Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.09 Mб
Скачать

4.2 Себу машинасымен жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгi мен жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналардың тыңайтқышты культиваторы теxникалық жағдайы зауыттық нұсқаулары мен ережелер талаптарына жауап беретiн болуы керек.

Машиналар зауыттық нұсқауларға сәйкес аспаптар жинағымен толық жабдықталуы керек. Машиналарды басқару рычагтарында жылуды өткiзбейтiн материалдан жасалған, тұтқалары болуы керек.

Машиналармен агрегатта жұмыс iстейтiн тракторларда екi жақты сигнализация болуы керек. Машиналардың жылжымалы, айналмалы бөлiктерi қызмет көрсететiн адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қорғаныс қаптамаларымен жабылған болуы керек.

Тракторлар дәрiгерлiк қобдишамен қамтамасыз етiлуi керек. Iшетiн су багi немесе термос күнделiкте сумен толтырылып тұру керек. Трактор кабиналары төмендегiдей талаптарға сәйкес болуы керек: артқы, алдыңғы және бүйiр терезелерiнiң шыныларында сынықтар болмау керек, есiктер құлпылары жөндi жұмыс iстеу керек, олар есiктердiң өздiгiнен ашылып кетуiн болдырмау керек, бақылау-өлшеу құралдарының щиттерi жарықтандырылған болу керек, трактористiң отырғышында үшкiр ұштар мен шығып тұрған серппелер болмауы керек, трактор еденiнде резеңкелi төсенiш болуы керек. Барлық тракторлық тiркемелерде, оның жүрiс кезiнде тежеуге мүмкiндiк беретiн, кабинаның iшiнен тежеуге болатын басқару болу керек.

Жұмыс алдындағы қауiпсiздiк талаптары. Машинаның қозғалыс маршруты мен жұмыс iстеу учаскесi бойынша тапсырма алу керек, өңделетiн учаскенiң рельфiн бiлу керек, бұрылыс және ауысу орындарын бiлу керек. Меxанизмдердiң айналмалы бөлшектерiнiң сыртында қорғау қаптамаларының болуын тексеру керек, аспаптар, құралдар, жабдықтардың дұрыстығын тексеру керек, дәрiгерлiк аптечкалардың болуын, су бөлiгiнiң iшiнде су болуын тексеру керек.

Жұмыс iстеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары. Тракторды басқаруды осы тракторге бекiтiлген адамдарға беруге болмайды. Жұмыс органдары мен меxанизмдерiн тексерiп реттеу керек, ақаулықтарды двигатель өшіп тұрғанда ғана жою керек.

Трактордың кез келген бөлiгi бұзылған, iстен шыққан кезде тракторды тоқтату керек және жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде рульдiк доңғалақта нақты жазбасы бар кестенi қалдыру керек «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс iстеп жатыр»

Жұмыстан кейiнгi қауiпсiздiк талаптары. Агрегатты тұрақ орнына қою керек, ауыл шаруашылық машинаны тазалау керек, тежеп қою керек, ол үшiн доңғалақтар астына тiреулердi қою керек. Тракторды балшық пен шаңнан тазарту керек, сыртқы қараудан өткiзу керек, жұмыс орнын тәртiпке келтiру керек. Ауысымды тапсыру кезiнде келесi ауысымды жұмыс iстейтiнге трактордың теxникалық жағдайы жөнiнде мәлiметтердi айту керек, оған учаскенiң рельфiнiң ерекшелiктерi туралы мәлiмдеу керек. Арнайы жұмыс киiмiн шешiп, жуыну керек.

4.3 Еңбек гигиенасының шарттарын, қауiпсiздiгiн талдау және

сортаң топырақты комплекстi мелиорациолау трансанитариясы

және оларды жақсартудың шаралары

Тәжiрибелiк машинада жұмыс iстеу барысында мелиоранттарды салғанда киiмге көп шаң тиедi, аққан терiмен араласып терiге жабыса, оны тiтiркендiредi және терi ауруының пайда болуына әсер етедi. Адамның организiмiне судың көп түсуiне байланысты оның денесi жылдам терлейдi, суланады, яғни терiге тыңайтқыш жабысады.

Судың iшу тәртiбiн сақтау қажет, мүмкiндiгiнше ауызды таза сумен оқтың-оқтың шаю керек.

Мұнай өнiмдерiнiң булары меxанизаторлардың денсаулығына үлкен зиян келтіреді, олар көздiң шырышты қабығын тiтiркендiредi, тыныс жолдары және организмдi улайды.

Терiге тиген мұнай өнiмдерi терi қабыну ауруларына жол бередi.

Егiс даласындағы жұмыс барысында меxанизатор күрделi жағдайда жұмыс iстейдi, оған қоршаған ортаның температурасы, шуы әсер етедi.

Осыған орай еңбек жағдайларын жақсарту барысында әртүрлi шаралар өткiзiледi. Тракторларда ауа тазартатың құралы бар герметизацияланған кабина орнатылады. Меxанизатор таза киiм киюге тиiстi, қолдарын жиiрек жууы, жұмыс соңында душта немесе моншада жуынуы қажет.

Жұмыс уақытында меxанизаторлардың қол астында әрқашан дәрiгерлiк қобдиша болуға тиiстi.

Жұмысқа кiрiсер алдында меxанизатор жұмыс орнында бригадирмен бiрге, қол қойып теxника қауiпсiздiгi туралы нұсқаумен танысады. Теxника қауiпсiздiгi туралы көрнектi құралдармен, әдебиеттермен және газеттермен қамтамасыз етiлген тынығу бөлмелерi болуы керек. Травматизм себептерiн анықтау өндiрiс травматизiмiн сапалық және сандақ бағалау үшiн травматизм себептерiн зерттеу әдiстерiн пайдаланылады.

Жарақаттану жөнiнде анықталған мәлiмдемелер жарақаттанудың көпшiлiгi теxника қауiпсiздiк ережелерiн сақтамаудан болатынын көрсетедi.

Еңбектi қорғау және теxника қауiпсiздiгi туралы нұсқауларды өткiзу өндiрiс травмватизiмiн болдырмаудың басты жолы болып табылады. Өткiзiлетiн шаралар жоспарына травманы болдырмау құралын ойлап табу, оларды даярлау, өндiрiс санитариясын жақсарту жұмыстарын ұсыну, енгiзу қажет.

Өндiрiс травматизiмiнiң анықталған себептерiн жою үшiн, жұмысшылар мен теxника қауiпсiздiгi ережелерi жөнiнде оқу жүргiзу қажет.

Егiс даласындағы жұмыс барысында агрегат қозғалысынан пайда болатын шу, дiрiлдеулер, ауаның ластануы меxанизаторға зиянды әсер етедi.

Машиналарға тыңайтқыштар мен мелиоранттарды құю кезiнде ауада шаң қатты көтерiледi. Меxанизатор барлық сақтық әрекеттерiн орындауға тиiстi. Шаңды көбейтетiн басты нәрселер:

а) Машинаның жүретiн бөлшектерi және құрал-саймандары

б) Машинаның жұмыс iстейтiн органдары

Ауаның қатты ластануына агрегат қозғалысының жылдамдығы, машинаның қамту көлемi, желдiң бағыты мен ауаның және топырақтың ылғалдылығы үлкен әсер етедi. Ауа шаңнан басқа агрегат қозғалысында пайдаланылған газдан да ластанады.

Агрегат шуының басты себебi қозғалтқыштың, басқа да жұмыс iстейтiн бөлiмдердiң жұмыс iстеуi болып табылады.

Қатты шудан адамның жүйкесi тозады, назары қою қабiлетi әлсiрейдi, сонан ол жазға тайым ұшырауы мүмкiн.

Тәжiрибелiк машиналардың конструкция сәйкестiгi «Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының еңбек гигиенасы қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптарына».

Негiзгi сәйкеспеушiлiкке мыналар жатады:

1) Адамның минералды тыңайтқыштармен тығыз байланысу мүмкiндiгi;

2) Агрегатқа май құю кезiнде шаңның өте көп болуы;

3) Меxанизатордың жұмысшы органдардың қауiптi жерлерiмен әрекетi;

4) Агрегатқа мелиорант тиеу кезiндегi қолайсыздық.

Машина конструкциясы дұрыс болған жағдайда қосымша қоршау қажет емес.