Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-07-09 М.Указания по практике каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Кәсіби практика бойынша

әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»

Пән: Дәрігер-стоматологтың ассистенті

Кафедра: Балалар стоматологиясы және бет-жақ хирургия

Курс - 4

Семестр - 8

Құрастырушы:

м.ғ.к.,доцент __________ Таганиязова А.А.

Ақтөбе, 2015

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№1 хаттама, 28.08. 2015ж.

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д., профессор ______________Жаналина Б.С.

1.Кіріспе: «Дәрігер – стоматолог - хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 051302 – «Стоматология» мамандығы бойынша «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» пәнінің мазмұнының міндетті минимумы мен студенттердің дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және оқытудың жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

«Дәрігер – стоматолог – хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 2 апталық тәжірибе 8 семестрде хирургия бөлімшесінде амбулатория және стационар жағдайында өткізіледі.

2. Практиканың мақсаты: Медициналық құжаттарды рәсімдеу.

3. Практканың міндеттері: Тұлғалармен қарым – қатынас жасау және пациенттерге кеңес беру машықтарын жетілдіру.

4. Практиканы өткеннен кейінгі соңғы нәтижелер:

Машық пен іскерлік, бағалау критерийлері

Баллмен берілген

баға

Медициналық құжаттарды рәсімдеу

4,0

1

Бөлімшеде науқасты алғашқы тексеруді ықтимал диагнозды негіздей отырып түсінікті етіп жазады.

0,5

2

Өзі бақылайтын науқастардың жағдайының динамикасын, зерттеулердің ,тексерулердің, консультацияның нәтижелерін, емдеу схемасын өзгертудің негіздемесін күнделікке жазады.

0,5

3

МКБ – 10 бойынша клиникалық диагноздың негіздемесін жазады.

0,5

4

Шығару эпикризін нақты ұсынымдармен ресімдейді.

0,5

5

Стационарлық науқастың стат. Картасын ресімдейді.

0,5

6

Стоматологиялық кабинетті күту бойынша журналды толтыра алады: зарарсыздандыру, дәрілік препараттардың жазбасы, науқастардың келуін тіркеу журналдары.

0,5

7

Тіс формуласы мен дәрігердің ұсынымдары бойынша стоматологиялық статустың мәліметтерін жазып амбулаториялық картаның паспорттық бөлігін толтыра алады.

0,5

8

Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік препараттардың рецептісін жазып береді, рентгенкабинетке, физиотерапиялық каьинетке, мамандардан консультация алуға жолдама бере алады.

0,5

5. Практиканы өткізудің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

Оқу процесінің ұйымдастырылуы:

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен студентердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ студенттерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Оқушыларға талаптар:

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

6. Практиканың мазмұны: Тәжірибе кезінде тәжірибелік әрекеттің (қызметтің) түрлері: дәрігер – стоматологтың ассистенті ретінде жұмыс істеу; бөлімшедегі кезекшілік;емдік – профилактикалық ұйымның қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

  • Бағдарламаның мазмұны:

Практика клиникалық база ретінде бекітілген стоматологиялық емханада, стационарда өткізіледі. Студент тәжірибеден өту барысында емдеу мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің барлық ережелерін орындайды және тәжірибе жетекшісі мен хирургиялық бөлімшенің меңгерушісіне тікелей бағынады.

  • Тәжірибе бойынша құжаттар: күнделік, студенттің есебі.

  • Тәжірибелік машақтарды баллмен бағалау.

  • Тәжірибені бағалау критериі:

Тәжірибе жетекшісінің ағымдық бақылауы:студенттің тәжірибеге қатысуы мен бөлімшеде жұмыс орнындағы тәжірибелік ісін қадағалау; студенттердің тәжірибелік машықтарды меңгеруін бақылау; студенттердің күнделігін тексеру.

Қорытынды бақылау – дифференцияланған сынақ. Қорытынды бақылауға рұқсаттама алу үшін болуы тиіс құжаттар:тәжірибе жетекшісі немесе бөлімше меңгерушісі күнделікті қолдары қойылған студенттің тәжірибе күнделігі; тәжірибе жетекшісі мен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған студенттің мінездемесі; тәжірибеге қатысу журналы.

Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша дифференцияланған сынақ студенттердің тәжірибелік машықтарын (іскерліктерін) «ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесіне» сәйкес бағалау нәтижелерімен жүзеге