2.2 «Азия Кредит Банк» ақ баланс өтімділігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен алмастыруда. Акив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
- А1 Ең өтімді активтер. кәсіпорынның ақша қаражаттары мен құнды қағаздары жатады.
-А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.
-А3 Баяу өткізілетін активтер – жоғарғы топтарға қосылмаған басқа да айналым активтері. (дайые өнім, қорлар және т.б)
-А4 Қиын өткізілетін активтер – айналымнан тыс активтер жатады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
-П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер жатады.
-П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
-П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
-П4 Тұрақты міндеттемелер –кәсіпорынның меншікті капиталы жатады.
3 кесте. «Азия Кредит Банк» АҚ өтімділігін анықтау (2013 ж.)
Бұл кестені қорытындылай келе, ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 1,28-ге тең болды. Стандарт бойынша бұл көрсеткіштің мәні 1-2 аралығында болуы тиіс, егер мәні 1 төмен болса, төлеуге қабілетсіздігін сипаттайды. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша серіктестіктің төлемге қабіліттілігі қалыпты жағдайда. Мерзімді өтімділік коэффициентінің мәні 0,89-ға тең болды, стандарт бойынша көрсеткіштің мәні 0,7-0,8-ден 1,5 дейін болу қажет, бұл көрсеткіш бойынша жақын арада берешекті жабу қабілеттілігі төмен. Абсолютті өтімділік коэффициентінің мәні стандартқа сәйкес 0,2-ден төмен болмауы тиіс, көрсеткіш мәні 0,77-ге тең болды, яғни бұл серіктестіктің қысқа уақыт аралығында берешекті жабуға қабілетті дегенді білдіреді.
4 кесте. «Азия Кредит Банк» АҚ өтімділігін анықтау (2014 ж.)
Бұл кестені қорытындылай келе, ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 1,34-ке тең болды. Стандарт бойынша бұл көрсеткіштің мәні 1-2 аралығында болуы тиіс, егер мәні 1 төмен болса, төлеуге қабілетсіздігін сипаттайды. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша серіктестіктің төлемге қабіліттілігі қалыпты жағдайда. Мерзімді өтімділік коэффициентінің мәні 0,66-қа тең болды, стандарт бойынша көрсеткіштің мәні 0,7-0,8-ден 1,5 дейін болу қажет, бұл көрсеткіш бойынша жақын арада берешекті жабу қабілеттілігі төмен. Абсолютті өтімділік коэффициентінің мәні стандартқа сәйкес 0,2-ден төмен болмауы тиіс, көрсеткіш мәні 0,46-ға тең болды, яғни бұл серіктестіктің қысқа уақыт аралығында берешекті жабуға қабілетті дегенді білдіреді.
5 кесте. «Азия Кредит Банк» АҚ өтімділігін анықтау (2015 ж.)
Бұл кестені қорытындылай келе, ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 0,76-ға тең болды. Стандарт бойынша бұл көрсеткіштің мәні 1-2 аралығында болуы тиіс, егер мәні 1 төмен болса, төлеуге қабілетсіздігін сипаттайды. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша серіктестіктің төлемге қабіліттілігі қалыпты жағдайда. Мерзімді өтімділік коэффициентінің мәні 0,54-ке тең болды, стандарт бойынша көрсеткіштің мәні 0,7-0,8-ден 1,5 дейін болу қажет, бұл көрсеткіш бойынша жақын арада берешекті жабу қабілеттілігі төмен. Абсолютті өтімділік коэффициентінің мәні стандартқа сәйкес 0,2-ден төмен болмауы тиіс, көрсеткіш мәні 0,48-ге тең болды, яғни бұл серіктестіктің қысқа уақыт аралығында берешекті жабуға қабілетті дегенді білдіреді.
