Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматты за туралы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.48 Кб
Скачать

Азаматтық, азамат және мемлекет

Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді.

Азаматтық ұғымы «ҚР азаматтығы туралы» заңның преамбуласында келтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады.

Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі. Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.

Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретін-дегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң-шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.

Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін мін-деттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған ке-пілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құ-қықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-ланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент жəне т.б. жатады.

Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады.

Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құ-қықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-дану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс

Тұлғаның құқықтық мəртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе дегеніміз субъектілердің құ-қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

Құқықтар мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды. Құқықтық мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

— құқықтар мен міндеттер;

— заңды мүдделер;

— құқықсубъектілік;

— азаматтық;

— заңды жауапкершілік;

— құқықтық қағидалар.

Құқықтық мəртебе жалпы, арнайы жəне жеке-дара болып бө-лінеді. Жалпы мəртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнет-керлердің жəне т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар-дың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мəртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым жəне т.б.) көрсетеді жəне тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды. Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.

Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:

а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;

б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т.б.)

в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.

г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;

д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктерін азамат өзін еркін білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.

ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі – Конституцияда жазылған.

Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.

Азаматтық құқығы – бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.

Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.

1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

2. Саяси құқық пен еркіндік – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің бір тобы.

Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап).

3.Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен еркіндігінің ерекше тобын әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар құрайды. Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.