Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет МЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
631.84 Кб
Скачать

Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (Аягөз, қайда барасың?)

Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді,

Аягөз қайда барасың?..

Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып.

Ағының тасты ағызып,

Арнаң қалды осылып.

Күркіреген үніңнен

Аңдар қашты шошынып.

Қырға суың тарады,

Ойға суың барады

Тоғанменен тосылып.

Аягөз сенің бойыңда

Несібе ырыс тегіс қой,

Сай-салаң толған жеміс қой

Қырың малдың кіндігі

Ойың өнім егіс қой.

Айтуға ауыз келе ме

Аягөз кімнің жері еді?

Жер сауырын жайлауды

Ел сауыры дер еді

Жер кімдікі дегенде

Аға сұлтан қазылар

Не деп жауап береді....?

"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.

Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

  • 1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, АттиллаЕр Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

  • 2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

  • 3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).

Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған.

Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.

Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.

Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):

  • 1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;

  • 2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;

  • 3) батырға тән балалық шақ;

  • 4) алғашқы ерлік;

  • 5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);

  • 6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);

  • 7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.

Батырларға тән ерліктер:

  • 1) жаудың шабуылы туралы хабар;

  • 2) жорыққа аттану;

  • 3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);

  • 4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;

  • 5) жеңіспен елге оралу.

Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:

  • 1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);

  • 2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;

  • 3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;

  • 4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;

  • 5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;

  • 6) той.

Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”, “Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І сюжеттің төңірегіне топталады. Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі (контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған. Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да, бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді. Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те болған шындық деп қарайды. Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп, “ішкенге мас, жегенге тоқ” жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да, батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да — осы қалыпты өмірдің бұзылуы. Батыр — бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең — айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той — сол жақсылық атаулының жеңіс мейрамы.

Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар:

  • 1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, “Алпамыс” жырында — қоңырат, “Қобыланды” эпосында — қыпшақ заманы;

  • 2) ноғайлы дәуірі.

Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол бейнелейді. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларында сюжеттердің толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді. “Қырымның қырық батыры” сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып, бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған. Батырлық жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі. Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар УәлихановРадлов,Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов]], т.б. болды.

Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”, “Тоқтамыс”, т.б. эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”, “Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды. XX ғасырдаСәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. 1950—1960 жылдары тұңғыш рет эпостың ғыл. мәтінін жариялау жұмысы жүзеге асты, сөйтіп “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1959), “Қамбар батыр” (1959), “Алпамыс батыр” (1961), “Қыз Жібек” (1963) жырларының академиялық басылымдары жарық көрді. Осы кезеңдерде батырлық жырлардың төңірегінде идеологиялық айтыстар да өрбіді.

20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы,поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.[3]

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.

Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.

Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт  ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі..."—дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.

Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салықпен шектелмейді. Бұлардың озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан алып қашпа сөз гулейді. Үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайьш шошытады: "Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: "мал сенікі емес"деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды. айтсайшы, бәрінен де масқарасы — әйелді ортаға салады білем. Неке болмайды дейді. Әйел мен еркекті нөмірлейді дейді". Міне, осындай жағдайда ауылдың момын шаруа адамдары неше түрлі машақатқа түскен. Автор Оспан деген қарапайым адамның отбасында осы тұста болған мінездерді бейнелейді. Үй иесі Оспан да, әйелі Шәрипа мен қызы Ұлбосын да түрлі толқуларды бастан өткереді. Бұрын қызын кешке қарай үйінен шығармайтын Шәрипа, "әйел мен қыз ортаға түседі" дегенді естігенде, қызын тезірек күйеуге беруді ойлайды. Ақыры Шәрипа қызы Әбулақап деген мұғалімге қосылғанда ғана тыным табады.

Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, "кішкентай" фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.

Б. Майлиннің бірсыпыра шығармасында топас белсенділердің ұнамсыз бейнелері жасалған. Өздері ештеңенің жөн-жосығын түсінбесе де, мансапқа қызығып, көп нәрсені бүлдіреді. Ондайлар "шаш ал десе, бас алуға әзір", айқайға, зорлыққа үйір. Отызыншы жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда орын алған нәубетке жандайшаптар айрықша себепкер.

Жазушының "Арыстанбайдың Мұқышы" деген әңгімесінде сондай "белсенді" алаяқтың тұлғасы қашалған. Көпшілік жұмысында қамқоршы больш көрінгісі келетін, бірақ өз құлқынан басқаны ойламайтын, пайда үшін кімге де болса жала жабудан тайсалмайтын, жұртшылыққа бүйідей тиген Арыстанбайдың Мұқышын жазушы былайша таныстырады:

"Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де  қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар: қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.

— Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік,—деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.

— Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын!—деп белсенділік көрсететіні де бар.

Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:

— Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын!—деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.

Осының бәрін жаудырса, "Мұқыш осы екен ғой",—деп, өзің де қол қоясың.

Ал "төртбақ, теке көз, шалбар бет қара", ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні де сондай нысаналы. Одан әрі Мұқыштың "қызмет басындағыларды" әбден ығыр қылған екі-үш ауыз үйреншікті жәдігөй  сөзі мынау "сені көруге құмармын", "жұмысыңа дайынмын", "белсенді кедеймін". Шынында, Мұқыш, әкесі Арыстанбай секілді, күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны — ғайбат; көксегені — ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор. Мұндай алаяқ бұрын да болған, қазір де бар. Жазушы сондайлардың өз кезіндегі бір типтік бейнесін жасаған.

"Шұғаның белгісі" хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді...

Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!

Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: "Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады". Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.

Әрі қарай "біз" дегеннің бірі — автор, екіншісі — "отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам" — Қасымжан деген "сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр" кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының "жүргіштеу... жортақтау" болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады...

"Жел артымыздан еді" деген де алдағы әңгіме қызығына асықтырғандай әсер етеді.

Ал әншейін ғана: "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" дей салғаны да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" "сөзді бастап та жіберді": "Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... онда бірдәурен...иә... бұл елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып, тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де "Шұғаның белгісі" атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. ... Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді.... Ортан қолдай төрт ұлы болды—шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе, Шұға  ! Шұға, өй, шіркіннің өзі келбетті-ақ еді..."

Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.

-       Мынау аттан түсіп жатқан кім?—деді Шұға.

-       Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім:

-       Әбдірахман ғой, — дедім.

-       Әбдірахманың кім?

-       Қазақбайдың баласы.

-       Иә, әлгі учителъ баласы ма?

-       Иә.

-       Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.

Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді..."

Бұл шағын үзіндіден Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен есті дегдарлығын сыртынан естуі бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен жарыса жан түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы ұшқыннан өрбитінін аңдап, жалғасына ынтыға түсеміз.

Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте трагедиялық сипат алып, бүкіл хикаяттың отты өзегін құрайды. Шұғаның да, Әбдірахманның да оқырманды қатты сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары нәзік те терең ашылады.

Шұға — сертіне берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей қастерлеген нұрлы сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай күресудің жолын да білмейді, сондықтан ызасы мен наразылығы ішкі күйігіне айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.

-       Жайың қалай, тәуірмісің?—дедім.

— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. — Тәуір емеспін. Тәуір болуды

тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.           

— Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен...

—... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.

—  Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр.

Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.

"Біз ауылға жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре басып жандарына келгенімде: "Құдай рақымет етсін!.," деп беттерін сипап, бата қылысты. Мен аң-таң болдым, Айтбай маған қарап:

Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, — деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың бәрі де бастарын шайқасты:

Өй, Шұға десе,Шұға еді-ау!..—десті".                         

Ал енді осы Шұғаның үзілер алдында Әбдірахманды шақырып қалдырған арыздасу хатын оқып көрейікші: 

... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!.. 

Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.

Біз онымен іштей күбірлеп қоштаса тұрып, алғаш рет қалай кездескенімізді есімізге түсіреміз:

Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!"

Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар еді ғой... "Апырмай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды".

Ал осы ару Шұғаның әсем үні, тәтті лебізі қандай еді? Асыл текті нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге жоқ асыл зат жан еді-ау. Аузынан шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде ұялап қалған. Әбдірахманды алғаш көргенде-ақ Шұға жүрек түбінде бүлк еткен бір ыстық толқынды жасыра алмай: "Жап-жас жігіт екен ғой", — десе, айдалып бара жатқан Әбдірахманға жолдан кездесіп қалғанда: "Қош, қалқам, калқам! — деп, кемсеңдеп, жылап отыра кететіні бар еді-ау". Ақырғы демі таусыларда, Әбдірахман "жаным шығарда: "Шұғам!" — деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер ем", — дейді. Осы үш үзік лебіз Шұға бейнесін даралай, ажарлай түседі, мұндай аз сөзді, ыстық сезімді, терең мәнді мәнер тек Шұғаға ғана лайық, Шұғаға ғана жарасатындай. Дүниеден озған аяулы жан туралы, бір күрсініп алып, біз де енді: "Өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.." — дейміз.

Хикаянның басты қаһармандарының бірі — Әбдірахман бейнесі де ескі қазақ ауылынан шыққан көзі ашық, көңілді сәулелі оқыған жастардың келбетін танытады.

  "Шұғаның белгісі" — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Біріне-бірі себеп, бірінің-бірі салдары болып жымдасып келген оқиғаларының шынайылығы мен тартымдылығы, шұрайлы да суретті тілінің сиқырлы мәнерлілігі, әсіресе махаббат бостандығын аңсап әлеуметтік теңсіздікке қарсы шыққан Шұға мен Әбдірахман бейнелерінің айырықша сүйкімділігі мен сәулеттілігі, сондықтан да олардың тағдыр-талайының трагедиялық әсерлілігі хикаяны көркемдік-эстетикалық деңгейі ең биік туындылар қатарына қосады.

Драмалары. Шамамен, XX ғасырдың алғашқы ширегінде қатарласа қалам сілтеген өзінің дарынды замандастары сияқты, Б.Майлин де бір емес, бірнеше жанрда өндіре еңбектенген әмбебап суреткер. Бұл өзі жалпы, жас, жазба әдебиеттің әлеуметтік күшті сұраныс жағдайындағы қалыптасу дәуіріне тән сипат болса керек. Өзі отына күйіп, суығына тоңған, кім-кімнен де артық болмаса, кем білмейтін және поэзиясы мен прозасында суретті шежіресін жасаған өмірді "жанды қалпында" көрермендер мен сахна арқылы беттестіру өзіне де қызық көрінген. Оның үстіне, әсіресе прозасындағы тұрмыс суреттері мен типтік кейіпкерлері қатты кызықтыратын оқырмандар оларды сахнадан көргілері келгені анық.

Осылар түрткі болған еңбекқор талант бұл жанрда да кұлшына қалам сілтейді, соның нәтижесінде қазақтың жас драматургиясына саны жағынан да, көркемдік құндылығы (жанрлы сапасы) жағынан да сүбелі үлес болып қосылған туындылар береді. Олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны жағынан елеулілерінің ұзын саны 10-нан асады. Олардың ішінен "Шаншар молда", "Ауыл мектебі", "Неке қияр", "Амангелді", "Көзілдірік", "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан" тәрізді көп актілі комедиялар мен драмаларын бөліп атауға болады.

Майлиннің шығармашылық стиліне тән мысқыл мен сықақ күлкі әсіресе оның драматургиялық кейіпкерлерінін сатиралық толық қанды бейнесін жасаудың таптырмас кұралына айналады. Өйткені Бейімбеттің күлкісі де, мысқылы да өмірдің шынайы шындығынан, өрескел, керағар үйлесімсіздігінен туады. Мәселен, "Талтаңбайдың тәртібі" комедиясын альш қараңыз. Туындының атынан-ақ, кісі есімі болса да, Талтаңбай сөзі мен тәртіп сөзінің тіркесінің өзінен-ақ өрескел сорақылықты бағамдаймыз. Жөні түзу, түйсігі бар адам талтаңдамайды, Ақылы жоқ ақымақ, көргенсіз делкұлы ғана талтаңдайды. Ал біз танысқалы отырған көргенсіз, ұрда-жықтың аудан берген өкілеттілігі бар. Екі сөздің басын жөндеп кұрай алмайтын, жазған  мәнін өзі де жөнді түсінбейтін және тілі де келе бермейтін орыс сөздерін араластырып, ата-бабасында көріп, білмеген, естімеген колхоз дегеннен шошып, үркіп тұрған елдің зәресін ұшырады, асқағын ашса болды, тіліне "темпу, саботаж, лодыр" деген сұмдық сөздер оралады, онымен де қоймай: "құқ", "түрмеге тық!-" деп бейкүнә, момын жұрттың басына әңгір таяқ ойнатады.

Ұлы Абай: "Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал" деген ғой, Талтаңбай Талтаңбаевтың " үдетпелі жоспарды жиырма төрт сағат ішінде орындау үшін не істеу керек екенін жұртқа "түсіндіргенінің" сыйқы мынау: "Талтаңбаев (үстелге сүйене тұрып); Жолдастар! нағыз тәртіп беремін, үдетпелі жоспар жиырма төрт сағат ішінде орындалады, понятно? Оның үшін не істеу керек? Вот былай істеу керек: мәселен, үй салса, оның алдымен төрт аяғын тұрғыза ма? Төрт аяғын тұрғызады, яғни қадайды. Понятно? Сосын стенасын қалайды. Сонан крышасын покрывать қылады... Понятно? Бұл да сол: алдымен төрт аяқтан бастау керек. Орысша айтқанда низ дейді. Нағыз опасность низда жатыр, понятно? Бір кітаптан оқығаным бар... Ымм... да вот былай: "капиталистическое хозяйство өрбиді дейді, — низдан, понятно? Сонда Парыз деген өтірік белсенді: "Пай, пай, пай, пайым-ай!"—деп қолпаштаса, Талтаңбаев одан сайын еліріп: "Соның үшін мұның низін қопарып, тамырын жұлып, е... сүйтіп нетпесе, е... Бұл қаулап жанған өрт болып, өрт пожар... Бұл солай болады, понятно?"

Ол осы сандырақтарымен-ақ өзінің қуыс кеуде, бейбастақ надан, елдің сорын қайнатқан содыр екенін көрсетіп тұрған жоқ па?

Академик 3. Қабдолов Талтаңбай образына талдау жасай келіп: "Жоқ, Талтаңбаев — жай ғана "шолақ белсенді немесе "зиянсыз мылжың" емес, әлеуметтік жағынан қауіпті, жауапсыздығы жауыздыққа ұласқан зиянкес. Оның "шаш ал десе, бас алатын" әпербақандығының арғы жағында саяси бұзақылық жатыр. Қай кезде де түсін өзгертіп, тонын айналдырып шыға беретін бюрократизм, валюнтаризм, тағы басқа кертартпа "измдер" осылардан өрбиді... " — дейді. Шынында да, Кеңес заманының түрлі кезеңдерінде халқымыз бастан кешкен зұлматтар коммунистік, таптық саясат тайраңдатып қойған көрсана Талтаңбаевтардың "күш-жігерінің" арқасында өте ауқымды, өте қасіретті болғаны белгілі.

Екі перделі "Неке қияр" пьесасы драматургтің бұл жанр ерекшелігін игеру жолындағы елеулі табысы деуге болады. Пьесада әр кейіпкер өзінің дара-дара мінезімен көрінеді. Әрқайсысының іс-әрекеті де, сөзі де өз бойына қонымды.

Әсіресе мінезді саралап, образ сомдауда үлкен шеберлік танытады, кейіпкерлер даралана, ірілене түседі. Пьесаның мазмұны қыз айттырудан неке қию төңірегіндегі ырым-жырымдарымен қоса алынған көне салттың көлеңкелі жақтары десек, соның бәрін, атынан да көрініп тұрғандай, Ылаңбайдың (бас кейіпкер) іс-әрекеті, сойқанды қылықтары арқылы көрсетеді.

"Драмалық ірі серпін". "Майдан" — тек Майлиннің ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының ірі табысы саналатын драма. Таланттың қадір-қасиетін тануда алдына жан салмайтын көреген М.Әуезов бұл пьесаны кезінде "драмалық ірі серпіннің басы" деп бағалаған.

Драманың мазмұнына аты шулы ұжымдастыру кезеңінің оқиғалары алынған. Ұжымдастыру әсіресе қазақ елінің тарихындағы зардабы осы күнге дейін жойылып бітпеген, жұрт дұрыс айтьш жүргендей, аса қасіретті нәубет болатын. Өкіметтің кедейлерді байларға (іс жүзінде күн көрістігі бар орташа ауқаттыларға) жауықтыра айдап салуы, науқанды зымиян саясат қолтығына су бүріккен көрсана, ұрда-жық белсенділердің құтырына қоздыруы қас қағымда елдің ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесі мен өмір салтының астан-кестеңін шығарды. Ел тозды, қара жұрт қаңырап қалды. Бай дегеннің мал-мүлкі түгел тәркіленіп, өздері абақтыға қамалды немесе байланып-маталып ит жеккенге айдалды. Жалған жала жабылып, атыльш-асылды. Бұл нәубеттің ақыры бұрын-соңды болмаған жаппай ашаршылыққа ұласьш, халықтың жартысынан көбі қара шыбындай қырылды. Нәубеттен үріккен халықтың бір бөлігі жаяу-жалпылы шекара асып, жат жұртка кіріптар болды.

Ал кеңес өкіметі беті бүлк етпестен өзінің бұл сойқанды ісін кеңес халқының жеңісі деп бағалап, жазушылардан солай етіп көрсетуді талап етті. Бірақ Бейімбет сияқты талантты реалист суреткерлердің туындысы, объективті түрде, сол кезең өмір шындығының көркем бейнесі, әдеби ескерткіші болып қалды.

Пьесаның басты кейіпкері — кешегі жалшы, колхоз басқармасының төрағасы, коммунист Досанның іштегі өзімен-өзі сөйлесіп, ой өрбіткен жерін оқып көрелікші: "Досан (кереуетке отырып, үңіліп оқиды): "Атам, атан, алды!.." (Күлімсіреп). Бір ай оқығанда кәдімгідей танып қалғанымды қарашы... (Тағы оқиды). "Асан қалқозға жазылды" (Басын көтеріп). Мен сияқты біреу-ау, ә? Қатынымен ризаласып жазылды. ма екен, әлде, мен сияқты жасырынып жүріп жазылды ма екен?.. (Ойланып). Жасырынды демекші: мен қашанғы жасырынбақшымын осы? Қалқозға кірген соң малды бірлестіру керек. Іспектің басына: "Досан Қалабаев, бір ат, бір сиыры бар" деп жаздырып та қойдым. Ерегіске кеткенде, ала атқа билігім келер, қара сиырды қатын бермей жүрсе, қайтем? Жұрттың қатынындай қай бір сөзге көне қоятын адам ол. Мен бірдеме айтсам, арс етіп беттен ала түседі.., Оңбағыр, кім көрінгеннің тіліне еріп... Әй, үйі күйгір  Мамық-ай, біздің қатынды бүлдіріп жүрген, дәу де болса, сен- ау..,"

Осы үзіндінің өзінен-ақ қолдан өршітілген тап тартысы, ұжымдық шаруашылық жайындағы бұлдыр түсінік, бір-бірімен аңдысып-арпалысқандардың амал-айласы, ниет-пиғылы, т.б. анық аңғарылады.

Досанның әйелі Пүлішті азғыратын Мамық кемпірдің (байдың бәйбішесі) сөзі мен ісі де колхозға шошына қарағандардың бәріне тән шындық. "Мамық (қолын сілкіп): Сұрама, келін, бойыңнан түңілесің. Құдай басқа бермесін де! Салқоз болғандарды көретіндері сол ғой... (Тыржия түседі)."

Пүліш (ынтығып, Мамықтың жанына жетіп келеді): Айтшы, шешейеке, о не?

Мамық (төне түсіп): Мынадай масқарасы бар, келін-ау: Салқоз болғандарды нөмірлейді дейді; сауырларына таңба басады дейді; нөмірі тура келген еркек пен әйел жүре береді, — дейді...

Пүліш (бетін шымшып): Бетім-ау!.. (Аңырайып көпке қарайды).

Мамық (тағы төне түсіп); Одан да масқарасы бар: салқоз болғандардың бәрін бір көрпенің астына жатқызады,—дейді.

Бұл колхоз туралы қарабайыр түсініктен гөрі, оған деген өшпенділіктің белгісі.

Пьесада колхозды жақтаушылар мен жазғырушылардың ғана емес, екі ұдай түсінікте, екі ортада әрі-сәрі күйде болғандардың да шынайы бейнелері бар.

Әрине, сол кездегі кеңес адамдарының басым көпшілігі сияқты, Б. Майлин де колхозды кедейлер жағында, коммунистік көзқарас тұрғысындағы түсінікпен суреттеді. Бірақ жасанды өмірді емес, шын өмірді көрсетті.

Колхоз бастығы Досан, ауыл кеңесінің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, орнатылып жатқан жаңа тұрмысқа тіс-тырнағымен қарсы Бекболат бай, оның айлалы әйелі Мамық, осылар жағындағы алаяқ Көдебай, екі арада теңселген кедей Әліш, "кедейдің кербезі" Пүліштердің өзара тартысы, өзіндік тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі елес береді.

«Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы»

(конференция)

Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыиу. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: оқырмандар конференциясы.

Жоспар.

Кіріспе сөз

1.«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»

2. «Жазушы келбеті» (Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу)

3.«Көркем шығарма ізімен» (пікір алмасу)

а) Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы»

б) «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсету.

Қорытынды.

«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»

 Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген» атты оқырмандар конференциясы.Енді осы конференциямызды бастайық.