- •1.Қарбыздың пайда болу тарихы
- •Сорт тұрақтылығы
- •2 Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы
- •2.1 Табиғат жағыдайы
- •3.1 Ауыспалы егістегі орны
- •3.3 Қарбыз сорттарының өнімділік көрсеткіштері
- •3.5 Тыңайтқыштарды енгізу жүйесі
- •8 Кесте – Жер асты суларының жайласу деңгейіне
- •10 Кесте – Суарулар мен тыңайтқыштардың қарбыз жемісінің сапасына әсері
2 Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы
2.1 Табиғат жағыдайы
Аймақ аумағы көктем-жаз мезгілінің құрғақшылығы, жазғы жоғарғы және қысқы төменгі температуралар, жылдар бойынша жеткіліксіз және тұрақсыз жауын шашын мөлшерлері, олардың жаздық макисмумымен және жыл бойы айтарлықтай жел әрекеті тән күрт континентальді климатты құрғақ дала аймақ тармағында орналасқан.
Климаттың жеке элементтері Көктөбе метеостанциясының шаруашылығына жақын көпжылдық мәліметтермен сипатталады. Мәліметтер климаттық көрсеткіштердің оң және теріс жақтарын қадағалауға, мал азығына арналған жерлерді рационалды қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуде жағымды факторларды максималды қолдануға мүмкіндік берді.
Аталған аумақ үшін орташажылдық ауа температурасы оң болып, +2,7 °С (2014 ж +3,4 °С) құрайды. Ең суық ай қаңтар болып табылады (-17,5 °С) , ал ең жылы – шілде (+22,3 °С). Оң орташаайлық температуралар сәуірден қазан айларын дейін қоса алғанда байқалады. Осылайша вегетациялық кезең 5 айдан аса жалғасып, уақыты бойынша ауылшаруашылық дақылдарының көпшілігін өсіруге жеткілікті болып табылады. Көпжылдық мәліметтер бойынша жауын шашындардың орташажылдық мөлшері 226,0 мм құрайды (2014 – 2325,1 мм). Жауын-шашынның көп мөлшері ауа температурасы максимумға жеткен кез, жазғы кезеңде түседі. Ауа температурасының абсолютті максимумы +41 °С, абсолютті минимумы -47 °С құрайды. +5 °С-тан жоғары температуралы күндер саны 175 күнді құрайды. Ауадағы аязсыз кезеңдердің орташа ұзақтығы – 120 күн.
Соңғы аяздар күні (көпжылдық мәліметтер бойынша орташа алғанда) 20 мамыр, бірінші – 18 қыкүйекте.
Қар жабынының биіктігі (қыстағы ең үлкендерінен орташа алғанда) ашық аумақтарда 11 – 13 см құрайды. +5 °С жоғары температуралы кезеңдердегі жауын-шашын мөлшері 189 мм құрайды.
Жылы кезеңдердегі орташа алғандағы гидротермиялық коэффициент 0,5 – 0,7 мм/град тең. («Павлодар облысының агроклиматтық ресурстары» Алма-Ата, 1971 ж.).
Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,3 м/сек құрайды, көктемгі кезеңдерде ол жоғарылап, 5,0 м/сек жетеді. Аймақ аумағында барлық румбтар желдері, әсіресе онтүстік-батыс және батыс желдері байқалады. Қысқы кезеңде қатты желдер бұрқасын мен борандардың пайда болуына, жылдың жылы уақыттарында көп бөлігі мамыр және шілде айларына келетін шаңды дауылдардың қалыптасуына жағдай туғызады. Қатты желдердің ең көп күндері наурыз-мамыр айларында байқалады(6 күн).
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін климаттық жағдайлар жағымды. Онымен қоса, климат құрғақшылығы, әсіресе көктемде, қатты желдер, жылдар бойынша жеке климаттық көрсеткіштердің айтарлықтай ауытқуы жылдар бойынша тәлімді жер жағдайында төзімді, жоғары өнім алу үшін жағымсыз жағдайлар туғызады.
Бұндай жағдайларда төзімді және жоғары өнім алуға бағытталған ең ықпалды жолдары: қар тоқтату есебінен топырақты ылғалмен қамтуды жасанды түрде жоғарлату, суару, органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу, топырақты эрозиядан қорғау және т/б.
2.2 Топырақ жамылғысы
Аймақ аумағында көптеген жер үсті сулармен танымал (Жалтыр, Малыбай, Арал, Ақкөл және т/б) көлдер, жауын- шашын және жер асты суларының қуат көзі болып табылады. Ұсақ көлдер жазда құрғап қалады, тұзды суларға айнала отырып (Жалтыр, Малыбай, Арал, Ақкөл және т/б) үлкендеу көлдер атмосфералық сондай-ақ жер асты суларымен толығып отырады және де суды жыл бойы сақтайды. Аймақ аумағындағы барлық көлдер көбінесе тұзды көлдер және де сол себепті ауыл шаруашлығын суландыруға жарамсыз.
Биік жерлерде жер асты сулары 6 метр тереңдікте орналасқан және топырақ құрау процесіне әсер етпейді. Мұнда қоңыр топырақ қалыптасқан. Жер бедерінің төменгі элементеріне жер асты сулары жақын орналасқан ( 2-4 м) және бұл топырақ түзәлу процесіне әсер етеді. Бұл жағдайда шабындықты қоңыр топырақ түзіледі. Жабық жерлерде жер асты сулары 1-2 метр шабындықты топырақ құралған , көбінесе тұзды.
Микро жер бедері дамыған массивтерде жер асты (Жалтыр, Малыбай, Арал, Ақкөл және т/б) суларының деңгейі 0,5-2м. Жауын – шашын сулары төмен жерелерде жиналып құрғамайды және батпақтануға әкеліп соқтырады.
Аймақ аумағы сумен қамтамасыз ету деңгейі бойенша қанағаттанарлық.
Щарбақты ауданының аумағы қоңыр аймақта өзіндік нақты қоңыр топырақта орналасқан.
Ауа-райының, өсімдіктердің, жануарлар әлемінің, топырақ түзілу жыныстары, жер асты, жер үсті ылғалдану ерекшеліктері жер бедеріне байланысты, қазіргі заманауи топырақ түзілу процестерінің қабаттасуы уақыттың өтуіне байланысты топырақтардың табиғи өзгеруі, сонымен қатар олардың адамның іс –әрекеттерінің өзгеруі – бұның бәрі жер пайдалану аумағында әртүрлі мөлшерде топырақтардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Аймақ аумағында далалық топырақ тексерістер нәтижесінде топырақтардың келесі типтерімен типшелері анықталды:
Химиялық талдау мәліметтері бойынша қарашірік топырақтың жоғарғы 0-25 см қабатында олардың типі, типше және әртүрлілігімен 1974-2015жж аралығында әр жерден алынған және де шаруашылықтардың барлық аумақтарында көп жылдық екпе ағаштарын егуге қолданылады. Топырақтардың құрамында қарашірік мөлшері тұрақтанған немесе типтен аз мөлшерде көбеюі байқалады. Жыртылмалы алқаптар құрамында топырақты ұзақ уақытқа пайдаланудың кері әсерін төмендету, органикалық қалдықтарды тура өтеу сонымен қатар жанама минералдық тыңайтқыш қолдану арқылы өтеуге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін ұлғаюына және биомассаның көбеюіне әсер етеді. Жоғарыдағы баяндаманың негізінде топарақ құнарлығын сақтауға байланысты іс – шаралар кешенің қатан түрде сақтау керек.
Қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны әсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның құрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты, көбінесе қант диабетімен ауыратындарға қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан тұрады. Қант мөлшері бойынша карбыздар көптеген жемістер мен жидектерден асып түседі, тіпті ананас, жүзім, алмұрттан кем емес.
Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді реттестіруге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В, С,), пектиндер, сіңімді ДК тұздары,сондай-ақ фолий қышқылы мен темір сияқты заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланады.
Қарбыз жұмсағын ұзақ пайдалану мақсатында, олардың жемістерін консервілейді-тұздайды.
Қарбыздар - тағам өнеркәсібі үшін құнды шикізат. Олардаң құрамында 65% қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) дайындайды. Қарбызды өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынан). Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель және повидло дайындайды.
Стандарт талаптарына сай емес өте пісіп кеткен, ұсақ және жарылған қарбыздарды өте кұнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз жемісінің қабығынан тосап, цукат, ал қара қабықтылардан тағамдық бояу дайындайды.
Қарбызды өңдегенде, оның бөлініп алынған тұқымдарынан май өндіруге болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық, иісі мен дәмі жақсы. Ол құрамында Д дәрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық сығымдауда тұқымнан алынатын май шығымы 17-20%. Сығымдаудан кейін қалатын қалдық-күнжара кондитер өнеркәсібіне құнды шикізат. Одан халуа мен басқа тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак-бояу өндірісіне кажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да пайдаланылады.
Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары үшін өте қажет пектиндік заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тәрізді масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындағанда оларды қоюлату үшін қарбыз шырынын пайдаланады.
Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс аясында қарбызды суармай-ақ өсіруге болады.
Қарбыз күздік және жаздық астықтар үшін жақсы алғы да-қылдардың бірі. Олардан кейін танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақта ылғал сақтайды.
Қарбыз - мол кіріс әкелетін дақыл, әсіресе суарылмайтын аймақтарда оны өсіріп өзіндік құны төмен жоғары өнім алынады.
Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі - малазықтық қарбыз. Оның құрамында 1,2 % шикі протеин, 0,1- май, 7,2 -АЭЗ, 2,3 - жасұнық, 0,2 - күл және 88,5 % су болады.
Малазықтық қарбызды сабан, топан (75% қарбыздар, 25% топандар) және басқа да масақты дақылдармен араластырып сүрлем дайындауға болады. Оның сүрлемін мал сүйсініп жейді де тез қоңданады, өнімділігі артады. Малазықтық қарбыздың тұқым шығымы 2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді.
Жалпы сипаттамасы. Қарбыз – біржылдық, желі тәріздес топырақ бетінде жататын, жақсы бұтақтанып, ұзындығы 1-5 метрге жететін сабағы бар өсімдік.
Жапырақтары көп жағыдайда енді, жеті бөлікке бөлінген, бөліктері кейде бір-біріне қабаттасып орналасқан. Жапырақтың ол бөліктерінің қздері де бірнеше бқліктерге тілімденуі мүмкін. Бөліктерінің ұштары жұмыр болып аяқталады. Қарбыз жапырақтарының көлемі, бөліктерінің саны және олардың тілімдену дәрежесі сортына байланысты өзгеріп отырады. Әр сорттың өзіне тән құрылысты жапырақтары болып, тамырынан есептегенде 15-20 жапырақтары саналады.
Қарбыздың сабақтары және жапырақтары өте қалың түктермен қапталады. Сабақтарында – құрылысы күрделі, бұтақтанған, жабысуға икемді мұртшалары болады.
Гүлдері – сарғыш-қоңырша түсті, қысқа гүл сағақты. Аналық гүлдері аталықтарына қарағанда ірі болып келеді. Алғаш аталық гүлдері пайда бролады.
Жемісі – ірі, ұзындығы 14-см-ден 35см-ге жететін жұмыр және ұзынша келген, беті тегіс, қара жасыл немесе секпіл суретті болып кездесетін жидек-жеміс. Жеміс жұмсағы – тығыздығы, сынғыштығы және сортына тән түсі (ақшыл, сарғыш, қызғылт, қызыл) әр түрлі болып келетін планцет.
Қарбыздың әр жемісінде 30-дан 1000 данаға дейін тұқым болады. Тұқымдары жапырылған, жұмыр кескінді ірі, ұзындығы 1 см-ден 1,5 см-ге дейін жетеді, реңі – ақ, сұр, көк, қара, кейде әр түрлі суретті болып келеді. 1000 дән салмағы – 60 -150 г.
Қарбыздың негізгі түрлерін ажырату. Т.Б. Фурс классификациясы бойынша (1972) Citrullus scrad тұқымдасы төрт түрге жіктеледі:
1. Түкті қарбыз – C.Lanatus (Thunb) Matsum et Nakai, бұған асханалық (C.edulis) және мал азықтық (C.colonsynthoides) түршелері жатады.
2. Колоцинт – C. colonsynthis (L) Schrad.
3. Мұртшасыз қарбыз – C. ecirrhosus Cogn.
4. Ноден қарбызы – C. naudinianus (Sond) Hook. p.
Бұлардың ішінде тек асханалық және мал азықтық қарбыз шаруашылықта кеңінен тараған. Ал қалған үш түрі тек селекциялық мақсатта ғана қолданылуы мүмкін.
Асханалық және мал азықтық қарбыз жемістері арқылы оңай ажыратылады.
Асханалық қарбыздың жеміс жұмсағы айқын түсті, жұмсақ, өте нәзік, тәтті, жеуге жарамды келеді.
Мал азықтық қарбыздың жеміс жұмсағы ақшыл, аздап көкшіл түсті, аса тығыз, қатты, пышақпен қиын кесіледі, дәмсіз жеуге жарамсыз.
Синчевский сорты, ортапісер сорт, жемісі шар тәрізді, салмағы 3-7 кг. Қабығының түсі ашық-жасыл қою жасыл түспен араласқан, қалыңдығы орташа, тығыз. Жұмсағы қызғылтым, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Құрамында 9-10 пайыз қант бар. Тұқымы ірі, қара түске ие. Бір өсімдіктен шыққан өнімділігі 10-16 кг қамтиды. Антракноз, фузариоз және ақ ұнтақ ауруларына төзімді болып келеді.
