Сурет 5.2 Ағымды көлік жүйесін басқару
5.2 суретте үш конвейер 1-3, екі бункер Б1,Б2 мен шибері Ш бар кейбір басқару ұстанымдарын сипаттайтын сызба келтірілген. Тасымалданатын материал конвейер 3 арқылы екі жеңді сүзгіш арқылы бір конвейерге беріледі. Конвейерлердің бос жүрісі мен құлатылуының алдын алу үшін қозғалтқыштардың іске қосылуын құлыптау көзделген, шибер шеткі ағытқыштар ВК1,ВК2 арқылы бекітіледі. Конвейер 3 материалды конвейерге 1 беру қажет болған жағдайда, шибер сүзгіштің оң жеңін жауып, сол жеңді ашады. Бұл жағдайда контакт ВК1 тұйықталып,ал контакт ВК2 ашық болып қалады. Бірінші болып конвейер қозғалтқышының контакторы іске қосылып, қосалқы контакт КЛ1 арқылы конвейер қозғалтқышының контакторын іске қосады.
Конвейер 3 материалды материалды конвейерге 2 беру қажет болған жағдайда, шибер сүзгіштің сол жеңін жауып, оң жеңді ашады. Бұл жағдайда контакт ВК2 тұйықталып, конвейер қозғалтқыштары бірінен соң бірі қосылады. Конвейер қозғалтқыштарын тоқтату немесе сүзгіштің тиісті жеңін шибер арқылы жабу контакторды ағытып КЛ3, конвейер қозғатлқышын тоқтатады.
Конвейердің электр қозғалтқыштары мен ТТЖ басқару үшін қарапайым реле- контактілі құрылғы қолданылады: электр магнитті контактор (сериясы КТ 64, МТ), кешенді ыдыратқыштары бар автоматты ағытқыштар ( сериясы АП 50, АЕ 2000 ), аралық және шеткі ағытқыштар, басқару пернелері ( типі КЕ 171, КМЕ 5000 ).
Соңғы жылдары үздіксіз көлік механимздерін автоматты басқару үшін әлсіз ток электр құрылғысы қолданылады: шағын өлшемді – реле МКУ-48, телефон және код реле РКН, РПН, КДР- 1, қадамдық іздегіштер, контактісіз құрылғы: индуктивті құрылғы, логикалық элементтер мен құрамдас бөлшектер ( ұяшық, модуль ).
Әлсіз ток құрылғыларын пайдалану басқару қалқандары мен панелдерінің өлшемдерін қысқартуға мүмкіндік береді, жалғау өткізгіштері шығынын төмендетеді, басқару тізбектерінің қуатын қысқартады, қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттырады, себебі бұл жағдайда кернеу 48-60 В. Контактісіз құрылғы тасымалданатын жүктерді басқару, белгі беру мен тіркеу, тізбектерге күшті элементтерді жинақтау үшін қолданылады.
Конвейер мен ТТЖ қашықтықтан және орталықтан басқару үшін телемеханика құралдары мен басқаратын электронды машиналар кеңінен қолданылады, олар цехта қажетті бөлшектердің болуы туралы белгі беріп, жүктерді тасымалдау мекен-жайының өзгеруі туралы бұйрық береді.
