Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

8 Тақырып. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар.

Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды(бұдан әрi – облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының президентi құрайды, қайта ұымдастырады және таратады.

Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. Облыстық соттың органдары мыналар:

  • қадағалау алқасы;

  • азаматтық iстер жөнiндегi алқа;

  • қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;

  • соттардың жалпы отырысы;

Облыстық сот:

  1. өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;

  2. сот статистикасын жүргiзедi;

  3. сот тәжiрибесiн зерделейдi және осы жинақатаудың қорытындылары бойынша облыстық соттарының сот төрелiгiн iске асыру кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

  4. облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

  5. заңда көдделген басқа да өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады;

Облыстық соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен қызмыстық iстер жөнiндегi алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгiленедi.

Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейiн дербес құрамын сот төрағасы белгiлейтiн судьялардан тұрады.

Сот төрағасы азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiнде алқада мамандырылған құрам түзуi мүмкiн.

Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның мiндеттерiн атқарумен қатар: судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады.

Қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы. Қажет болған жағдайларда(қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады.

Облыстық соттың жалпы отырысын жақырады және оған төрағалық етедi. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi.

Облыстық соттың алқа төрағалары мен судья төрағаларына аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды.

Соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде әдiлет бiлiктiлiк алқасына судья қызметiне кандидаттық тағылымдамадан өту нәтежиелерi туралы қорытынды жiбередi.

Сот статистикасын жүргiзудi, сот тәжiрибесiн зерттеулердi ұйымдастырады. Өкiмдер шығарады. Соттың кеңесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Азаматтарды және қабылдауды жүргiзедi. Заңда көделген басқа да өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетi өзiнiң өкiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.

Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттерiн мерзiмiнен бұрын өзге де тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.

Сот облыстық алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

  • алқа судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;

  • алқа отырыстарында төрағалық етедi;

  • сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

  • сот тәжiрибесiн зерттеулер әрi жинақтау және сот статистикасын таладау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

  • соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы хабарлама ұсынады;

  • заңда көзделген басқа да өкiлеттердi жүзеге асырады;

Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жiктейдi.

Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екiрет жалпы отрыстар өткiзедi, оларда:

  • алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

  • сот жұмысының жоспарын талқылайды;

  • алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды;

  • сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

  • уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындалуға келiсiмiн бередi;

  • облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды;

  • аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтежилерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;

  • уәкiлеттi органға соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;

  • судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi;

  • заңда көзделген басқа да өкiлеттердi жүзеге асырады.

Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде 2/3-сi қатысқан жағдайда заңды болады. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.