Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін-өзі тану шпор (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81 Кб
Скачать
☆

4.«Тарихи жады» ұғымының мәні.

5.Қазіргі заманғы ата-ананың ерекшелігі.Жас ұрпақты осы тұрғыдан тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, “Баланың бас ұстазы ата – ана”. Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние жүмбақтарын танытып, тағлым – тағлымға, әдептілікке баулиды. Себебі отбасы – таным бесігі, отбасы өркениет ошағы, отбасы – үлгі өнеге бастауы. Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы, дұрыс қарым – қатынасы арқылы балаға үлгі. “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі”, “Әкеден ақыл, анадан мейрім” алады. Отбасына “Әке-асқар тау, ана бауырындағы – бұлақ, бала –жағасындағы құрақ” болып есептеледі, ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды. “Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді”. Бірлігі мен тыныштығын, қамқорлыққа, мейрімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап, жанұя мүшелерінің көтерінкі көңіл – күйде болуын қамтамасыз етіп отыру керек. Осылайша, жанұя мүшелерінің бір-біріне деген сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі, “Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі”, - деп тегін айтылмаған.Ата – ана баланың күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, көмектесіп, кездескен қиыншылықтарды жеңуге қол ұшын беріп отыру арқылы еңбек дағдысының беки түсуіне ықпал етеді, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа үйренеді. Олар баланың өзін-өзі тәрбиеленуіне басшылық етіп, айналасындағы адамдардың жағдайымен, талап – тілегімен санасуға үйретеді, отбасында баламен жеке – дара тәрбие жұмыстарын ( әңгіме, үгіт – насихат, түсіндіру, т.б.) Ата – ана баланың материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырып, талап – тілегімен, пікірімен санасып отырыса, олардың арасындағы қарым – қатынас сыйластыққа, сенімге негізделеді де әке – шешесін жақсы көру, құрметтеу сезімін дамыта түседі. “Бақыттың басы баладан” сияқты аталы сөздер қыз бен ұл тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін байқатады. Атап айтсақ: адамдар арасындағы дұрыс қарым – қатынасы, екі жақсы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, дарқан қонақжайлық, көлкөсір мейірман достық, жомарттық, кеңпейілдік, адамдарға ілтипат, ізет көрсету, сөз өнерін құрметтеу, табиғатты қастерлеуге баулыған.

6.Педагогтің кәсіби өзіндік санасы.Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.

7.Адамның тұлғалық қалыптасу үдерісіндегі мәдениеттің рөлі. Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі ертеден-ақ дәлелденген. Бұл туралы психолог, педагог ғалым Л.С. Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам- әлеуметтік ортаның негізгі бір құрамды бөлігі деп есептейді. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып қалған, ешнәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым-қатынаста болатындығын айта келіп, орта, сайып келгенде, адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі де, адамға әлеуметтік тәжірибесімен табиғи ықпал жасайды деген пікірді ұсынады. Л.С. Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым-қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгермелі жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын дәлелдейді.Сонымен Л.С. Выготский әлеуметтік орта сансыз көптеген әртүрлі қырларымен, құрамды бөліктерімен үнемі үздіксіз диалектикалық тұрғыда дамып отыратын динамикалық үрдіс деп тұжырымдайды.Бұл пайымдаудан адамның ортамен қарым-қатынасы жай ғана қарым-қатынаста емес, белсенді іс-әрекетті сипатта болатындығын, сонымен қатар әлеуметтік орта үнемі адамның дамуына үйлесімді бола бермей, қарама-қайшылықтарда да өмір сүретіндігін аңғаруға болады.Осыған байланысты қазіргі кезеңдегі әлеуметтік тұрақсыздық жағдайындағы орта мен адам арасындағы байланыс бұл тек қана әлеуметтік маңызды мәселе болумен бірге, педагогикалық көкейтесті мәселеге айналып отыр. Болашақ ұрпақты қазіргі өте бір қысылтаяң экономикалық, әлеуметтік қиындық жағдайында, қарама-қайшылықты кезеңде өзіндік мәні бар әлеуметтік мәдениет тұрғысында тәрбиелеу- өркениетке бағыт алған тәуелсіз мемлекеттің өзекті мұраты.

8.Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі.Кәсіби табысқа жету – өздігінен дамуда табысқа жету деген сөз. Ішкі өмірдегі оқиғаларға мынаны жатқызуға болады: адамның жаңа талпыныстары, жаңа ойлары, өз жеке тұлғаңның жаңа қырларын ашу, өзіңнен жаңа қасиеттер табу және керісінше өзіңнен жиіркенетін қылықты табу т.б.. Осы үш бөлік бір-бірімен өте тығыз байланысты топ құрайды және адамның өміріне өзгеше ерекшелік, бір адам бір адамды қайталамайтын жекешілдік беріп тұрады. Осы арқылы біз әр адам өзіндік тұлға, әр адам өз өмірінің авторы деп сенімді түрде айта аламыз. Өздігінен даму мен өмірлік жол бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлардың ортақ және өзіне тән ерекшеліктері бар. Өзін-өзі тану нәтижесі ретінде өзіне деген эмоционалды құндылық қатынасы бойынша төмендегідей тұлғаның компоненттерін айтуға болады. Олар ұқсастық, өзіндік қабылдау және өзін сыйлау.А.А. Крылов бойынша тұлға өзін жоғары бағалауы, өзіне қатынасы, өз жетістіктеріне, өзін мақтау. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болғанда, адам өзін жақсы көруі төмендеп, ішкі қақтығыстардың бар болуы, ал өзін-өзі сыйлауы жоғары болса, өзгелерге кемсіту көзқараспен қарауы өзіне сенімділік, эгоцентризм және өзіне жағымды жақтарды ұстануы мен талаптану, шынайы жетістікті салыстырмен қалыптасады.

9.Ұлттық сәйкестік туралы түснік.«Ұлттық сәйкестік» түсінігін әлеуметтік және психологиялық әдебиеттерде XX ғасыр ортасында кең қолданыла бастады.Ең алғаш оны американ әлеуметтанушысы 1953 жылы Р.Рисман қолданды.Ұлттық сәйкестік – нақты бір ұлттың жа­һандану жағдайында бәсекелестікке төтеп беру қабілеті және сол бәсеке­лестікте тірек ететін ұлттың күш-қуа­ты.

10.Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар: 3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады. Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен байланысты дағдарыс.

Қабілет сияқты өзін-өзі тану қабілетін де дамытуға болады. Бұл үшін не қажет? Біріншіден, өзін-өзі тануда позитивті мотевацияны қалыптастыру керек; өзін-өзі тану механизмнің негізгі потенциалын толық қолдану керек – ұқсастыру және рефлексия; Рефлексия – психикалық құблыстардың мәнін тани білу қасиеті. Өзін-өзі танудың ерекше әдістері - өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тегістеу және тағы басқалар. Тұлғаның белсенді болуы оның қажеттілігіне байланысты. Қажеттілікті кең мағынада қарастырсақ – бір нәрсені қажетсіну, ал тар мағынасы - өмір сүрү жағдайында адамның тәуелділігін көрсететін жағдай. Тану қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған шындық, әлем болып табылады. Осы қажеттіліктің қалыптасуынан адам болып қалыптасты. Еңбек, қарым-қатынас қажеттілігінсіз тану мүмкін емес. Өзін-өзі танудағы қажеттілігі өздігінше емес, басқа қажеттіліктермен бірге жүзеге асады, яғни Мен қажеттілігімен. Ең маңыздылары: Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі, бұтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі ұқсастыру қажеттілігі, өзгелерге өзін мақұлдату қажеттілігі т.б. Кейбір адамдарда негитвті қажеттіліктер даму мүмкін, оның белсенділігін мүлдем басқа жақа бағыттайды. Мысалы: өзін-өзі жою қажеттілігі, яғни өзінің мүмкіншіліктерін төмендеуге ұмтылу, өкпелеу, сынды қабылдау дайындығы, жазалау, бақытсыздық және оған қуану. Мұндай қажеттіліктердің туындауынан тұлғаны әртүрлі патологиясына алып келеді.Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі өзінің жеке талаптарына жоғарыда болу тенденциясымен қамтиды. Бүтіндік Мен қажеттілігінде бүтіндікті құрастыруға ұмтылыстығын білдіреді. Барлық осы қажеттіліктер бір-бірімен тығыз байланысты,бір-бірлерін өзара толықтырады. Бүтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі сыйлау қажеттіліктер мен т.б. бар болуы өзін-өзі тану қажеттілігін арта түседі.

11.Тілдесу мәдениеті. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

12.Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат - таным процесінің дамуын сипаттайтын және бұрын танылған және ғылымның дамуы барысында танылатын нәрсе арасындағы;

біздің алған біліміміздің құрамындағы нақтыланатын немесе жоққа шығарылатын нәрселер арасындағы қатынастарды ашатын категориялар.

Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

13.Өзін-өзі дамыту тетіктері: өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы.Р.М. Жақыповтың айтуынша, өзiндiк тану, өзiндiк сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiн-өзi танытуының алғы шарттары болып табылады.Өзiн-өзi танытанын тұлғаның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi белсендiлiк. К.А. Абульханова көзқарасы бойынша, белсендiлiк - бұл тұлғаның қажеттiлiктердi, қабiлеттердi, өмiрге қатынастарды және қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негiзiнде тұлғаға ғана тән, өмiрдi ұйымдастыру, реттеу және өзiндiк реттелу тәсiлi .А.А. Бодалев белсендiлiк және оның құрамдас бөлiктерi тұлғаның өзiне-өзi сенiмдiлiк сияқты мiнездемесiмен тығыз байланысты деп көрсетедi. Сондықтан өзiн-өзi танытатын тұлғаның маңызды қасиетi өзiне сенiмдiлiк проблемасы отандық психологтармен аз зерттелiнген. Шетелдiк психологтар тұлғаның бұл сипаттамасын теориялық және эксперименттiк түрде зерттеуге тырысты. Бiрақ, алғашында ол психокоррекция мәселелерiмен байланысты зерттелiндi. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның невротикалық симптоматикасына әкеледi. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау, емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты .Жеке адамның қайнар көзiнiң белсендiлiк көзi - қажеттiлiк. Қажеттiлiк кең мағынада - бұл мұқтаждық, ал тар мағынада - қалып, яғни адамның жағдай тәуелдiлiгiнiң көрiнiсi. Қажеттiлiк биологиялық және әлеуметтiк болып бөлiнедi. Биологиялық қажеттiлiкке – су, жылу, ауа, тамақ, сексуалды қатынас т.б., ал әлеуметтiк қажеттiлiктiң негiзi - еңбек ету, тануда, қарым-қатынас, жетiстiкке жету т.б. Өзiн-өзi тану процесi ретiнде көрiнiс бередi және оның түп негiзiнде қажеттiлiк жатыр, ол өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк деп атауға болады. Өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк - бұл тану қажеттiлiгi. Ол «Мен» қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға жататындар: өзiн-өзi сыйлаудағы қажеттiлiк, өзiн теңестiрудегi қажеттiлiк, өзгелердiң көзқарасы бойынша өзiн мойындау т.б.

14.Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру үдерісіндегі өзіндік сана-сезімнің рөлі. Тұлғаның ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді.Сондықтанда сана сазімге байланысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген.Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В.В.Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп,жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды.Б.Г.Ананевтің Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.

15.Жалпыадамзаттық құндылықтар және адами тұлғаның болмысы.Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған .Тәрбие иен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық. Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.

16.Әртүрлі діндердің ізгілікті негіздері. Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

17.Абсолюттік жалпы адамзаттық құндылықтар.Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.Негізгі бес абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.

2.Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

3. Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.

4. Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.

5.Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.

Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.

18.Педагогикадағы сүйіспеншілік.Қазіргі таңдағы көкейкесті тенденцияның бірі – білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы, ізгілендіре оқыту, тәрбиелеу болып табылады. Яғни білім беруді ізгілендіру –педагогикалық теорияның негіздерін ізгіліктік (гумандық) көзқарастар жүйесіне негіздеу, оқыту мен тәрбиелеудің мақсат, міндет, әдіс-тәсілдеріне ізгіліктік тұрғыда келу мәселесі күн тәртібінде тұр. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің негізгі мақсаты тұлғаның оқу, кәсіби және жалпы өмірлік іс-әрекет субъектісі болуына көмектесу болып табылады.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерінің 70%-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ» делінген.Бұның өзі оқушылардың өзін-өзі, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін танымауынан, білмеуінен деуге болады.Ж. Аймауытовтың «Адам өзін танымаса, өзгені де танымайды» деген пайымы осыған дәлел бола алады. Педагог, психолог-ғалым Ж.Аймауытұлы тәлім-тәрбие саласында адам тек қана белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі ғана емес, ең алдымен – тұлға. Тұлға – қоғамда өзінің орны бар, ерекше қасиет иесі. Оның ұлттық тәлім-тәрбие ісін дұрыс, тиімді ұйымдастыру мен шешуде жеке тұлғаны қалыптастырудағы зор маңызы бар екенін айтады. Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен ұлттық колоритке (нақыш) толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнті еткен, қазақ жантану ілімінің көшбасшысы ретінде танылған Ж. Аймауытовпен қатар, оқу-тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық психоло­гияға ерекше ден қойған М.Жұ­мабаевтың еңбектерінің мәні зор. Ұлттық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген педагог М. Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарының бірі де – бала тәрбиесі мен тұлға мәселесі. Осыған орай, педагог «түзу адам», «жетілген адам» туралы айта келіп, бұл оның пішін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, нақты ісінен байқалады, бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезді екенін білуге мүмкіндік береді. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Тұлға – сан қырлы, мазмұны да, табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу, дамып жетілу үдерісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады, деп тұжырымдаған.

19.Педагогтың оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуі.Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында, «Білім» Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарға негізделген.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі тиіс екенін айырықша атап өтті . Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды.«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.

Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім мәселелеріне байланысты ескеріледі:

1. Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды, осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы пайда болады;

2. Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;

3.Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;

4.Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы «жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта болмауы;

5. Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа тәрбиелік мәселелер арасында.

Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет, яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін . Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.

Бала мен ересектің әрекет мәні бала мәселесін туындыратын шарттар болады. Олардың мақсаттары:

Осы шарттарды айқындау;

Талдау және дифференциялау;

Мәселені шешу үшін тірек болатындарын ғана ресурс ретінде қолдану;

Мәселені шешуге кедергі жасайтын жағдайларды жою бойынша қызметті жобалату.

20.Педагогтың дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарлары.Педагог – бұл барлық жастағы балаларға оқу-білім және тәрбие беру тәжірибесімен үздіксіз айналысатын тұлға. Педагогтың тәжірибелі маман ретінде кәсіби қалыптасуының аспектілері психология және педагогика ғылымында оның тұлғалық, сапалы іскерлік қасиеттері, кәсібилік және кәсіби құзіреттілігі арқылы қарастырылады. Педагогтың кәсіби қалыптасуы оның бойында интеллектуалды, (кәсіби білімі және тәжірибе) эмоционалды, (эмоциялық сезімі) іс-әрекеттік (іскерлік даярлығы, өзін-өзі ұстай білуі) рухани-адамгершілік (құндылық бағдары,мәдениеті) мәдениетінің дамуы ретінде қарастыру қажет. Педагогтың кәсіби мәдениеті –интеграциялы түсінік, ол оқытушының жалпы мәдениеттілігінің белгісі ретінде оның өз қызметін атқару барысында кәсіби сапасы арқылы көрінеді.Адамзат қоғамы рухани дүниесіз өмір сүре алмайтыны бәрімізге белгілі. Ал оқытушы-педагогтың рухани дүниесінің бай болуы оның сыртқы қоршаған ортамен үйлесімділікте болуын қамтамасыз ететіне ешкімнің таласы жоқ болар. Қазіргі уақытта елімізде өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге баса мән берілуде. Біздің мемлекетте бұл жауапты міндет негізінен білім беру мекемелеріне жүктелген. Оның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына бала кезінен ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық секілді рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіре отырып жан-дүниесі бай, терең ойлы, жауапкершілікті сезінетін қоғамның толыққанды азаматын қалыптастыру. Адамның рухани дүниесінің жан-жақты болуы оның қоршаған ортаны жоғары интеллектуалды және эмоционалды тануына мүмкіндік береді.

21.Ұлттық сәйкестену және толеранттық ұғымдарының мәні.Толеранттық - [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатын психологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады. Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету. 1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен толеранттықтың принциптер Декларациясында толеранттылық былай қарастырылады: 1) әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу; 2) наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту. Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.

22.Кәсіби қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас- қатынасты ұйымдастыру және дамыту процесі, педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара түсінушілік пен өзара іс-әрекет.

Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері:

1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердің күшпен зер салуын тудырмауы тиіс.

2. Педагог анық сөйлеу керек.

3. Педагогтың сөйлеу жылдамдығы минутына 120 сөз.

4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек. Логикалық паузасыз сөйлеу тілі-сауатсыз, ал психологиялықсыз – түссіз болады.

5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білу керек , айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн.

6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді: дәрттендiрiп, қызықтырып, тыныштандырады.

Қарым-қатынас кезінде кейбір принциптерді ұстану қажет:

Бала қандай болса, солай қабылдау;

Әр адам қайталанбас екенін ескеру ;

Тәрбиеленушінің қабілеттілігіне сену ;

Олардың шығармашылық белсенділігін қолпаштау;

Бала тұлғасын сыйлау, әрқайсысына жетістікке жету жағдайын жасау;

Бала қадірін кемітпеу;

Балаларды бір-бірімен салыстырмау, іс-әрекет нәтижесін ғана салыстыру;

Әркімнің қателесуі мүмкін екенін ескеру;

Әркімнің өз ойын айтуға еркі бар, ешкімнің өз ойын айтқанына күлуге құқығы жоқ.

23.Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

"Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Қиянат жасамау қағидаттар: Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

Жамандық көру – көзге қиянат.

Жаман иіс – мұрынға қиянат.

Жаман әрекет – тәнге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері

Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

Қиянат жасамаудың міндеттері

· Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

· Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау.

· Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.

Жүрек жарасы – жамандықтан

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады,», дейді.

24.Кикілжіңді шешудің жолдары. Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Конфликтілік жағдайдың жағымды жақтары:

Көптеген мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі.

Іс- әрекеттің тиімді жолдарынның пайда болуына себеп болады.

Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Кері жақтары:

Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді

Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

Көптеген адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көңілінің бөлінуі.

Келіспеушіліктің алдын алу ережелері

Егер серігіңіз соншалықты ашу ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектес.

Егер адам қатты ашуға берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толатынын естен шығармаңыз.

Серігіңізге қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңізді айтыңыз.

Серігіңіздің ар-намысына тимей, ауыр сөздер айтппаңыз.

Әрқашан да өзіңізді сабырлы, сенімді ұстаңыз.

Кінәлі болсаңыз, кешірім сұрауға ұялмаңыз.

Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңызды сақтауға тырысыңыз.

Өзіңізді сезімге, ашуға билетпеңіз.

Конфликттің шығу мүмкіндігі:

біреудің толық немесе жартылай бағынуы

ымыраға келуі (компрамисс)

конфликтті іс- әрекеттің үзілуі

интеграция және т.б.

Конфликтті шешу мынандай жағдайда мүмкін:

Конфликтінің объективті жағдайының өзгерісі

Конфликтті жағдайдың үзіліп барып, жалғасын тап кезде

25.Тұлғаның тарихқа және мәдени мұраға құндылықты қатынасы.Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі  материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы.Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті. Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

26.Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы. «Табиғат және адам” проблемасы әсіресе соңғы уақытта өте өзекті мәселеге айнады. Ғылыми техни калық прогресс табиғатты өзгертудің небір жойқын құралдарын әкелді. Қазіргі уақытта адамның табиғатқа көз қарасы бір жақты болып отыр. Адамның табиғатпен байланысы, үйлесімділігі бұзылды. Біздер табиғатты ңөзінің өмірінің бар кендігіне, оған қолымызбен қандай нұсқан келтіріп отырғанымызды көбінесе ойлай бермейміз. Осыған байланысты дәл қазір кешіктірмей өзімізде табиғатқа деген құндылықты көзқарасымызды қалыптастыруымыз керек. Табиғатпен эхмоциялық байланысты қалпына келтіріп, оған сүйіспеншілікпен қарап, аялай білуге үйренуіміз керек.Өйткені адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса, солай емес, аялай, есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.Жер табиғаты – бүкіл адамзаттың ортақ үйі. Оны өмір сүру үшін қолайлы жағдайда ұстау – жалпы ұлттық және жалпы азаматтық мәселе. Осы міндетті түсіну – қоғамның адамгершікліктік кемелінің көрсеткіші. Қоғамның адамгершіліктік мәдениеті мен табиғаттың жағдайы өзара тәуелді. Адамдар арасындағы адамгершілікке сыйымды қарым-қатынас – табиғатқа деген ізгі қарым-қатынастың алғы шарте. Кез келген өмір ерекше, қайталанбас және бағалы.Адамның барлық тіршілік селері алдындағы жауапкершілікті түсінуі, өмірді қастерлей білуі – адамгершіліктік тәбие мен мінез-құлықтың негізі.

27.Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері.Мұғалім рефлексиялық тәжірибені меңгере отырып, өзі үшін қажетті шығармашылық біліктер мен дағдыларды да дамытады. Рефлексиялық талдау жасаудың өзіндік жеке рефлексиядан да басқа да жұпта жасалатын рефлексия - бірлесіп жұмыс жасап отырған жұбымен немесе тәжірибелі тәлімгердің көмегімен атқарылатын, бірнеше адамдардан тұратын топтарда жасалатын тәсілдері бар. Олардың әрқайсысын орнымен тиімді пайдалана білу қажет. Мұндай рефлексияларда ішкі күштерді шоғырландыру – басқа бөгде ойлардың негізгі мәселеден алшақтауына жол бермеу, тереңдеу – талдап отырған мәселенің тереңіне бойлай алу, басқаның емес өз әрекеті мен сезімдеріне ерік беру сияқты қарапайым ережелер ескерілуі тиіс.Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған, олардың ойлауын өздеріне, өздерінің әрекеттеріне қарататын рефлексиялық практикум рефлексиялық ортада тиімді жүреді. Сол ортада бірлескен шығармашылық әрекетті бірлесе талдау, оған қосқан әркімнің үлесін саралау, олардың тиімділігі мен тиімсіздігін анықтау және объективті баға беру мен болашақты бағдарлау шығармашыл мұғалімдерді қалыптастырудың тиімділігін арттыратындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұжымдағы ашықтық, психологиялық теңдік, өзара түсінушілік пен қолдаушылықтың болғаны жөн.Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.

Өзін-өзі дамыту тетіктері: өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы. Бұл өзін мойындаудың және өзінің бітім-болмысына сөзсіз сүйіспеншілігін білдіреді, «өзі-өзіне құрметтеуге лайық, өз бетімен таңдау жасай алатын тұлға ретінде қарау» (Роджерс К.) өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сену, өз табиғатына, өзінің организміне сенімдік таныту. Әсіресе соңғысын ерекше атап өткен жөн, себебі бұл жерде өзіне өзі сену деген тек қана өзінің мүмкіндіктеріне сенуді білдірмейді (әсіресе өз зердесі тұрғысынан ғана) тұтас организм санадан көрі мәнді, парасатты болуы мүмкіндігін және жиі солай болып шығатынын түсінуді де білдіреді.Өзін-өзі қабылдау немесе басқаша айтқанда өз-өзіне сүйіспеншілік. Бұл туралы соңғы кездері өте жиі айтылады. Өзін-өзі қабылдау адам өмірінің кез келген саласында, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Себебі, адам өзіне қандай қатынас жасаса, басқалармен де нақ сондай қатынас орнатады. Сондықтан да өзін-өзі қабылдауға мән беріп, өз-өзіңе салауатты да жағымды көзқарас қалыптастырған жөн.Біз «өз-өзіңді жақсы көру керек» дегенді жиі естиміз. Бірақ көпшілігіміз мұның мәнін түсіне бермейміз. Өз-өзін жақсы көру дегеніміз басқалардан өзін жоғары бағалау не бәрінен де мен сұлу, мен ақылдымын деп көкірек көтеру емес. Өзін жақсы көретін адамда керісінше мұндай сұрақ туындамайды. Бұлар ол үшін мүлдем маңызды емес. Өзін жақсы көру дегеніміз өзін сол қалпында қабылдау, мойындау. Бірақ бұл өз кемшіліктеріңді қабылдау да емес. Бұл біз ойлағаннан да қарапайым. Өмірде қателеспейтін адамдар болмайды.

28.Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік.Өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін –өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек.

29.Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері.Еліміз, 1991 жылы егемендік алғаннан кейін, оқу орындарында және қоғамдық ортада көптеген ұлттық бағытта өзгерістер бола бастады. Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, ол бүкіл үздіксіз оқу-тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің енуі. Бұл пән бала-бақшадан басталып, жоғары оқу орындарына дейін енгізілген. Аталмыш пәннің авторы бәрімізге танымал С. А. Назарбаева. Оқулықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы негізінде дайындалған. Бұл пән, негізінен, адами құндылықтарды игеруге жол бастаушы болады.«Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты да адамдарға рухани-адамгершілік қасиеттерді игерту болып табылады. Ал, міндетіне келер болсақ, сол игерген қасиеттерін қоғамдық ортада толық пайдалана білу. Тәлім-тәрбиедегі орнына келер болсақ, бұл айтылған рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі «толық адам не тұлға» болып қалыптасады. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру . Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. «Өзін-өзі тану»пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. Өзін-өзі тану пәні қазірдің өзінде мектеп оқушыларының сүйіп те, тамсанып оқитын пәндердің біріне айналып отырғаны сөзсіз.Сонда бұл пән өзгелерден несімен ерекшеленеді? Жалпы, өзін-өзі тану пәні –адамның өзін-өзі толықтай танып біліп, дұрыс жолға бет алып, жан дүниең мен сыртқы келбетіңді үндестіріп, рухани азық сыйлайтын пәндердің бірі.Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.

Сабақты өткізе отыра, балалардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдейді. Ал берілген материалдар мазмұнының бала жасына лайықты, әрі қызықты болуы. Біздің ұстаздар ең бірінші балалар үшін әсерлі және ыңғайлы жағдай туғызады. Балалармен қарым-қатынастардың түрлері олардың әсерлеріне бағытталады. Себебі, бұл олардың жақсы ойларын бұзатын кейіпкерлерден аулақ етіп жақсылыққа жетелейді, өмірде табыстарға жетулеріне көмектеседі, ішкі дүниелерінің үндестікте болуын қадағалайды, ешқандай да материалдық жақсы жағдайлар қуаныш пен бақыт әкелмейтініне көздерін жеткізеді. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.

30.Өзін-өзі қабылдау ұғымын қалай түсінесіз.Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.

Физиологиялық негізі.Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек.Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады.Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды.Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.

Ерекшеліктері.

1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады.Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.

Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.

Кеңістікті және уақытты қабылдау.

2 деңгей