациялау (уақытша, тұрақты) кезінде ассистент болу.

3. Практканың міндеттері: Студенттердің дәрігер – стоматолог – хирургтың жұмысында қолданылатын стоматологиялық материалдар мен дәрі – дәрмектерді тәжірибеде қолдану жөніндегі білімдері мен машықтарын тереңдету және жетілдіре түсу; дәрігер – стоматолог – хирургтың жұмысына тікелей көмектесу машықтарына үйрету; стоматологиялық кабинетте санитарлық – ағарту жұмыстарын өткізу машықтарына үйрету; тұлғалармен қарым – қатынас жасау және пациенттерге кеңес беру машықтарын жетілдіру.

4. Практиканы өткеннен кейінгі соңғы нәтижелер:

Машық пен іскерлік, бағалау критерийлері

Баллмен берілген

баға

Жақсүйектерді иммобилизациялау (уақытша, тұрақты) кезінде ассистент болу

4,0

1

Клиникалық жағдайға байланысты жақсүйектерді уақытша немесе тұрақты иммобилизациялау әдістерін және оны жүзеге асыратын конструкцияны таңдай алады. Науқасқа емдеу кезеңдерін түсіндіреді.

0,5

2

Жақсүйектерді уақытша иммобилизациялауға қатысады (Айви әдісімен – крампон қысқаштарының және қайшылардың көмегімен металлдан метал бунақжіп әзірлейді және тісаралық пен жақсүйек арасына бекіту үшін береді; - енді дәкенің көмегімен Померанцева – Урбанский сақпанын төсейді).

1,0

3

Жақсүйектерді тұрақты иммобилизациялауға қатысады (стандарт шендеуішпен немесе Тигерштедт шендеуішімен (оның түрлерімен)): крампон қысқаштарының және қайшылардың көмегімен металлдан керекті ұзындықтағы алюминий сымды қияды, тісаралық пен жақсүйек арасына бекіту үшін шендеуіш әзірлейді.

1,0

4

Тигерштедт шендеуішін немесе стандарт шендеуішті әзірлеуге қатысады (пециенттің тіс доғасына сәйкес формада крампон қысқыштардың көмегімен сымды таңдайды және қайшының көмегімен тісаралық пен жақсүйек арасына бекіткіш салған соң сымның артық жерін кеседі).

0,5

5

Емшара барысында науқастың сұрақ қоюына мүмкіндік бере отырып шыдамдылық, байсалдылық танытып, өзінің әрекетін түсіндіреді.

0,5

6

Пациентке шендеуіштің күтімі мен емдеу кезіндегі ауыз қуысы гигиенасы туралы нақты ұсынымдар берді.

0,5

5. Практиканы өткізудің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

Оқу процесінің ұйымдастырылуы:

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен студентердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ студенттерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Оқушыларға талаптар:

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

6. Практиканың мазмұны: Тәжірибе кезінде тәжірибелік әрекеттің (қызметтің) түрлері: дәрігер – стоматологтың ассистенті ретінде жұмыс істеу; бөлімшедегі кезекшілік;емдік – профилактикалық ұйымның қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

  • Бағдарламаның мазмұны:

Практика клиникалық база ретінде бекітілген стоматологиялық емханада, стационарда өткізіледі. Студент тәжірибеден өту барысында емдеу мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің барлық ережелерін орындайды және тәжірибе жетекшісі мен хирургиялық бөлімшенің меңгерушісіне тікелей бағынады.

  • Тәжірибе бойынша құжаттар: күнделік, студенттің есебі.

  • Тәжірибелік машақтарды баллмен бағалау.

  • Тәжірибені бағалау критериі:

Тәжірибе жетекшісінің ағымдық бақылауы:студенттің тәжірибеге қатысуы мен бөлімшеде жұмыс орнындағы тәжірибелік ісін қадағалау; студенттердің тәжірибелік машықтарды меңгеруін бақылау; студенттердің күнделігін тексеру.

Қорытынды бақылау – дифференцияланған сынақ. Қорытынды бақылауға рұқсаттама алу үшін болуы тиіс құжаттар:тәжірибе жетекшісі немесе бөлімше меңгерушісі күнделікті қолдары қойылған студенттің тәжірибе күнделігі; тәжірибе жетекшісі мен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған студенттің мінездемесі; тәжірибеге қатысу журналы.

Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша дифференцияланған сынақ студенттердің тәжірибелік машықтарын (іскерліктерін) «ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесіне» сәйкес бағалау нәтижелерімен жүзеге