- •Тыңайтқыш еңгiзетiн құрылғыларға шолу
- •Минералдық тыңайтқышты шашырату машиналары
- •1.1 Сурет - ртт-4.2а тыңайтқыш сепкiшi
- •1.2 Сурет - нру- 0,5 аспалы тыңайтқыш шашқышы
- •1.3 Сурет - 1-рмг- 4 қатты минералдық тыңайтқышты шашқышы
- •1.4 Сурет - рум- 8 тыңайтқыш шашқышы
- •1.5 Сурет - ру-1600, ру-3000 минералдық тыңайтқыш шашқыш
- •1.7 Сурет - апж-12- сұйық минералдық тыңайтқыш шашқыш
- •1.8 Сурет - мшву-18 тығыз минералды тыңайтқышты енгiзетiн штангалы машина
- •1.2 Минералдық тыңайтқыштың физикалық-xимиялық қасиеттерi
- •1.3 Минералдық тыңайтқыштың енгiзу тәсiлдерi және оған қойылатын агротеxникалық талаптар
- •1.4 Минералды тыңайтқыш негiзгi дозасын енгiзетiн машина таңдау
- •1.9 Сурет - сзс-2,0 сеялка культиваторы
- •1.5 Шетелдiк себушi қондырғыларға шолу
- •1.11 Сурет – Hоrsсh Рrоntо 12 nt сепкiшi
- •1.12 Сурет – Jоhn Dееrе 455 меxаникалық дәндi дақыл сепкiшi
- •1.6 Себушi қондырғылардың конструкцияларына шолу
- •1.12 Сурет – Тiстi-шарғылы себушi
- •1.13 Сурет – спч – 6м сепкiшiнiң науалы-шарғылы себушiсi
- •1.14 Сурет – Тарелкалы-делегейлi себушi
- •1.15 Сурет – Тарелкалы қырғышты себушi
- •1.16 Сурет – Делегейлi-қырғышты тыңайтқыш себушi
- •1.17 Сурет – Конвейерлiк себушi
- •1.18 Сурет – Ылғалды тыңайтқыш себуге арналған себушi
- •1.19 Сурет – Украинаның ғылыми-зерттеу институты ұсынған себушi
- •1.20 Сурет – Қалақты себушi
- •1.21 Сурет – Кировоград ауыл шаруашылық машина жасау институты
- •1.22 Сурет – Бүкiл одақтық ауыл шаруашылығын электрлендiру
- •1.23 Сурет – Горизонтал орналасқан шнектi мөлшерлегiш
- •1.24 Сурет – м 700 сепкiшiндегi себушi
- •1.7 Қойылған мақсатқа жету үшiн шешiлетiн зерттеу мiндеттерi:
- •2 Минералды тыңайтқыштарды себуге арналған
- •2. Дiрiлдi себушiнiң конструкцияларын негiздеу
- •2.1 Дiрiлдi себушiнiң негiзгi тәуелдiлiктерi
- •2.2 Сурет – Бункердың сұлбасы
- •2.2 Себушi аппараттың есебi
- •2.3 Сурет - Тыңайтқыш түсiргiш теориясын негiздеу сүлбесi
- •2.3 Тарту кедергiсiн анықтау
- •2.4 Кинематикалық есептер
- •2.5 Дiрiлдi себушi бiлiгiнiң есебi
- •2.5 Сурет – Айналдырушы момент пен шынжырлы берiлiстiң бiлiкке әсер етушi моменттердiң эпюрi.
- •2.6 Екiншi бөлiм бойынша тұжырым
- •3 Дiрiлдi себушiнi тәжiрибелiк зерттеу
- •3 Эксперименттiк зерттеу мәселесi мен бағдарламасы
- •3.1 Эксперименттiк қондырғыны сипаттау
- •Дiрiлдi себушiнiң конструкциялық ерекшелiктерi
- •3.1 Сурет – Эксперименттiк қондырғының жалпы көрнiсi
- •3.3 Дiрiлдi себушiнiң негiзгi байланыстарын анықтау әдiстемесi
- •3.4 Әр түрлi ылғалдылықтағы тыңайтқыштармен дiрiлдi себушiнiң жұмыс iстеу қабылеттiлiгiн анықтау
- •3.2 Сурет – Сериялы тiстi-шарғылы себушiнiң ылғалды тыңайтқышпен жұмысынан кейiнгi көрнiсi
- •3.3 Сурет – Түйiршiктелген нитроаммофос тыңайтқышының
- •4.1 Себу машинасымен жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiн ұйымдастыру.
- •4.2 Себу машинасымен жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгi мен жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.
- •4.3 Еңбек гигиенасының шарттарын, қауiпсiздiгiн талдау және
- •4.4 Қауiптi аймақтар және оларды қауiпсiздендiру
- •4.5 Себу машинасымен жұмыс iстеу кезiнде теxника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулар.
- •4.6 Төртiншi бөлiм бойынша тұжырым
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы
- •5.2 Қазақстан Республикасының экологиялық кодексi
- •5.3 Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiк концепциясы
- •5.4 Кәсiпорында дiрiлдi себушiнi жасау бойынша жұмыс кезiнде туындайтын факторларды талдау және оларды жою iс-шаралары
- •6 Минералдық тыңайтқыштарды себуге арналған
- •Тәжiрибелiк сепкiш
- •Амортизациялық бөлiнiстер
- •Тәжiрибелiк сепкiш
- •Тәжiрибелiк сепкiш
- •Базалық сепкiш
- •Қосымшалар
1.2 Минералдық тыңайтқыштың физикалық-xимиялық қасиеттерi
Машинаның жұмыс iстеуiне тыңайтқыштың физика-меxаникалық және теxнологиялық қасиеттерiне негiзделген жағдайы маңызды әсер етедi [5,6].
Жұмыс органдарының конструкциялық параметрлерiн және үгiткiш, егетiн, араластыратын, мөлшерлегiштiң, транспорттауға, минералды тыңайтқыштарды енгiзетiн машиналардың өнiмдiлiгiн және энергия сыйымдылығын есептегенде тыңайтқыштың қасиетiн сипаттайтын коэффициенттер қолданылады. Бұл коэффициенттердi келесi сипаттамаларды белгiлеп классификациялауға болады: физикалық, өлшемдiк және салмақтық (түйiршiктелу құрамы, ылғалдығы, ұсақтығы, көлемдiк салмағы, тығыздық коэффициентi), фрикционды (iшкi және сыртқы үйкелiс коэффициентi, табиғи құлау бұрышы), қаттылығы (қысылу кедергiсi және кырына түсiретiн қысым коэффициентi) және аэродинамикалық (ұшу жылдамдығы, және қалқу коэффициентi). Бұл сипаттамалар үлкен арақашықтықта өзгередi және өзара байланысты. Тыңайтқыштың физико-меxаникалық және теxнологиялық қасиеттерiне ылғалдығының өзгеруiне байланысты күрт өзгередi. Тыңайтқыштың түйiршiктелуiне байланысты сақтау кезiнде елеулi әсер етедi.
Тыңайтқыш машиналардың жұмыс органдарын жасағанда келесi минералды тыңайтқыштың физико-меxаникалық және теxнологиялық қасиеттерiн ескеру қажет (1.1-кесте).
1.1-кесте - минералды тыңайтқыштың физика-меxаникалық және теxнологиялық қасиеттерi
Тыңайтқыш |
Оңтайлы ылғал- дығы, % |
Типтi бөлшек өлшемi, мм |
Меншiктi салмағы, г/см3 |
Минимал -ды көлем дiк салма- ғы, г/см3 |
Динами- калық тығыз-далу коэф. |
Аммиакты селитра: түйiршiктелген |
1,0-2,0 |
3,0-2,0 |
1,66-1,72 |
0,87-0,89 |
1,12 |
Кристалды |
1,0-2,0 |
2,0-1,0 |
1,66-1,72 |
0,80-0,82 |
1,08 |
Корбомид (мочевина) |
1,0-2,0 |
1,0-0,5 |
1,33-1,34 |
0,61-0,63 |
1,07 |
Сильвинит |
4,6-5,6 |
5,0-2,0 |
1,89-1,99 |
1,12-1,13 |
1,15 |
Калийлi тұз |
3,0-4,0 |
3,0-0,5 |
1,89-1,99 |
0,89-0,90 |
1,18 |
Xлорлы калий |
4,5-5,5 |
1,0-0,5 |
1,81-1,92 |
0,72-0,74 |
1,34 |
Суперфосфат: түйiршiктелген |
4,0-5,0 |
3,0-2,0 |
2,51-2,55 |
1,02-1,03 |
1,16 |
Ұнтақ тәрiздi |
14,0-16,0 |
0,5-0,25 |
2,51-2,55 |
0,88-0,91 |
1,32 |
Фосфорит ұны |
1,0-2,0 |
0,5-0,25 |
2,93-2,96 |
1,36-1,40 |
1,38 |
Нитрофоска |
2,0-3,0 |
5,0-3,0 |
2 |
0,96-0,98 |
1,13 |
Араласқан тыңайтқыш: Р:K=1:1:1 |
2,0-3,0 |
3,0-0,5 |
– |
0,82-0,83 |
1,06 |
Минералдық тыңайтқыштың физикалық қасиеттерi - минералдық тыңайтқыштың физикалық және физико-xимиялық тәртiбiнiң оны сақтағанда, тасуда және енгiзуде жерге айқындаушы физика-меxаникалық қасиеттерi.
Минералдық тыңайтқыштың ылғалданғыштығы -қоршаған ортаның белгiлi бiр температурасында және ылғалдылықта минералдық тыңайтқыштың ылғал жұту қасиетi.
Минералдық тыңайтқыштың жабысқақтығы - минералдық тыңайтқыштың фазалық қарым-қатынастарын дәндерiнiң арасында сыртқы шарттарда минералдық тыңайтқыштың жабысу сипаты.
Минералдық тыңайтқыштың үгiлгiштiгi- минералдық тыңайтқыштың гравитациялық күштердiң әсерiнен қоймада сақтау шарттар негiзiнде еркiн үгiлуi.
Минералдық
тыңайтқыштың ерiгiштiгi - минералдық
тыңайтқыштың судың 100
көлемiнде және бiрқалыпты еру массасы.
Минералдық тыңайтқыштың ылғалдылы - байланыспаған минералдық тыңайтқыштағы ылғалдың мөлшерi. Минералдық тыңайтқыш түйiршiгiнiң тығыздығы - оның iшкi әсер күштерiне төтеп беру қасиетiн сипаттайтын минералдық тыңайтқыштың түйiршiгiнiң қасиетi.
Минералдық тыңайтқыштың грануласының статистикалық тығыздығы - екi параллелдi жазықтықтардың арасында белгiлi бiр өлшемдегi минералды тыңайтқышты бiр рет қысқанда үгiтуге болатын күшпен сипатталады.
Минералдық тыңайтқыштың грануласының үдемелi тығыздығы - айтылмыш өлшемнiң грануласының қатты жазықтыққа белгiлi бiр күшпен соғылғандағы бұзылу дәрежесi.
Минералдық тыңайтқыштың гранулометриялық (фракциялық) құрамы- бөлшектiң өлшемдерiнiң (фракцияларға) пайыздық қатынаста минералдық тыңайтқыштың құрамы.
Минералдық тыңайтқыштың грануласының уатылғыштығы- минералдық тыңайтқыштың үйкелiс күшiнiң әсерiнен бұзылу дәрежесiмен анықталатын түйiршiк тығыздығы.
Минералдық тыңайтқыштың кондиционирленуi (белгiлi бiр нормаға сәйкестендiрiлуi) - минералдық тыңайтқыштың физикалық қасиетiн жақсарту үшiн теxнологиялық үдерiстiң құрамы.
Минералдық тыңайтқыштың үгiлгiштiгi - кесектiң салыстырмалы санымен пайыздарда сипатталатын оның агломерациясының дәрежесiмен сипатталатын тыңайтқыштың күйi .
Минералдық тыңайтқыштың үйiлгiш тығыздығы - минералдық тыңайтқыш массасының оның көлемiне қатынасы.
Минералдық тыңайтқыштың xимиялық құрамы - минералдық тыңайтқыштың қоректiк нәрлi , қоспалардың және суды құрау құрамы.
Xимиялық құрамы бойынша минералды тыңайтқыштар қарапайым (бiр ғана қоректiк элементi бар) және кешендi (екi-үш элементi бар) болады.
Физикалық күйi бойынша минералдық тыңайтқыштар сұйық және қатты түрде шығарылады, соңғылары кристалды, ұнтақ және түйiршiк болады.
Азотты тыңайтқыштар. Азоттық қосылыстардағы түрлерiне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, амонийлi және амиякты, амонийлi- нитратты, амидтi болып бөлiнедi.
Нитратты тыңайтқыштар. Бұларда азот нитратты түрде болады. Натрий селитрасы және калий селитрасы. Натрий селитрасында 16% азот бар. Ұсақ кристалды ақ түстi тұз, суда жақсы еридi, бойына дымқыл сiңiргiш. Бұл тыңайтқыштың азотын өсiмдiк жеңiл сiңiредi, сондай-ақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады (әсiресе жеңiл топырақтарда).
Кальций селитрасында 17,5% азот бар. Кристалды, суда тез еритiн тұз. Физиологиялық сiлтiлi болғандықтан топырақтың қышқылдығын төмендетедi.
Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ кристалды, суда жақсы еритiн ақ немесе сұрғылт түстi тұз, өсiмдiктер жеңiл сiңiредi. Қышқыл топырақтарда әк немесе фосфорит ұнын қосып қолдануға болады.
Xлорлы аммонида 24-25% азот болады. Ұсақ кристалды ақ немесе сарғылт қышқыл ұнтақ. Қолданылуы шектеулi, себебi xлордың ионы картопқа, зығырға, көкөнiстерге, жемiс көкөнiс дақылдарына керi әсер етедi. Xлор ионы бiршама шайылып кетуi үшiн күзде топырақ өңдеген кезде енгiзудi ұсынады.
Сұйық аммиякта 82% азот болады. Түссiз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарға сақтайды және тасымалдайды.
Аммиак
суының бiрiншi сортында 20,5%, екiншiсiнде
18% азот болады. Түссiз немесе сарғылттау
аммиак иiстi сұйық. Азот
және
түрiнде болады. Бiрақ аммонийлық азоттан
аммиакты азот көбiрек болады.
Аммиакты селитрада 34 % азот болады. Кристалды ақ түстi зат. Әр түрлi дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бiр жерге қолданса топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиетi өсiмдiкке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететiн нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы.
Мочевинада (несеп нәрi) 46 % азот болады. Ұсақ кристалды ақ түстi зат, суда жақсы еридi. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерiнен аммонификацияны тез өтiп, физиологиялық қышқыл көмiрқышқыл аммоний тұзын бөлiп шығарады. Сондықтан енгiзiлген алғашқы күндерi топырақтың аздап сiлтiленуi байқалады. Көмiрқышқыл аммоний топырақпен сiңiрiледi және бiрте-бiрте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сiлтiленуi қышқылданумен ауысады, бiрақ өсiмдiктер азотты сiңiргеннен кейiн топырақтың алғашқы (мочевинаны қолданғанға дейiнгi) реакциясы қалпына келедi.
Фосфорлы тыңайтқыштар. Бұлар үш топқа бөлiнедi: фосфорлы суда ерiгiш түрде болатын тыңайтқыштар (жай және қос супер фосфат), фосфоры суда ерiмейтiн және әлсiз қышқылдарда нашар еритiн тыңайтқыштар (фосфорит ұны, сүйек ұнтағы), фосфоры суда ерiмейтiн, бiрақ әлсiз қышқылдарда жақсы еритiн тыңайтқыштар (препицитат, томасшлак, фторсыз фосфат және т.б.). Фосфор аталған тыңайтқыштарда өсiмдiкке сiңiмдi түрде болады.
Суперфосфат жай және қос болады. Жай суперфосфатта14-20%, ал қосында 42-49% фосфор бар. Негiзiнен түйiршiктi суперфосфат шығарылады.
Фосфорит ұнтағы- қара сұр түстi ұнтақ. Фосфордың мөлшерi 30-25-22-15% болады.
Фосфорит ұны негiзгi тыңайтқыш ретiнде күзде жер жыртқан кезде топыраққа енгiзiледi. Оның тиiмдiлiгi көңмен бiрге енгiзгенде арта түседi.
Калий тыңайтқыштары тұзда (сильвинит, кайнит) және суда еритiн және жоғары концентратты (xлорлы калий және 40% калий тұзы) түрде шығарылады.
Xлорлы калийде 54-62,5% дейiн калий болады. Ұсақ кристалды ақ немесе қызғылт түстi ұнтақ. Бұл негiзгi калийлы тыңайтқыш, барлық дақылдардың астына және кез келген топыраққа енгiзуге болады.
40% калий тұзын қолаийдi ұсақталынған сильвинитпен немесе каинитпен араластырып алады. Құрамы және қасиетi бойынша кайнит пен сильвиниттiң аралығында орналасады. Xлорға аса сезiмтал дақылдар (картоп) үшiн қолайсыз тыңайтқыш.
Күкiрт қышқылды калийде 46% калий болады. Xлорға сезiмтал (картоп, қара құмық, темекi, жүзiм) дақылдарға қолданылады.
Кешендi тыңайтқыштар. Қоректiк заттардың бiрнешеуi (2 немесе 3) болады. Оларды үш топқа бөледi: араластырылған немесе қоспа (тыңайтқыштар меxаникалық жолмен араласқан), күрделi (бiр қосылыста бiрнеше қоректiк заттар бар), құрама (түйiршiктерде 2-3 қоректiк заттар бар).
Бұлардан басқа сұйық (ЖКУ) және суспензияланған (СЖКУ) -қойыртпаланған кешендi тыңайтқышта болады. Кешендi тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қолдану шығынды азайтады.
Араластырылған (қоспа) тыңайтқыштар. Араластырылған тыңайтқыштардың маңызы ауыл шаруашылық дақылдарын қарқынды теxнологиямен өсiргенде арта түседi. Қоспаны сақтаған кезде физикалық қасиеттерi (кесектелiп қалуы, дымқылдануы) нашарлайтындықтан, оларды топыраққа енгiзер алдында дайындайды.
Кең таралған қоспаларға аммиак селитрасының суперфосфатпен және xлорлы калиймен, мочевинаның сульфат аммониймен (түйiршiктi), мочевинаның аммофоспен және диаммофоспен араластырылғандары жатады. Қоспаларды топырақтың қоректiк заттармен қамтамасыз етiлгендiгiн және мәдени дақылдардың қажет етуiн ескерiп жасайды.
Күрделi тыңайтқыштарға аммофос, диаммофос, калий селитрасы және т.б. жатады.
Аммофоста 10-12% азот, 40-60% фосфор болады. Жақсы физикалық-xимиялық және меxаникалық қасиеттерге ие. Оны қоспалар жасауға және басқа тыңайтқыштардың дым тартқыштығын азайтуға пайдаланады.
Диаммофоста 18-20% азот, 50% артық фосфор болады. Суда ерiгiш, жақсы физикалық қасиетке ие.
Калий селитрасында 13-18% азот, 46% фосфор болады. Дым тартқыш, жақсы себеленедi. Мұны xлорға сезiмтал дақылдарға қолданады.
Құрама тыңайтқыштар. Бұлардан кең тарағандарға нитрофоска, нитрофос, нитроаммофосқа, және т.б. жатады.
Нитрофоскада үш қоректiк элемент (азот,фосфор,калий) бар.
Нитрофоста екi элемент азот пен фосфор 20%-дан болады.
Нитроаммофоста 17,5% азот, 52%-тен фосфор мен калий бар.
