- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
Отбасы әлеуметтануы жеке сала ретінде Рилз пен Ле Пидің эмперикалық зерттеулерінен бастау алады. 19 ғасырдың ортасында олар бір біріне тәуелсіз отбасы тұрмысы оның құрылымы ондағы экономикалық қатынастарға әлеуметтік факторлардың (индустриализация,урбанизация)білім берудің әсерін зерттеді.Отбасы бір жағынан әлеуметтік инстетут болса екінші жағынан ол өз қызметімен дамуының өзіндік заңдылықтары бар кішігірім топ. Сол себепті ол қоғамдық құрылым экономикалық саяси діни қатынастарға тәуелді мемлекеттегі тұрақсыздық отбасына әсер етеді. Тағы бір әлеуметтік мәселе бұл отбасындағы түсіністік,оның бірлігі қиындықты жеңе алу қабілеті. Осы мәселелер туудың төмендеуі халықтың қартайюы,некенің тұрақсыздығы,еркін неке,некесіз туылғандар санынан ерлі зайптылар мінез құлқы ,рухани талаптары ,эмоциялылығы,мәдени деңгейіне байланысты айырмашылықтары болуы мүмкін. Отбасындағы жан жалды жығдай қарама қарсы көз қарас құбылыстар мен оқиғаларға қатысты пікір өзара түсініспеушіліктің қақтығысы.Ол ажырасуға әкелуі мүмкін.Ерлердің пікірі бойынша қаражаттың жетіспеуі 22,6 пайыз бір сынарының қызметіне байланысты үйде болмауы 22,4 пайыз ,тұрмыс жағдайының нашарлығы 22 пайыз ,ата ананың араласуы 19,7пайыз ,өмірге деген әртүрлі көзқарас 11,6 пайыз ,жұбайының қажетті мөлшерде көңіл аудармауы 10,2 пайыз деңгейінде кері әсер етеді.Әйелдер отбасылық өмірді қиындататын факторларға жұмысына байланысты жұбайының үйде болмауы 26,6 пайыз,ақшаның жетіспеуі 16,2 пайыз,ата аналардың араласуы 15,6 пайыз әсер етеді. Қазіргі таңда отбасы инстетуты қиын заманды бастан өткеруде. Отбасын тұрақтандырытың көптеген факторлар артта қалды: әйелдің экономикалық тәуелділігі заңдық, діни ,моралдық тыйым салу ажырасуды қолдамау.Көптеген әлеуметтанулық зерттеулердің қорытыңдысы бойынша ажырасудың себебі некені жоюмен ғана шешіле алатын жағдайға жеткен ерлі зайыптылар араындығы жан ал жатады. Отбасындағы дағдарысқа әкелетін жағдайларды үшке бөлуге болады:тұрмыстық,тұлғааралық және сыртқы факторлар. Қазақстанның статистика агентігінің мәліметі бойынша 2011 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, оның 40 982 ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Повладар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әр бір үшінші ерлі зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 2 есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5733 ек-арптық. Мысалға 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4466 жұп некеге тұрды, ресми түрде 1884 жұбайлы жұптар ажырасты. 2009 жылмен салыстырғанда неке бұғауларын үзген жанұялардың саны 131 ге өскен, сонымен қатар неке қиуға ниет білдіргендер саны тек 55 ке. 2010 жылы 100 некеге 42 ажырасу келді, ал 2009 жылы 40 ажырасу келді. Бұзылған некелердің 38% жалпы балалары жоқ, 44,4% бір баладан, 17,2 % 2 және көбірек баладан. Ажырасудан кейін қиналатын балалар 2010 жылы ата-аналарының ажырасқандарынан 1536 бала толық емес жанұяда тұратын болды. Облыстағы ажырасудың жартысынан көбі 25-39 жастағы тұрғындарға келеді. Сонымен қатар 18-24 жастағы әйелдер 2,1 есе ерлерден неке бұғауларын үзуге белсенді.
Қазіргі таңдағы Қазақстан тұрғындарының алдындағы басты мақсат – отбасы тұрақтылығы. Отбасының тұрақсыздығы қоғамды, мемлекетті алаңдатады. Отбасы тұрақтылығын ғылыми тұрғыда зерттеу үшін теориялық-әдістемелік, ақпараттық, әдістік мәселелер қаралады. Зерттеу барысында түрлі тәсілдер қолданылды: этнографиялық дерек жинау, сауалнама, анкета, сұхбат, құжаттарды талдау, бақылау, психологиялық тест және т.б. Бұл әдіс-тәсілдердің әр қайсысының артықшылығы мен кемшіліктері бар. Аталған талдау неке-отбасылық қатынас мәселесін шешуде, яғни жаңадан құрылған жас отбасының тұрақтылығын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні егеменді Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқаны белгілі. Оның ішінде неке және отбасы тұрақтылығы жеке адамды, қоғамды, мемлекетті ойландырады. Отбасы – өзінше бір қайнап жатқан әлем болғандықтан, көптеген маңызды мәселелердің жемісі. Отбасы тұрақтылығын анықтауға байланысты әр түрлі тәсілдерді қолданудың барысында зерттеу әдістемесі қалыптасты. Ол үшін әсер ететін факторларды зерттеудің сапасы мен маңыздылығын арттыру үшін теориялық, ғылыми-методологиялық деңгейін көтеру, деректік базасының молдығын, зерттеу барысындағы тәсілдердің жан-жақтылығын, мағлұматтарға терең талдау жасауды көбейту қажет [1]. Белгілі этнограф В.В.Пименов: «Қазіргі этнография әлеуметтік-этникалық шынайылылықты зертей отырып, прогрессивті өзгерістерге бой алдыра, жаңа проблемаларды шешуі үшін теориялық-методологиялық және әдістік жағын толықтырып, дамытуы қажет» – дейді [2]. Сол мақсатта әсер ететін құбылыстар мен процестерді толығырақ сипаттау және болашақтағы дамуын болжау мақсатында соңғы уақыттары сандық және статистикалық, этнографиялық мәліметтер жетілдірілуде [3]. Этнографиялық мәліметтерді талдау барысында математикалық есептеу, әдістерді өзгерту, мәліметтерді алудағы тактика мен процедура неке тұрақтылығын анықтау нәтижиесін шығаруда жүйелік-құрылымдық талдауды пайдалануды қажет етеді.
Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы бала тәрбиесі саласында мол тәжірибе жинақтады. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы жоғарғы буынның ақыл-ойын, тәрбилік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Ұзақ өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес, адами қасиеттерге баулу маңызды мәселе. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде қарастырылған. Қай халықта болмасын отбасын құрған ерлі-зайыпты баласының болуын армандайды. Сол сияқты қазақ халқы да баласын үйлендіріп, қызын ұзатқан соң олардың ендігі тілегі немерелерінің өмірге келуі. Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермейді. Соған қарамастан отбасы үшін баланың орны ерекше. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Соны біле тұра қазіргі таңда жастар үйлене салып ажырасып жатады. Ажырасқаннан кейін балалардың жағдайын ата-ана ойлай бермейді. Бала заң жүзінде анасының қолында қалып тәрбиеленеді[1]. Отбасы тұрақсыздығының нәтижесінде отбасының бірнеше типтері қалыптасады. 1. Жалғыз ана, бір өзі балаларымен тұрады. Ауылдық жерде көбіне тұрақты жұмыс болмағандықтан ана алиментке, мемлекеттің тарапынан берілетін көмекке өмір сүреді. Мектеп жасына дейін баланы үйде өзі қарайды. Мектеп жасына толысымен мектепке апарады. Жазғы демалыста баланы ата-әжесіне, туған-туысқандарына жібереді. Қалалық жерде ана баласын таңертең жұмысқа барарда балабақшаға апарып, кешке жұмыстан қайтарда алып қайтады. Мектепке барған уақытында осы процесс қайталанады. Бұл отбасының жақсы жағы бала отбасында болатын қарама-қайшылықты, ұрыс-керісті қабылдамайды. Отбасының жаман жағы: бала, әсіресе ер бала әкенің тәрбиесін көрмейді. Ана үй мен жұмыстың арасында балаға қарауға үлгермейді. Қаржы мәселесінде, бала ауырып қалған уақытта әке көмегі қажет. Бұндай отбасында бала әке мейіріміне зәру болып өседі. Бұл баланың ата-ананың тағдырын қайталауға әсер етеді. Толық емес отбасынан шыққан бала отбасылық құндылықтарды түсіне бермейді. Әйел ерінен көрген қиыншылықты, өмірге деген жаман көзқарасын баланың бойына сіңіріп, әкесіне қарсы қояды. Ересек балалар анасына ерегісіп, көрінбей жасырын әкесімен кездесіп жүреді. Ажырасқан отбасылардан шыққан балалардың жайын былай қарастыруға болады: 1)Бөлек тұратын ата-ана балаға қатысты объективтілікті әрқашан сақтай бермейді. Ажырасып кеткен әке баламен үнемі бірге болмағандықтан, біртіндеп баласымен ара қатынасы суыи бастайды. Баланың алдында өз дәрежесін көтеру үшін әке барын салады. Әке баласымен келесі рет кездескенге дейін ана кәмілетке толмаған баласын өз жағына шығару үшін қарсы қоюы мүмкін. 2)Кейбір жағдайда әке отбасын бұзғаны үшін өзін кінәлі санап, қайтадан бәрін қайтару үшін көп уақытын балаға арнайды. 3)Ата-ана уақыттың тапшылығына байланысты баламен кездесуге уақыты болмайды. Сирек кездесу бала тәрбиесімен айналысуға кері әсерін тигізеді. Өз кінәсін жуып-шаю үшін силықтар және ақша беру арқылы баланы өзіне қаратады. 4)Бала үшін ата-ананың екеуі де жақын. Таңдау қиындығына ұшыраған бала психикалық, эмоционалдық жағынан шаршайды [2]. 2. Ажырасқан әйел балаларымен күйеуінің немесе өзінің ата-анасымен бірге тұрады. Балалар мектеп жасына дейін ата-әжесінің немесе отбасының басқа мүшелерінің тәрбиесінде болады. Бұндай баланың сүйіспеншілік сезімдерін қамқорлыққа алу қажет. Бұндай балалар толық отбасындағы балаға қарағанда өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл-оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттауы қажет. Тәрбиелікке жету оңай емес. Балаға ең бірінші әділетті қоғам мен өмір сүрген ортасының имандылық тәлімі қажет. Тәрбиелі адам – шынайы парасат пен мінезге бай болатыны белгілі
Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағанды кесте арқылы құрыңыз.
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі.
Артықшылығы |
Кемшілігі |
Индивидуалды сауалнама толтыруда анкетер сұрақтар бойынша туындайтын мәселелерге қосымша түсініктеме беріп, ұсынылған барлық анкеталарды өзіне қайтарып алады; Почталық сауалнама – төмен шығын, іріктеуді жүргізген кездегі қосымша мүмкіндіктерді иеленуге көмектеседі. Ұйымдастырудың қолайлылығы мен қарапайымдылығы; Интернеттегі сауалнама-ұйымдастырудың қолайлылығы,нәтижені алу оңай,интерактивті сауалнаманы жасау күрделі мәтіндік әдістемелерді жасауды қажет етпейді |
Үлкен еңбек шығыны; Сауалнаманы толтыру кезінде бақылаудың болмауы(топпен толтыру,өзге адамдардың ықпалымен толтыру,техникалық қателердің кетуі,сауалнаманың қайтіп келмеуі) зерттеу процесіне кері әсер етеді. Анкеталардың қайтіп келуі бақыланбайды, іріктеуді жүргізудегі қиындықтар, қайта қарау мүмкіндігі болмайд |
