- •1.Қарбыздың пайда болу тарихы
- •Сорт тұрақтылығы
- •2 Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы
- •2.1 Табиғат жағыдайы
- •3.1 Ауыспалы егістегі орны
- •3.3 Қарбыз сорттарының өнімділік көрсеткіштері
- •3.5 Тыңайтқыштарды енгізу жүйесі
- •8 Кесте – Жер асты суларының жайласу деңгейіне
- •10 Кесте – Суарулар мен тыңайтқыштардың қарбыз жемісінің сапасына әсері
Сорт тұрақтылығы
Сорт генетикалық тұрғыда біргелкі болады. Яғни сорт көп жыл бір жерде өсіріліп тұқымдары жиналып отырылса. Осыдан сорт өзінің тазалығы мен тұрақтылығын сақтап қалады ма екен? Тұрақтылығын сақтауы мүмкін, ал тазалығын жоқ, не себепті деген сұрақ туындайды.
Өсімдіктерде тірі жан емес пе, олар әр түрлі ортаға бейімделуі тиіс. Жергілікті жағдайлар климат, топырақ, аурулар, басқа тозаң, жиналу тәсілдері бәрі де сортқа тигізетін әсері көп. Өмір сүру қажеттілігі үшін ауытқу пайда болды. Содан сорт сұрыптық популяцияға айналады. Егерде таңдау қатаң түрде болса онда 80-90% қалыпты форма, ал егер таңдау болмаса небәрі 50-60%-ды қалыпты форманы қамтитын болады. Осыдан сорт тазалығын жоғалтып, тұрақтылық пайда болады. Қанша тұқым егілседе сорттан дәл сондай популяция пайда болады. Ескі тұрып қалған сорттар тазалығы әртүрлі сорттық популяция. Ал егін бола жеткілікті түрде тұрақты, ал шағын сыртқы айырмашылығы ешкімдіде толғандырмайды. Мысалы, қауындар көбінесе домалақ немесе сопақ болады, аздап дәмі басқаша. Ал тұқымына келсек ауытқыған тұқымды сатылымға өткізеде алмайсың. Неліктен селекционерлік станциялар қатаң түрде қалыптылыққа таңдау жүргізіп – элиталық сұрып өндіреді.
Сортты шығаратын автор әр жыл сайын сорттық этолон шығарады, яғни суперэлитаны таңдап алады. Себебі бұл аналық сорттың жалғыз көзі болып табылады. Таңдау қатаң түрде шектелген. Әсіресе селекциялық мақсатта сұрыптық бөлімнен 30 ең жақсы жеміс сорттары алынады. Дегустациядан кейін қалған суперэлиталы 10 жемісті ары қарай жүмыс жасауға қалдырады. Ал қалғандары элитаға жатқызылады. Суперэлитаны тек автордың өзі ғана жасай алады. Суперэлитаны сепкен кезде одан 98% сорт тазалығы алынады. Элита сатылымға шығуы мүмкін. Бірақ ол аз болып табылады. Сондықтан элитаны егіп одан бірінші класты тұқым – бірінші репрадукцияны, ал біріншіден екінші репрадукцияны алуға болады. Алғашқы екі репрадукцияны сатылымға жіберіледі. Егер оны араы қарай көбейтетін болса сорт тазалығы төмендейді. Элитаны қайта алуға бола ма? Мысалы екінші репрадукциядан жинап. Теориялық түрде болады. Мұны тек автордың өзі, сорт алынған жерде ғана алуға мүмкіндік бар. Сондықтан сорттың жалғыз көзі автордың шығарған түпнұсқасы болып табылады.
Шетелдік қарбыз гибридтары
Ерте және өте ерте пісетін шетелдік қарбыз гибридтері ең бірінші пленкамен жабылады. Одан кейін АҚШ-тың ерте пісетін сорттары (Кримсон және Продюсер), ал кейін еліміздің жерсіндірілген қарбыз сорттары отырғызылады. Ерте пісетін гибридтердің өнімін шілде айының ортасына қарай жинайды. Олардың қабықтары жұқа және өте тәтті, олар көп жерде жата алмайды, тез таңдалып сатылымға жіберілуі тиіс. Кейін АҚШ-тың ерте сорттары жиналады, сол кезде олар ерекше дәмге иеленеді. Ең соңғы еліміздің жерсіндірілген тәтті, тасымалдаатын қарбыздары жиналады. Оларды қысқа дейін сақталады. Осы ипортталған гибридтердің ішінен фермерлер пленка астында ерте пісетін гибридттерді отырғызады. Сынаққа сенетін болсақ барлығы қанағаттанарлық көрсеткіш берген. Тек әр аймаққтың өзіне сай қарбыз таңдай білуде. Қазіргі кезде көп кездесетін гибридтерге: «Нунемс» (Голандия) «Саката» (Жапония) және «Сингента» (Швецария) сонымен қатар «Никерсон Зваан» (Голландия) «Клоз» (Франция), және «Сименис» корпорациясы (Голандия – АҚШ) шыққан гибридтер бар.
Әр түрлі каталогтардан алынған мәліметтер бәрі бірдей пісу мерзімін бере бермейді, сонымен қатар мерзімі 10-15 күнге ауа райына, агротехникаға байланысты өзгеруі мүмкін. Көбінесе гибридтер ыстық кезде біргелкі өнім беруі мүмкін, ал жаз салқын болса жемістері баяу піседі. Мерзімін дәл анықтау үшін оны жергілікті мамандардан білген жөн.
