1. «АзияКредитБанк» ақ тарихы, ұйымдастыру сипаттамасы.
2005 жылы «АзияКредитБанк» АҚ АҚ – халық тұтынушылық несиелендіру негізінде құрылған.
2006 жылы «Қазпочта» АҚ-ның байланыс желісінің ұлттық оператор арқылы ақшалай несиелеу бағдарламасын іске қосты, сол жылы тұтынушылық несие беруге «Қазпочта» АҚ-мен келісімге қол қойылды.
2008 жылы «Халықаралық Алма-Ата банкі» АҚ акцияларын сатып алу барысында, «АзияКредитБанк» АҚ деп өзгертілді. «АзияКредитБанк» АҚ тобының бизнес-моделін енгізу, және жаңа стратегияны қабылдау.
2011 жылы несие портфелінің 139,2 %-ға өсуі.
2012 жылы Қазақстанда несие бойынша сатып алу үшін қаржыландыру бірінші ко-брендинг «Техноденьги» жобасының іске қосылуы. «Барлығына ақшалай несие» жобасының іске қосылуы. «АзияКредитБанк» АҚ төлем терминалдары арқылы төлем жүйесін іске қосу. Бүкіл Қазақстан бойынша 30 банк филиалдарының ашылуы.
2013 жылы Fitch халықаралық агенттігімен «BB-» рейтингінің тағайындалуы «АзияКредитБанк» АҚ онлайн өз қызметтерін ұсынатын бастады. Қазақстанның 18 ірі қалаларында филиалдардың ашылуы.
2014 жылы «Люди в Фокусе» бағдарламасының іске қосылуы. Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрақты және ашық есік күндер өткізілген болатын, қаржылық сауаттылық бойынша тегін семинарлар - қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының ауқымды түрде іске қосуын хабарлады. Жыл сайын өтетін халықаралық қаржылық сауаттылығын арттыру «Global Money WEEK» іс-шарасына қатысты. Македонияда өткен қаржылық сауаттылығын жақсарту негізінде өткен конференцияға «АзияКредитБанк» АҚ Қазақстан және ТМД елдерінен жалғыз банк болып қатысты.
«АзияКредитБанк» АҚ еншілес банк болып келеді, басты офис Мәскеу қаласында орналасқан. Дүниежүзі бойынша 7 мемлекетте филиалдар орналасқан, оның ішінде 2 банк, 5 микронесие ұйымдар.
«АзияКредитБанк» АҚ ұйымдастырушылық құрылымы:
|
Директорлар кеңесі |
|
|
|
|
Ішкі аудит басқармасы |
Комплаенс қызметінің басқармасы |
Басқарым |
Аймақтық басшы |
|
Маркетинг департаменті |
Несие міндеттемелері мен өндіріп алу департаменті |
|
Инновациялар мен техникалық даму блогы |
Операциялық департамент |
|
Қызметкелер мен жұмыс істеу департаменті |
Қаржы блогы |
|
Қауіпсіздік департаменті |
Банк операциялары департаменті |
|
Заң басқармасы |
Ақшалай несиелеу департаменті |
|
Аймақтық желіні дамыту басқармасы |
Сату департаменті |
|
Халықпен байланыс басқармасы |
X
Осы кестеде көріп отырғандай Банк құрылымы 3 бөлімге бөлінеді. Тек «Басқарым» бөлімінде 14 департамент бар. Әр департаменттін ішінде бірнеше бөлімшелер бар.
Өндірістік тәжірибе аралығында мен «Қаржы блогынын», қаржылық нарық басқармасында 2 апта жұмыс істедім.
Қаржылық нарық басқармасының мақсаты:
Банктің стратегиясын қаржылық нарығында орындау
Банк қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті және халықаралық нарық капиталынан инвестиция тарту
Банктін активтерін және пассивтерін басқару
Қаржы институттары мен контрагенттердің, инвесторлар мен рейтингтік агенттіктердің өзара қарым-қатынас дамыту және техникалық қызмет көрсету
Қаржылық нарық басқармасының міндеті:
2.1. Банктің негізгі қызметін қаржыландыруға қажетті қаражаттарды тарту, бағалы қағаздарды шығару, және өзге де қаржылық құралдарды.
2.2. Ностро және Лоро корреспонденттік шоттарды ашу, сонымен қатар банктер мен қаржы институттарымен қарым-қатынастарды орнату және дамыту.
2.3. Банк және бағалы қағаздар нарығында өзара іс-қимыл ұйымдастыру, ақша нарығындағы банктермен, қор биржалары мен басқа да қаржы институттарымен қарым қатынас жүргізу.
