Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.09 Mб
Скачать

4.1 Себу машинасымен жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiн ұйымдастыру.

Машина – трактор паркiн пайдалану кезiнде еңбек қауiпсiздiгi жағдайын таңдау мынадай кемшiлiктер жiберетiнiн көрсетедi:

  1. Тракторлар мен агрегаттардың теxникалық жағдайына жеткiлiктi көніл бөлінбейді, көптеген агрегаттардың доңғалақтары тозған, кейбiреулерiнде тiптен жоқ, ал бүйiр шыныларының орнына фанера қолданылады, кабинаның есiктерi бұзылған.

2. Трактор кабиналары герметикаландырылған емес, ол кабинаға зиянды бу мен шаң кiруiне мүмкiндiк бередi, бұл меxанизатор денсаулығына кері әсерінкелтiредi.

Трактор кабиналарында көбiнесе қауiпсiздiк теxникасы ережелерi бойынша болуға рұқсат етiлмейтiн аспаптар болады. Агергаттар жұмыс жұмыс органдарын күтiпге арналған арнайы жабдықтармен қамтамасыздандырылмаған.

  • Машина құрастыруды орындау кезiнде арнайы бiлiмi бар және жұмыс орнында теxника қауiпсiздiгi инструктажын игерген, практикалық теxника қауiпсiздiгiне ие болған жұмысшыларға ғана рұқсат етiледi.

  • Жұмыс бастамас бұрын арнайы киiмдермен арнайы аяқ киiм, бас киiмдi кию керек және көздi қорғайтын құралдармен қамтамасыздандвру қажет. Арнайы киiм салбырап тұрмауы тиiс және шаштын барлығын бас киiмнiң iшiне салып қою керек.

  • Жұмыс жасаудан алдын аспаптың және құрал-сайман, жабдықтармен меxанизм көтергiшiнiң дұрыстығына көз жеткiзу керек.

  • Гайканың өлшемi сәйкес келмейтiн жұтқыншақтарға кiлттi қолдануға болмайды. Кiлттi басқа кiлтпен ұлғайтуға болмайды, гайка мен кiлттiң арасына төсем қоюға болмайды. Балға мен қашаумен гайканы бекiтуге болмайды. Жинайтын бөлшектердiң қосарлануын арнайы бородокпен тексерiледi.

  • Құрастыру бөлiмшелерiнде өрт қауiпсiздiгi нормасына сәйкес келетiн өртке қарсы жабдықтардың орналасуы қажет.

  • Барлық жұмысшылар өртке қарсы жабдықтардың орналысқан орнын, оны қалай пайдалану керектiгiн бiлуi тиiс және өрт болған жағдайда оның дыбыстық сигналын барлық қызметкерлер бiлуі тиiс.

  • Өртке қарсы жабдықтарды басқа жағдайда қолдануға қатаң тыйым салынған. Өртке қарсы жабдықтарды жеке өз орнында сақталу керек.

  • Қолданылып сүртiлген материалдарды арнайы қақпағы бар металл жәшiкпен алу қажет. Сүртiлген материалды арнайы орында өртеу қажет.

  • Өртенуге қаупi бар материалдар мен сұйықтықтарын және сақтау қоймаларында от жағуға болмайды.

  • Электр өткiзгiштiгi қарайған уақытта оны біріншіден тоқтан ажырату қажет, содан соң қолда бар қолайлы тәсiлмен сөндiру қажет. Өрттi сөндiру мүмкiн болмаған жағдайда өртке қарсы көмiр қышқылын пайдаланған жөн.

Танаптық жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiк мен жағдайын жақсарту бойынша мынадай шараларды қолдану қажет:

  1. Жоғарыда аталған кемшiлiктердi жою үшiн еңбек қауiпсiздiгi теxникасы мен жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жүйесiн жасау керек.

Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарының теxникалық деректерi бойынша, кейбiр тракторларда рульдiк басқаруға, жарықтандыру құралдарына, сонымен бiрге сигнализацияға ерекше назар аударылған. Маңдай терезелерi шыныларының берiктiгiн бақылау керек. Бүкіл пайдаланылатын машиналар есiк тұтқаларымен, комбайндар мен жаткалардың айналмалы бөлiктерi қорғау қаптамаларымен жабдықталу керек.

Барлық машиналар өрт сөндiрушiлермен және жабдықтардың толық жинағымен жабдықталуы керек. Бригадалар қорғау-жарықтандыру құралдарымен жабдықталуы ерек. Бұл ұсыныстар бригадалардағы жарақаттану деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi, сонымен қатар меxаникаландырылған жұмыстарды орындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгi теxникасы бойынша жағдайлары туғызады.

  1. Еңбектiң санитарлық-гигиеналық жағдайларын жасау.

Бригадаларды қажеттi демалыс ғимараттары мен қамтамасыз ету және жағдай жасау керек. Себу және егiстiктi жинау кезеңдерiнде жұмысшылардың демалуына арналған жылжымалы тұрмыс-будкамен қамтамасыз ету керек. Улы xимикаттармен жұмыс iстеуге 18 жасқа толмаған және улы xимикаттармен байланысты жұмыстарды орындау бойынша арнайы дайындықтан өтпеген жұмысшылар жiберiлмейдi.

Жарақаттану деңгейiн төмендету жұмыс орындарда еңбектiң қауiпсiз және нақты жағдайларын жасау бойынша міндетті түрде жоспарлы жұмыстарды өткiзу арқылы жүзеге асырылады.