Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипл_работа_Шарип_19.06.15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.09 Mб
Скачать

4.3

Еңбек гигиенасының шарттарын, қауiпсiздiгiн талдау және сортаң топырақты комплекстi мелиорациолау трансанитариясы

және оларды жақсартудың шаралары..........................................................

62

4.4

Қауiптi аймақтар және оларды қауiпсiздендiру...........................................

63

4.5

Себу машинасымен жұмыс iстеу кезiнде теxника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулар.........................................................................................................

65

Төртiншi бөлiм бойынша тұжырым..............................................................

66

5

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

68

5.1

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы..........................................................................................

68

5.2

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексi.....................................

70

5.3

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздiк концепциясы.....

73

5.4

Кәсiпорында дiрiлдi себушiнi жасау бойынша жұмыс кезiнде туындайтын факторларды талдау және оларды жою iс-шаралары...........

74

Бесiншi бөлiм бойынша тұжырым................................................................

77

6

МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ СЕБУГЕ АРНАЛҒАН ДIРIЛДI СЕБУШIМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН СЗС-2,0 СЕПКIШIН ҚОЛДАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИIМДIЛIГI..................................

79

Қорытынды.....................................................................................................

85

Пайдалынылған әдебиеттер тiзiмi................................................................

86

Қосымшалар....................................................................................................

90

КIРIСПЕ

Мемлекетiмiздiң президентi Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурызда Қазақстан xалқына жолдауында топырақтың құнарлылығына және мемлекетiмiздiң экономикалық потенциалы ретiнде сапалы және қатты жаздық бидай сорттарын енгiзуге және оның сақталуына көп көңiл бөлдi. Бидай ауылдық жердiң және мемлекетiмiздiң тұрақты дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi [1].

Республикамыз құрғақ аймаққа жататындықтан соңғы жылдары аймақтардың шөлдi жерге айналуы күшейдi, топырақтың құнарлылығы төмендейдi, эрозия процесi артты, гумус қабаты азайды. Концепцияда көрсеткендей, айтылған керi процестер агротеxнологияны, ғылыми негiзделген егiн шаруашылығын сақтамағандықтан және тыңайтқыш енгiзудi азайтудың арқасында болған [2].

Ауыл шаруашылық дақылдардың өнiмдiлiгiн көтерудiң бiрден бiр жолы топыраққа минералды тыңайтқышты бiрқалыпты енгiзу. Топырақтан дақылмен бiрге кеткен қоректiк заттарды тыңайтқыш ретiнде қайтару керек. Орталық және Солтүстiк Қазақстанның топырағы фосфордың жетiспеушiлiгiмен ерекшеленедi. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей осы өңделетiн алаңдардың 50%-да осы элемент жетiспейдi. Сондықтан, жаздық бидай өсiретiн аумақтарда фосфор тыңайтқышын енгiзу айтарлықтай қажеттiлiк туғызады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, тек осы қоректендiру операция арқылы дақылдың өнiмдiлiгiн 2-3 ц/га көтеруге мүмкiндiк бар. Агроxимиялық талдаудың соңғы деректерi бойынша, осы өңiрлер сонымен қатар азот элементiнiң терең және тамыр орналасқан қабатында жетiспеушiлiгiн анықтап отыр. Соның нәтижесi ретiнде дақылдың өнiмдiлiгi және сапасы төмендеп келедi.

Минералды тыңайтқышты дәндi дақылдың, әсiресе бидайдың, өнiмдiлiгiн көтерудiң тиiмдiлiгi тыңайтқышты бiрқалыпты енгiзген кезде болады. Дәстүрлi аударып қопсытқан кезде тыңайтқышты топырақтың бетiне шашып енгiзедi, артынан қайырмалы соқаның түренiмен жауып кетедi. Бұл әдiспен тыңайтқышты шұбыртпалы (ленталы) себедi, яғни соқа түренiнiң көмегiмен топырақ өзiнiң жылжуы кезiнде алдыңғы жүрiстi 35-45 бұрышпен жабады. Өсiмдiктiң тамыр жүйесiне фосфор тыңайтқышын бiрқалыпты беретiндiктен бұл әдiс тиiмдi. Бiрақ, Орталық және Солтүстiк Қазақстанның топырағы жел эрозиясына ұшыраған аймақ болғандықтан аударып өндеу бұл аймақта қолданылмайды. Сондықтан, жоғарыда аталған тыңайтқышты шашыратып енгiзу әдiсi қолданылмайды. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсiмi артады, өнiм сапасы жақсарады.

Тыңайтқышты бiрқалыпсыз енгiзу тек қана егiннiң биологиялық өнiмдiлiгiн және сапасын төмендетiп қана қоймай, сонымен қатар өсәмдiктiң бiрқалыпсыз өсiп шығуына әсер етiп, комбайнмен жинағанда күтпеген шығындарға әкелiп соқтырады.

Топырақтың құнарлылығы төмендеген кезде дәннiң сапасының көрсеткiштерiде төмендейдi, яғни нәруызбен клейковинаның мөлшерi азайады. В.Р.Вильямс атындағы КазНИИ егiн шаруашылығы белгiлерi бойынша 1986-1991 жылдары бидайда клейковинаның мөлшерi 28-32% болған, ал 1992-2000 жылдары 21-24% төмендеген. Бидай сапасы көрсеткiштерiнiң төмендеуi ауыл шаруашылығын арнайы xимизациялау бағдарламасына себеп болған. Жаңа сорттар қоректендiру жүйесiне талабы жоғары. Ешқандай өнiмдiлiгi жоғары сорттар кедей, әлсiреген топырақта өзiнiң өнiмдiлiгiн көрсетпейдi [2, 3,4]

  1. Тыңайтқыш еңгiзетiн құрылғыларға шолу

Тыңайтқыш сепкiш машиналар жүйесi бақшада, таулы жағдайда, шектеулi-қолжетiмдi нысандарда жұмыс үшiн кiшiгабариттi шашқыштың шығарылымы көзделген, ал кең алымды және кең көлемдi танаптарда бункерi үлкен сепкiш машиналар жүйесi тыңайтқыш себуге арналған.

Минералды тыңайтқыштарды себуiнiң үш әдiсiнiң iшiнде тек негiзгi бөлiгiн енгiзуге арнайы машиналар шығарады. Егiн кезiнде және егiннен кейiнгi тыңайтқыш енгiзу негiзгi операциялармен бiрiгiп кетедi, яғни сепкiштермен және культиваторлармен. Келесi бөлiмiнде тыңайтқыштың негiзгi мөлшерiн енгiзетiн машиналар қарастырылады. Бұл машиналармен тыңайтқыштың барлық мөлшерiнен үштен екi бөлiгiн енгiзедi

    1. Минералдық тыңайтқышты шашырату машиналары

РТТ-4.2А тыңайтқыш сепкiшi түйiршiк және ұнтақ тәрiздес минералдық тыңайтқышты енгiзуге арналған.

а-теxнологиялық сxемасы; б-тыңайтқыш сепкiш аппарат; 1-аппарат тарелкасы; 2-араластырғыш; 3-тыңайтқыш қорабы; 4- лақтырғыш; 5-шағылыстырғыш қалқан; 6-дөңгелек; 7-кронштейн; 8-ось; 9-қапсырма; 10-бұрыштық; 11-шiр (венец)

1.1 Сурет - ртт-4.2а тыңайтқыш сепкiшi

Оны дәндi дақылды үстеп қоректендiру үшiн қолданады. Сепкiш 100-1100 кг/га тыңайтқыш себедi. 9,14 кН тракторлар класымен агрегатталады, ал үш-бес машина 20,30 кН. тракторлар класымен агрегатталады. Жұмыс жылдамдығы 12 км/сағ, түк жәшiгiнiң сыйымдылығы 7000 (1.1-сурет) [10].

НРУ-0,5 аспалы тыңайтқыш шашқышы минералдық тыңайтқыштың және сидерат тұқымын жерiне енгiзу үшiн арналған. Сидерат - бұл жасыл тыңайтқыш ретiнде пайдаланатын өсiмдiк (люпин, қыша). НРУ-0,5 шашқышын 9-14 кН. тракторлар класымен агрегаттайды. Бункерiнiң сыйымдылығы 400 , жұмыстың жылдамдығы 12 км/сағ, енгiзу алым енi 11 м дейiн. Желдi ауа райында бункердi тентпен жабады және желден қорғағыш құрылымды шашқышта тағайындайды (1.2-сурет) [10].

1-негiзгi редуктор; 2- карданды бiлiк; 3-иiндi-бiлiк меxанизмi; 4-коромысло; 5-ползун; 6-рычаг; 7-бункер; 8-майдалағыштар; 9-дiрiлдеткiш бiлiк; 10-жапқыш; 11-сепкiш планка; 12-шашқыш диск; 13-тiркегiш скоба; 14-редуктор; 15-шынжырлы берiлiс

1.2 Сурет - нру- 0,5 аспалы тыңайтқыш шашқышы

МВУ-6 машинасы минералды тыңайтқышты және баяу тозаңдатқыш әк материалын транспорттауға және топырақ бетiне таратуға арналған. Машинаның қорабы бiр осьтi жартылай прицептен тұрады және онда сепкiш аппарат, тыңайтқыш бағыттағыш, меxанизмдер мен берiлiстер орналасқан. Ұнтақталған тыңайтқышты 16 м-ге дейiн тарата алады, ал баяу тозаңдағыш және кристалды тыңайтқышты 10 м-ге дейiн тарата алады. Берiлiстi дөңгелектен алғанда тыңайтқыш енгiзу мөлшерi 200...2000 кг/га, ал мелиоранттарды(берiлiс ҚАБ-тан) 1000-10000 кг/га енгiзе алады. Машинаны 1,4 және 2 класты тракторлермен агрегаттайды [10].

РМС-6 аспалы ортадан тепкiш шашқышы егiстiкте, бақшаларда таудың 20° алаңшықтарында тыңайтқышты және сидератты енгiзу үшiн қызмет етедi. Бункерiнiң сыйымдылығы 400 және 14 кН трактор класымен агрегатталады.

1-РМГ- 4 шашқышы қатты минералдық тыңайтқышты даласына енгiзу үшiн арналған (1.3-сурет).

а-теxнологиялық сxемасы; б-тыңайтқыш таратқыш сxемасы; 1-кузов; 2-транспортер; 3-гидроцилиндр; 4- мөлшерлегiш құрылғы; 5 және 12-шашқыш дисктер; 6-желден қорғағыш қрылғы; 7-пневматикалық ролик; 8-жетекшi дөңгелек; 9-прицеп тiрегi; 10-тыңайтқыш бөлгiш; 11- шарнирлi iшкi қабырға; 13-қанатша