- •Қмқк «Семей қаласының д.Қалматаев атындағы мемелекеттік медицина колледжі»
- •Науқасқа сұрастыру жүргізу:
- •2. Науқасты қарау:
- •3. Науқасты жүйелеп қарау:
- •4. Клиникалық патологиялық синдромдарды анықтау
- •5. Функциональды диагностика бөлімінде жұмыс
- •Күнделіктің мазмұны
- •Сандық есеп (жалпы)
- •Тәжірибелік дағдылар Аттестация жүргізуге арналған тәжірибелік дағдылар тізімі
- •Мөрмен расталған мінездеме
Қмқк «Семей қаласының д.Қалматаев атындағы мемелекеттік медицина колледжі»
-
«КЕЛІСІЛДІ»
№2 Қалалық ауруханасының
Бас медбикесі
_____________Оспанова Л.Х
«___»_______________20___г.
«БЕКІТЕМІН»
ҚМҚК «Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің» директорының
Оқу кәсіптік жөніндегі орынбасары
______________Ульбауова А.М.
«___»_______________20___г.
Оқу-өндірістік тәжірибе
бағдарламасы
Пән: «Ішкі аурулар пропедевтикасы»
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
3 курс 5 семестр
Құрастырған:
Бағдарлама
ӘБК отырысында қаралды
Хаттама № _____________________
«__»_____________________20__ж.
ӘБК төрағасы __________________
«__»____________________20__ж.
Түсініктеме
«Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен оқу- өндірістік тәжірибесі 3 курстың 5 семестрінің аяғында 2 апта бойы терапия бөлімінде болады. Оқу- өндірістік тәжірибесінің мақсаты: ішкі аурулар пропедевтикасы пәні бойынша медициналық колледжде және тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекіту. Оқу- өндірістік тәжірибесін өту барысында жұмыс орындарына 1-2 білім алушыдан бөлінеді, барлық манипуляцияларды тәжірибенің тікелей жетекшінің бақылауымен өздері орындайды. Күнделікке күні бойы атқарылған жұмыстары мен жасалған манипуляцияларының сандық есептерін жазып отырады. Тәжірибе аяғында жалпы сандық есеп жазылады. Тікелей жетекші күнделікті тексеріп, қолын қояды. Оқу- өндістік тәжірибе бойынша қорытынды құжат болып білім алушының күнделігі мен сандық есебі, тәжірибенің жетекшісінің қолы мен ЕАМ-нің мөрі басылған мінездеме саналады.
Оқу-өндірістік тәжірибе бағдарламасы
Пән: «Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі» Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
Бұл оқу-өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты – білім алушылардың алған теориялық білімін және тәжірибелік дағдыларын емдік мекемеде өз бетімен жұмыс жасау арқылы қорытындылап бекіту болып табылады.
Білім алушылар бағдарлама бойынша қамтылған науқастарды субъективті және объективті тексеру әдістері, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері жөнінде толығымен мағлұмат алуылары қажет.
Тәжірибені өту барысында білім алуышлар өз бетімен тәжірибелі медбике немесе тәжірибенің тікелей жетекшісінің бақылауымен жұмыс жасайды.
Білім алушы міндетті:
- тәжірибенің өту кестесін сақтау;
- күнделікті тікелей жетекшіні жұмыс уақытының басталу және аяқталуы уақыты жөнінде ақпарат беріп отыруы қажет;
- бағдарламаға сәйкес бүкіл тәжірибелік дағдыларды орындап шығулары қажет;
- емдік-алдын алу мекеменің ішкі тәрттіптеріне бағынулары қажет;
- күнделікті күнделік жүргізіп, әртүрлі аурулары бар науқастарды және олардың сандық есебін жүргізіп отыруы қажет.
- күннің соңында жалпы сандық есеп шығару;
Тікелей жетекші міндетті:
- емдік мекемемен таныстырып, ондағы жұмыс талаптары мен ережелері жөнінде нұсқаулық жүргізуі тиіс;
- бағдарлама бойынша бөлімшелерде тәжірибені өтудің жеке кестесін құрастыруы қажет;
- күнделікті тәжірибеге қатысуларын қадағалап отыруы қажет;
- бағдарламаға сәйкес бүкіл тәжірибелік дағдыларды орындап шығуға жағдай жасау;
- күнделіктерді тексеріп, сандық есеп жүргізу;
- аралық білімдерін тексеру жүргізу;
Тәжірибе біктен соң тікелей жетекші әрбір білім алушыға:
Тәжірибеге және ауру тарихына баға қойып, қол қою;
Бас медбикенің мөрі басылған және қолы қойылған мінездеме беру ;
Білім алуышының жұмыс уақыты – 6 сағат.
Бөлімшелердің тізімі және мерзімнің жуық шамамен бөлінуі
№ |
Бөлімнің атауы |
Күндер саны |
|
|
Қабылдау бөлімі |
2 |
|
|
Пульмонология бөлімі |
3 |
|
|
Кардиология бөлімі |
3 |
|
|
Гастроэнтерология бөлімі |
3 |
|
|
Функционалды диагностика бөлімі |
1 |
Барлығы: |
|
12 |
Қабылдау және терапия бөліміндегі жұмыс.
Білім алушылар науқастарды зерттеудің субъективті және объективті әдістерін жүргізеді, патологиялық клиникалық синдромдарды диагносткалайды. Науқастармен танысып, оларды зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындайды, нәтижелерін бағалайды. Шұғыл жағдайларда жедел жәрдем көрсетуге қатысады.
Білім алушы игеруі керек:
