ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы
АО «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)»
өндірістік тәжірибесі бойынша
ЕСЕП
Бакалаврлық бағдарлама жетекшісі
(э.ғ.д. профессор) _________________ Исакова П.Б.
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі _________________ Аскерова .Ф.Б
Орындаушы
Студент _________________ Иембергенов Е.Б.
Алматы, 2016
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………............ 3 |
1 «AsiaCreditBank» АҚ тарихы, ұйымдастыру сипаттамасы.......................................................................................................5
|
2 «AsiaCreditBank» АҚ қаржылық жағдайын талдау……….......................................................................................................8 |
2.1 «AsiaCreditBank» АҚ активін, міндеттемесін, капиталын талдау....................................................................................................................8 |
2.2 «AsiaCreditBank» өтімділігін талдау................................................11 |
|
Қорытынды………………………………………………….….....................14 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………..................................15 |
Кіріспе
Банк жүйесі – кредит жүйесінің негізгі буыны, нарық экономикасының маңызды құрамдық бөлігі, кредиттік және қаржылық операциялардың шоғырландырылған жері.
Банк жүйесінің мақсаты мен міндеті жалпы экономиканы басқару әдістеріне ұқсас. Бірақ банкілер басқарудың төменгі жүйесі болғандықтан жалпы экономиканы басқаруды қамтамасыз ететін өздеріне тиесілі жеке міндеттерді орындайды.
Экономиканы басқаруға қатысу барысында банктер негізінен экономикалық әдістерге сүйенеді. Ал бұл әдістер экономикалық қатынастарды, қоғамның мүддесін, сұранысын білдіреді, ал осылардың негізінде өндіріске деген мақсат туындайды. Осылайша, қоғамда банк жүйесі арқылы экономикалық мақсат, мүдде туғызу – шаруашылықты экономикалық әдістермен басқаруға қол жеткізіледі. Мысалы, шаруашылықтың әрттүрлі субъектілерін кредиттеу арқылы, банктер олардың сырттан тартылатын қаражаттарға (заемдарға) мұқтаждығын қанағаттандырады. Немесе, банктердің қолма - қол ақшасыз есеп айрысу операциялары ұдайы өндірістің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Уақытында қайтарылмаған кредит үшін жоғары пайызды төлемақы, өсімақы ұстап, айыпбұлдар өндіріп, банктер тек қана өз мүдделерін емес, сонымен қатар осы келісімге қатысушы басқа субъектілердің мүддесін де қорғайды.
Банктерде өзге басқару органдарында болмайтын ағымдағы маңызды ақпараттар жинақталады. Мысалы, банк клиенттерінің қаржылық жағдайы, еңбек ақы төлемдері бойынша қарыз мөлшері, тасымалдаушылармен есептесуге, бюджетке төлемдер өткізуге қаражаттың жеткіліктігі, банк кредитін қайтару мүмкіншілігі, шот иесінде болатын тәуекелділіктер сияқты ақпараттар.
Банктің өтімділігі оның барлық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. Банктің клиентттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы оған сенімділікті жоғалтуға әкеледі. Сондықтан өтімділікке қадағалау жүргізіліп, оған әсер ететін барлық факторлар ескеріледі.
Коммерциялық банктің жоғарғы деңгейде пайда табуына ұмтылыс әдетте оның соңы шығынға алып келу тәуекелімен шектеледі. Сондықтан банк өз қызметінен бір жағынан көп пайда тапқысы келсе, екінші жағынан оның пайда табуына әртүрлі тәуекелдер шығынға ұшырау қаупін туғызады. Яғни банк ісінде тәуекел дегеніміз болашақта болуы мүмкін қауіп – қатерден туындайтын шығынның ақшалай шамасы деп айтуға болады.
Әдетте тәуекел деңгейі жоғары болған сайын, банк ол операциядан солғұрлым көбірек пайда табады. Ал егер тәуекел деңгейі төмен болса, банктің жоғары деңгейде пайда табу мүмкіншілігі де төмендейді. Сондықтан банк қызметінің негізгі мақсаты тәуекелділікті тіпті жойып жіберу емес, керісінше - тәуекелділікті ең төменгі деңгейде ұстай отырып, пайданы көбірек табу. Бұл екі мақсат әрине нарық заңына қайшы. Үйткені нарық экономикасының негізгі ережесі бойынша «үлкен табыс табу үшін үлкен тәуекелділік жағдайында жұмыс істеу қажет».
Болашақ сұраныстың нарықтық белгісіздік жағдайында операциялық қызметті атқару үшін банкке таратылымдық үлгідегі қаражат қажет. Ол үшін жеңіл әрі жылдам шамалы шағын немесе онсыз да нақты ақшаға айналатын активтер болуы керек.
Қазақстан көптеген көрсеткіштері бойынша дамып келе жатқан ел болып саналады және де бұл елдің жоғары саяси және экономикалық тәуекелдеріне сай екендігін біліреді. Бұл тәуекелдер нарықтың барлық қатысушыларына қалайда әсерін тигізетіні белгілі. Әлемдік инвестициялар ғаламдық сипатқа ие болған сайын және елдік тосқауылдар бірте-бірте жойылған сайын инвесторлар өз инвестицияларын түрлі нарықтарға салу тәуекелдеріне компенсациясын талап етеді.
Өндірістік тәжірибесінің объектісі – екінші деңгейдегі банктерінің бірі «АзияКредитБанк» АҚ.
Өндірістік тәжірибесінің негізгі мақсаты – теориялық біліммен тәжірибеден алған машықты нығайтудан тұрады, қазақстандық коммерциялық банктерінің қаржылық жағдайына кеңірек тоқталу.
Аталған мақсатты орындау барысында келесідей міндеттер атқарылады:
Банктің тарихы ұйымдастыру сипаттамасын қарастыру;
«АзияКредитБанк» АҚ активін, міндеттемесін, капиталын талдау;
«АзияКредитБанк» АҚ баланс өтімділігін талдау.
Банктің маңызды тәуекелдерінің бірі бұл өтімділік тәуекелі. Коммерциялық банктің өтімділігі деген ұғымы, банктің өзінің барлық контрагенттерінің алдындағы қарыздық және қаржылық міндеттерін дер кезінде, әрі толық орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. Олар банктің жеткілікті жеке капиталы, актив пен пассив балансының баптары бойынша қажетті мерзімді ескере отырып, қаржыны орналастыру мен көлемін көбейту болып отыр.
