Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_s.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
302.86 Кб
Скачать
  1. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).

Анкета ( enquete  деген  француз  сөзінен  шыққан -  зерттеу) – өзіндік  ерекшелігі   бойынша  респондентпен  әңгімелесу  сценарийі,  бұл  осы  әңгіменің  тікелей  (интервью) немесе  сырттай  (анкета  тарату)  болуына  байланыссыз  болады.Анкетаның сұрақтары 2 негізгі топқа бөлінеді: 1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады; 2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;

Жабық сұрақтар мысалы:Жалақыңызға қанағаттаныз ба?

А.Иә , маған атқарған жұмыссымнан артықта төлейтін сияқты

Ә. Иә, мен жұмысыма сәйкес жалақы аламын

Б. Жоқ ,маған көбірек төлеуі керек

В.мен жұмыс істемеймін

Қандай студия ,үйірмелерді білесіз немесе соңғы алты айда қайсына бардыңыз?

білемін

Бардым

Көбінесе баратыным

1

феникс студиясы

2

Би үйірмесі

3

Гүл өсірушілер үйірмесі

3.Әлеуметтік статусыңызды белгілеңіз.

А. Бизнесмен

Ә.үй шаруасымен айналысамын

Б. Студент

В.қызметкер

Ашық сұрақтар мысалы:

Cіз спорттың қандай түрімен айналысасыз? ________________

Cіз қандай әуенді тыңдағанды ұнатасыз?___________________

Біздің банк жұмысының қандай кемшіліктерін айтар едіңіз?____________________________

  1. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

- зерттеуге дайындық;

- бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады. Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.

Бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты.

негізгі бөлім

Сипаттама

1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау

Кең мағынасында алғанда әлеуметтанулық зерттеудің объектісі қандай да бір әлеуметтік мәселені таратушысы. Объектіні өте дәл, анық түрде көрсету зерттеу пәнін де дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеу заты обьектінің зерттелуге ұсынылған белгілі бір жақтары.

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

Әлеуметтанулық зерттеудің міндеттері оның мақсаты мен болжамдарына қатысты үрде қалыптасып,шартты түрде негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.Зерттеудің негізгі міндеттері негізгі емес сұрақтарға жауап іздеуді талап етеді.

3.Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру

Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді

4.Зерттеу болжамдарын ұсыну.

Болжам қолдауға немесе теріске шығаруға болатын қандай да бір деректерді,құбылыстарды және процестерді түсіндіру үшін ұсынылағн ғылыми жоба.Әдетте әр бір әлеуметтанулық зерттеу эзерттегелі отырған мәселенің пайда болу себептері және сипаты туралы алдын ала тұжырымдалған болжамдардан тұрады.Бұл зерттеудің шапшаңырақ жүргізілуін қамтамасыз етіп,зерттеу обьектісін және әдісетрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

5. Зерттеу жоспарлары.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады:

зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;

тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;

алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;

негізгі зерттеуді жүргізу;

алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;

6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

Зерттеудің обьектісін анықтау арқылы зерттеуге қатыстаын адамдардың жиынтығының сипаты мен саны туралы сұрақ шешіліп бітпейді.Зерттеудің обьектісі болып табылатын барлық адамдардан сұрау рационалды болмаған болар еді.Бұл зерттеудің ерзімін ұзартып сонымен қатар керекті хабарды тез алуды да қиындатып,үлкен қаражаттық шығынды талап етіп,зерттеуді өте күрделі етіп жіберер еді.Сондықтанда әлеуметтанулық зерттеулер көп жағдайда тұтас емес,іріктеліп таңдалған сипатқа ие болады.

7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

  1. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

Әдіс

Сипаттамасы

Анкета

Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.

Сұхбат

сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді. Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады.

Бақылау

Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді.

Фокус-топ

Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар.

Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады).

фокус-топты келесі типтерге бөлуге болады: - негізінен жаңа немесе зерттеушіге беймәлім оқиғалар мен құбылыстар жөнінде мәліметтер алуға бағдарланған; - негізінен қатынастарды, бағалауларды анықтауға бағдарланған; - қолда бар ақпаратты анықтауға арналған; - тауарлар мен жарнаманы тестілеуге келтірілген;

Эксперимент

Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет.  Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз

45Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.

46Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз

47Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

  1. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

  2. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипаттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

  3. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.

  4. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.

  5. Субмәдениеттің қалыптасуын тудыратын себептерді көрсетіңіз. Адамның қандай да бір субмәдениетке жататынын көрсететін белгілерді атаңыз. Контрмәдениет басым түсетін қоғамның әлеуметтік топтарды мысалға келтіріңіз. Өз жауабыңызды дәлелдермен тұжырымдаңыз

  6. Әлемнің әртүрлі елдерінде байқалатын ұлтаралық менсінбеушілік пен этникааралық жанжалдардың негізгі себептерін факторлармен түсіндіріңіз. Ситуацияны талдай отырып, осы себептердің алдын алатын әдістерді айқындаңыз

  7. Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз

  8. Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз

  9. Бір мамандар адамдардың кедей болуы өздеріне байланысты дейді, яғни адамдар ештеңе істемейді, биікке көтерілу үшін қарқынды жұмыс істегісі келмейді, жағдайын жасауға ұмтылмайды. Басқа мамандар, кедейшілік – бұл экономикалық дағдарыс, соғыс, төтенше қауіпті жағдайлар, ірі қоғамдық трансформациялар, сонымен қатар, физикалық әлсіздік, мүгедектік, еңбекке жарамсыздық кезеңдерінде адамдардың еркінен және тілегінен тыс болатын жағдай деп ойлайды. Осы көзқарастардың қайсысы әділетті. Сіз өз көзқарасыңызды факторлар арқылы дәлелдеңіз

  10. Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз

  11. Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынантүсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.

  12. Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.

  13. Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]