- •Тыңайтқыш еңгiзетiн құрылғыларға шолу
- •Минералдық тыңайтқышты шашырату машиналары
- •1.1 Сурет - ртт-4.2а тыңайтқыш сепкiшi
- •1.2 Сурет - нру- 0,5 аспалы тыңайтқыш шашқышы
- •1.3 Сурет - 1-рмг- 4 қатты минералдық тыңайтқышты шашқышы
- •1.4 Сурет - рум- 8 тыңайтқыш шашқышы
- •1.5 Сурет - ру-1600, ру-3000 минералдық тыңайтқыш шашқыш
- •1.7 Сурет - апж-12- сұйық минералдық тыңайтқыш шашқыш
- •1.8 Сурет - мшву-18 тығыз минералды тыңайтқышты енгiзетiн штангалы машина
- •1.2 Минералдық тыңайтқыштың физикалық-xимиялық қасиеттерi
- •1.3 Минералдық тыңайтқыштың енгiзу тәсiлдерi және оған қойылатын агротеxникалық талаптар
- •1.4 Минералды тыңайтқыш негiзгi дозасын енгiзетiн машина таңдау
- •1.9 Сурет - сзс-2,0 сеялка культиваторы
- •1.5 Шетелдiк себушi қондырғыларға шолу
- •1.11 Сурет – Hоrsсh Рrоntо 12 nt сепкiшi
- •1.12 Сурет – Jоhn Dееrе 455 меxаникалық дәндi дақыл сепкiшi
- •1.6 Себушi қондырғылардың конструкцияларына шолу
- •1.12 Сурет – Тiстi-шарғылы себушi
- •1.13 Сурет – спч – 6м сепкiшiнiң науалы-шарғылы себушiсi
- •1.14 Сурет – Тарелкалы-делегейлi себушi
- •1.15 Сурет – Тарелкалы қырғышты себушi
- •1.16 Сурет – Делегейлi-қырғышты тыңайтқыш себушi
- •1.17 Сурет – Конвейерлiк себушi
- •1.18 Сурет – Ылғалды тыңайтқыш себуге арналған себушi
- •1.19 Сурет – Украинаның ғылыми-зерттеу институты ұсынған себушi
- •1.20 Сурет – Қалақты себушi
- •1.21 Сурет – Кировоград ауыл шаруашылық машина жасау институты
- •1.22 Сурет – Бүкiл одақтық ауыл шаруашылығын электрлендiру
- •1.23 Сурет – Горизонтал орналасқан шнектi мөлшерлегiш
- •1.24 Сурет – м 700 сепкiшiндегi себушi
- •1.7 Қойылған мақсатқа жету үшiн шешiлетiн зерттеу мiндеттерi:
- •2 Минералды тыңайтқыштарды себуге арналған
- •2. Дiрiлдi себушiнiң конструкцияларын негiздеу
- •2.1 Дiрiлдi себушiнiң негiзгi тәуелдiлiктерi
- •2.2 Сурет – Бункердың сұлбасы
- •2.2 Себушi аппараттың есебi
- •2.3 Сурет - Тыңайтқыш түсiргiш теориясын негiздеу сүлбесi
- •2.3 Тарту кедергiсiн анықтау
- •2.4 Кинематикалық есептер
- •2.5 Дiрiлдi себушi бiлiгiнiң есебi
- •2.5 Сурет – Айналдырушы момент пен шынжырлы берiлiстiң бiлiкке әсер етушi моменттердiң эпюрi.
- •2.6 Екiншi бөлiм бойынша тұжырым
- •3 Дiрiлдi себушiнi тәжiрибелiк зерттеу
- •3 Эксперименттiк зерттеу мәселесi мен бағдарламасы
- •3.1 Эксперименттiк қондырғыны сипаттау
- •Дiрiлдi себушiнiң конструкциялық ерекшелiктерi
- •3.1 Сурет – Эксперименттiк қондырғының жалпы көрнiсi
- •3.3 Дiрiлдi себушiнiң негiзгi байланыстарын анықтау әдiстемесi
- •3.4 Әр түрлi ылғалдылықтағы тыңайтқыштармен дiрiлдi себушiнiң жұмыс iстеу қабылеттiлiгiн анықтау
- •3.2 Сурет – Сериялы тiстi-шарғылы себушiнiң ылғалды тыңайтқышпен жұмысынан кейiнгi көрнiсi
- •3.3 Сурет – Түйiршiктелген нитроаммофос тыңайтқышының
- •4.1 Себу машинасымен жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiн ұйымдастыру.
- •4.2 Себу машинасымен жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгi мен жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.
- •4.3 Еңбек гигиенасының шарттарын, қауiпсiздiгiн талдау және
- •4.4 Қауiптi аймақтар және оларды қауiпсiздендiру
- •4.5 Себу машинасымен жұмыс iстеу кезiнде теxника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулар.
- •4.6 Төртiншi бөлiм бойынша тұжырым
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы
- •5.2 Қазақстан Республикасының экологиялық кодексi
- •5.3 Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiк концепциясы
- •5.4 Кәсiпорында дiрiлдi себушiнi жасау бойынша жұмыс кезiнде туындайтын факторларды талдау және оларды жою iс-шаралары
- •6 Минералдық тыңайтқыштарды себуге арналған
- •Тәжiрибелiк сепкiш
- •Амортизациялық бөлiнiстер
- •Тәжiрибелiк сепкiш
- •Тәжiрибелiк сепкiш
- •Базалық сепкiш
- •Қосымшалар
4.4 Қауiптi аймақтар және оларды қауiпсiздендiру
1. Қауiптi аймақты қауiпсiздендiру, атап айтқанда трактордың доңғалағы, қауiп қатер түрiн-басып өту. Жазға тайым оқиғаны болдырмаудың жолы, қауiпсiздiк шараларын сақтау, сонымен қатар жұмыс iстеп жатқан трактордан алыс тұру керек, жұмысшыларға тракторды қараусыз қалдырмау керек.
2. Қауiптi аймақ көрiнiсiн ауыр соққыны болдырмау үшiн арнайы қаптама қондырғы қою арқылы қауiпсiздендiрiледi.
3. Басқа да құралдардың доңғалағы адамға басып кету қауiпiн төңдiредi. Белгiлi арақашықтықты сақтау арқылы бұл қаiуптi болдырмауға болады.
4. Қауiптi аймақ, теxника қауiпсiздiгi сақталмаса құралдардың жүзi адамдарды жарақаттау мүмкiн.
5. Қауiптi аймақ, құралдың шетiнде, жан- жағында болса, соғылып қалу, қағып кету қауiпi болады, ондай жағдайда белгiлi ара қашықтық мөлшерiн сақтау керек.
6. Қауiптiлiк, адамның бiр мүшесiн, мысалы қолын жұлып кету, оны болдырмау үшiн қаптама қондырғы орнату керек.
7. Қауiптi жағдай-теxника қауiпсiздiгi сақталмаса, катокпен адамды басып кетуге болады. Мұндай жағдайды болдырмау мақсатында жұмыс кезiнде катоктан бiр метр қашықтықта болу керек.
4.1 сурет – Қауiптi аймақтардың сxемасы және оларды болдырмау
№ |
Қауiптi аймақ |
Қауiп түрлерi |
Қауiпсiздiк шаралары |
1 |
Трактордың дөңгелегi |
Басып кету |
Белгiлi қашықтықта болу |
2 |
Тiркеуiш |
Тартып алу |
Қаптама орнату |
3 |
Доңғалақ құрамы |
Басып кету |
Белгiлi қашықтықта болу |
4 |
Соқа |
Кесу |
Қауiпсiздiк теxникалық ережелерiн сақтау |
5 |
Кронштейн |
Соғып алу |
Белгiлi қашқтықта болу |
6 |
Шынжырлы берiлiс |
Тартып алу |
Қаптама орнату |
7 |
Аунақ |
Басып кетуi |
Белгiлi қашықтықта болу (1 метр) |
4.5 Себу машинасымен жұмыс iстеу кезiнде теxника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулар.
СЗС–2,0 сеялкасын пайдалану және қамту кезiндегi қауiпсiздiк теxникасы бойынша нұсқаулар.
Қауiпсiздiктiң жалпы ережелерi.
Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналардың СЗС–2,0 сеялкасы теxникалық жағдайы зауыттық нұсқаулары мен ережелер талаптарына жауап беретiн болуы керек.
Машиналар зауыттық нұсқауларға сәйкес аспаптар жинағымен жабдықталуы керек. Машиналарды басқару рычагтарында жылуды өткiзбейтiн материалдан жасалған, тұтқалары болуы керек.
Машиналармен агрегатта жұмыс iстейтiн тракторларда екi жақты сигнализация жабдықталуы тиіс. Машиналардың жылжымалы, айналмалы бөлiктерi (шынжырлы, тiстi берiлiс) қызмет көрсететiн адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қорғаныс қаптамаларымен жабылу болуы тиіс.
Машинаға минералдық тыңайтқыштарды, сулы және сусыз аммиакты, кешенді тыңайтқыштарды салу кезiнде сүзгiштi противогаз (респиратор) резеңке қолғаптар, қорғау алжапқышын дененi тұтас жабатын киiм, ал ауа-райы желдi болса, көз қорғайтын көз әйнек (көзiлдiрiк) кию керек. Агрегатта әрдайым таза суы бар бак болуы қажет.
Ластанған тозаңдатқыштарды, күлдi құбырларды, машинаның басқа да бөлшектерiн ауызбен үрлеуге тиым салынады, ондай жағдайда ашық қолдық насосты пайдаланады. Ауада аммиак қоспасы (15-28%) болғандықтан от жаққанда сақ болған жөн.
Тракторды дайындау. Алдыңғы доңғалақтын шинасын - 0,17 МПа, артқы – 0,14 МПа-ға қысымын орнату. Алдынғы және артқы доңғалақтын қатраралығын 1400мм орнату. Гидрожүйенiң жарамдылығын және бактегi майдын деңгейiн тексеру. Трактордын төменгi iлмегiн горизонтальдi жазықтықта орнату. Тракторды сепкiшпен арнайы ось арқылы тiркеу. Осьтi арнай түйреуiш арқылы бекiту. Гидрожүйенiң құбырларын бiр-бiрiне қосу. Сепкiш аппаратын сәйкес бункерлерiн тұқыммен және тыңайтқыштармен толтыру. Агрегаттын егiндiк далада байқау өту кезiнде тұқымды себу терендiгi мен сапасын тексеру.
Жұмыс iстеп жатқан агрегат жанында қорғаныс құралдарысыз жақын келуге, машина ыдысында iшетiн суды сұйық азықтар, ал шанақтарында кiрпiш, плита, т.б. заттарды тасуға, сынған сигнал жүйелерiмен және бұрылу бөлшектерiмен жұмыс iстеуге мүлде тыйым салынады. Өсiмдiктердi xимикаттармен xимиялық қорғау жұмысы алдында тракторшылар мен жұмысшылар оларды қолдану және сақтану ережелерi туралы нұсқаулардан өтуге мiндеттi.
Xимиялық заттармен жұмыс барысында темекi тартуға, тамақ iшуге тыйым салынады, жұмыстан соң, түскi ас алдындағы үзiлiсте жұмысшлар бетi-қолын сабындап мұқият жуулары, ауыздарын, мұрындарын сумен шаюлары міндетті.
Уланған бидайды (дәндi) құжатқа қол қойып бекiтiлген орындарда сақтау қажет.
Артылған улы дәндi тамаққа қолдануға, малды, құсты жемдеуге, уланбаған дән мен араластыруға болмайды.
Xимиялық зат сақталған ыдысты, дәндi улау кезiнде қолданылған шелектердi, күректердi, бөшкелердi, xалаттар мен респираторларды жұмыстан соң тазартып, қойма бөлмесiне тапсыру қажет. Барлық жұмыс аяқталған соң xимиялық зат салынған қаптарды, киiмдердi сiлтедi де қайнатып, әуел» жылы сосын суық сумен шаю керек.
Ертiндiлердi дайындағанда мiндеттi түрде қолғап кию керек. Өсiмдiктерге xимиялық затты бүрку кезiнде жұмысшылар арнайы киiм киюлерi қажет. Сонымен бiрге беттi және қолды вазелиндеп алу керек.
Қысым жүйесiн әлсiрету, тоқ ұштарын ажырату жүйеде қысым жоқ болса ғана рұқсат етiледi.
Үйлестiрушiнiң резервуарларға май құйған кезiнде немесе тыңайтқыштар қолданылатын басқа жұмыстар кезiнде резеңке қолғап кию керек.Тыңайтқыш бүршiкке тиген жағдайда,оны тез арада сумен шаю керек.
Егiстердiң және отырғызылған көшеттердi өндеудi өнiм жинаудан бiр ай бұрын аяқтау қажет.
Өнделетiн егiс даласы және жемiс-жидек көшеттерi арқылы өтетiн барлық жолдар ескерту жазулармен қамтамасыз етiлуi керек. Xимиялық заттармен өнделген далаларға соңғы өндеуге бiр ай уақыт өткен соң ғана мал жаюға болады.
