- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
Әлеуметтануды ғылым ретінде айқындаңыз, әлеуметтану объектісі және пәнін сипаттаңыз
Әлеуметтанулық теориялар құрылымы мен теориялық және эмпирикалық деңгейін анықтаңыз
Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін көрсетіңіз
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы мен ерекшелігін ажыратып негіздеңіз
«Әлеуметтік құрылым» түсінігіне анықтама беріңіз. Әлеуметтік құрылымның элементтерін атаңыз
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндегі «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». категорияларына талдау жасаңыз
О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретінде негізгі идеяларын қарастырыңыз
О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін жіктеңіз
Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесі мен негізгі ойларын қарастырыңыз
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын және негізгі еңбектерін сипаттаңыз
М.Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануын негіздеңіз
М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясын түсіндіріңіз
Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдерін көрсетіңіз
Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
XIX ғасырдың басында адамзаттың коғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары ез еңбектерін арнады. Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап, қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды.
Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылык. Ресейлік әлеуметтанушыларды екіге бөліп қарауға болады. 1) XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды. 2) XX ғасырда осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз етілді. Мұндағы көзқарастарды осындай екі сұрақтың төңірегіне топтастырып қарастыру олардың даму эволюциясын жете қадағалауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әртүрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды.
Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей патшалығының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан турлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды.
Қанаушылар олардың құнарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл жөне шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жүмысшы-шаруа табынан, алдыңғы қатарлы интеллигенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей өкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
