- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
Саяси әлеуметтану - арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейді. Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон, Аристотельсияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдары Н.Макиавелли, А.Токвильмен қалыптастырылған.
Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:
1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;
2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтіктоптардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;
3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;
4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.
Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.
Саяси әлеуметтану әдістері - макросоциологиялық және микросоциологиялық болып бөлінеді. Макросоциологиялық ұстанымда биліктің әлеуметтік негіздері, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдардың саяси үрдіске ықпалы анықталады, ал микросоциологиялықта нақты саяси институттар әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, эксперимент, социометриялық әдістері қолданылады.
Әлеуметтанудың бұл саласының маңызы мен орнын анықтау үшін ең алдымен саясаттың қоғам өмірінде атқаратын ролін анықтауымыз қажет. Қоғам өмірі мен оның құрылымында саясат пен саяси шындық қандай роль атқаратынын және қандай орын алатынын анықтау шарт. " Саясат” кең түрде әрі жиіқолданылатын термин болып табылады. Біз ішкі және сыртқы саясат , саяси өмір мен күрестің экономикалық , әлеуметтік, мәдени , демографиялық, экологиялық, саяси билік пен саяси жүйе, саяси жанжалдар мен дағдарыстар, саяси мәдениет, саясиқұқықтар мен бостандықтар, саяси одақтар жән т.б. туралы айтамыз. Ең маңызды салалық социология-бұл саяси социология. Саяси социология, позициясы тұрғысынан саяси өмірді, саясиқұбылыстарды, қарым-қатынастар мен процестерді, оныңәдістері мен пәнін ескере отырып зерттейді.
Саясат және саясилық – бұл оның жалпы түрде алынған саяси социологияның зертеу объектісі болып табылады. Нақтырақ айтқанда бұл саланың зерттеу объектісінің негізгі мазмұны: а) саяси топтар мен бірлестіктер. б) саяси институттар мен бірлестіктер. в) саяси мәдениет г) саяси м.үдделер д) саяси байланыстар, әрекеттер. Е) саяси сана сезім ж) саяси процестер мен қозғалыстар және т.б. Саяси социологияның ең басты зерттеу объектісі - әрдайым қоғамның саяси жүйесі ретіндегі саясаттың институционалдық механизмі және оның маңызды тізбегі- мемлекет болып табылады.
Саяси социология саяси жән әлеуметтік жүйелер мен оның құрылымының өзара әсер ету механизмдері мен формаларын, заңдылық жолдарын зерттейтін ғылым болып табылады. Сондықтан біздің негізгі назар аудартын мәселеміз - әлеуметтік құбылыстар мен факторлардың саясатқа әсері және саясаттың әлеуметтік өмірге ықпалы. Саясатты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу дегеніміз- жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінің саясатқа әсері және және оның ой-санасын анықтау. Егер саясаттану саяси жүйенің теориясы болса, онда саяси әлеуметтану әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың саясатқа әсерінің әлеуметтік теориясы болып табылады. Әлеуметтанудың ерекше саласы болып табылатын саяси әлеуметтану шамамен жарты ғасыр бұрын орнықты. Әлеуметтік-саяси ойлар тарихы ерте заманнан ақ басталған. (Платон, Аристотель, Цицерон, Августин жән т.б) Жаңа заманда саяси әлеуметтану ғылымының дамуы кең ауқымды болды. Оған бірқатар ғалымдар: Т.Компанелла, Ш.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т.Джефферсон және т.б. ХХ ғ. басында Б.Чичерин, Г.Плеханов, В.Ленин үлес қосты.
Саяси әлеуметтануда негізгі орынды қоғам мен саяси биліктің және саясаттың өзара қатынастарының жалпы мәселелері алады.
Қоғам өте үлкен, өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе болғандықтан, саяси биліктің құрылуын және оның мүлтіксіз жұмыс істеуін қажет етеді. Саясаттың табысты жүруі үшін ол қоғамдық дамудың заңдылықтары мен тенденцияларын ескеруі қажет. Сондықтан қоғам мен саясаттың өзара әсері жөніндегі мәселе саяси әлеуметтанудың негізгі зерттеу мәселесі болып табылады.
2. Саяси жүйе ұғымы ХХғ. 50-жылдарына қарай түрлі саяси құбылыстарды жүйе тәсілі және бихевиористік амал ықпалымен зерттеулердің орын алуымен байланысты терең негізделіп кеңінен тарала бастады. Дегенмен қазіргі заманғы саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау заманғы саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау Аристотель заманынан келе жатқан саясат туралы түсінік жатқаны белгілі. Аристотель өзінің саяси ілімдерінде саясатты бейне бір дербес тұтас нәрсе деп қарауды ұсынғанды. Аталмыш бағытты қолдаған итальяндық оқымысты Н.Макиавелли саяси ғылымның негізін салушы ретінде саясат дінге де, экономикаға да, моральға да саймайды, керісінше ол өзінің саяси мақсаты мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын көздеу екендігін алға тартады. Америкалық саясаттанушы Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориялары бойынша қоғамдағы экономикалық, рухани және саяси жүйелер өздерінің атқаратын функцияларына қарай ерекшеленеді. Осылайша олар өз алдына жүйе болып қалыптасады. Саяси жүйе терминін ХХ ғ. 50-жылдарында Американ саясаттанушысы Д.Истон жасады. Ол саяси жүйенің әрекет ету тетіктеріне сипаттама бере келе, оның сыртқы ортамен байланысы "кіріс”, "шығыс” принцптері арқылы жүзеге асырылатындығын айтты.
"Кіріс” принцпінің мынандай екі түрін, дәлірек айтқанда талаптар мен қолдаулар екендігін атап көрсетті. Оның пікірінше, қоғамдағы қаржы мен қазынаның дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі талапқа жатады. Мәселен, ауылшаруашылығына қаржы бөлуді көбейту, оқытушылардың жалақысын арттыру және т.б. талаптар қойылуына билік басындағылар назар аудармайтын болса, саяси жүйе беделінен айырылып әлсірей түседі. Ал қолдау өз кезегінде үстемдік етіп отырған режимді күшейтеді. Оның қатарына мысалы, саяси өмірге белсене араласу, қабылданған заңдар мен шешімдерді өз уақытында бұлжытпай іске асыру, салықты дер кезінде төлеу және т.б. жатқызуға болады. "Кіріс” принцптерінің жүзеге асырылуы нәтижесінде сыртқы орта қоғамның саяси жүйесіне ықпал етеді. Саяси жүйе түскен талаптарды жан-жақты қарастырады. Ретке келтірілген осындай әрекеттердің салдары ретінде саяси жүйе көрсетілген қолдауларға жауап беріп отырады. Яғни "шығыс” принципі жүзеге асады. Осындай процесте қаржы мен қаражатты дұрыс бөлу туралы билік орталықтарының идеалды шешімі өмірге келеді. Егерде қоғам мүшелерінің талаптарын билік басындағылар тыңдамайтын болса, олардың шешімдері қолдаусыз қалады. Ал талаптар шамадан тыс көп болмаса және "кіріс” пен шығыстың әрекеттері дәл уақытысында өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе нақты, тиянақты жұмыс атқарады.
Саяси жүйе халықтың нақты егемендігін жүзег асыратын қажетті механизм болып табылады. Саяси тәжірибеде халықтық өкілдікті жеке бір саяси топтар мен мүдделер, партиялық қозғалыстар өзіне иемденеді.
Саяси жүйе қоғамдық жүйеден дербес болады. Саясат арқылы шешілетін проблемалардың көбеюіне байланысты оның ролі арта түседі. Бірақ артық дербестік қоғамның бірлігіне қауіп төндіреді.
3.Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі мемлекет болып саналады. Оның себебі, саяси өкіметтің қызмет атқаруы мемлекетпен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы мәселе. Мемлекеттің философиялық -әлеуметтанымдық қыры мемлекетті белгілі қоғамның экономикалық-әлеуметтік формацияларының тарихи-қоғамдық дамуының құралы деп қарастырды. Ал оның заңдық қырына тоқталатын болсақ, ол мемлекет құрылысының мәселелеріне қоғамдық институт деп қарайды да қоғамдық өмірді құқықтың түрлі салалары арқылы рттеп отыруды көздейді. Саяси-экономикалық жағынан мемлекетті экономикалық процестерді реттеуші құрал ретінде көрсетеді.
