Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать

2 Тақырып. «қр құқық қорғау органдары» пәнінің негізгі ұғымы, пәні және жүйесі.

  1. ҚР құқық қорғау органдары» пәнінің негізгі ұғымы, пәні және жүйесі.

  2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары.

Қазiргi Конституциялық құқық нормаларында Республикасының қоғамдық және мемлекеттiк құрылысы, бүкiл мемлекет механизмiнiң, соның iшiнде сот пен прокуратура сияқты аса маңызды құқық қоргау органдарының құрылысы айқындалады.

Мемлекеттік ақпаратта сот пен прокуратура ерекше орын алады. Олардың мақсаттары мен міндеттеріне, ұйымдастырылуына байланысты конституциялық құқық нормалары “Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау” деген екінші салаға бөлінеді. Бұлар осы курста тікелей зерттелетін тақырып.

Сот құрылысы нормалары соттардың құрылуын ғана реттейді, ал олардыың сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі қызметі дербес салалар – қылмыстық істер жүргізу және азаматтық істер жүргізу құқықтарымен реттеледі. Олар тиісті курстарда зерттеледі, ал бұл курста сот билігі, сот әділдігі туралы жалпы қағидалар ғана беріледі.

Прокурорлық қадағалау нормалары прокуратураның ұйымдастырылуын ғана емес, оның атқаратын қызметін де реттейді, соған байланысты бұл курста оның құрылысы ғана әңгіме болады. Прокуратураның жұмыс тәртібі “Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау” пәнінде егжей-тегжейлі зерттеледі.

Құқық қорғау органдарын ұымдастырудың кейбір мәселелері құқықтың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, қаржы және т.б. салалардың нормаларында шешіледі, осыған байланысты бұл нормаларда осы курста зерттелетін тақырыптың құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл пәннің азаматтық істер жүргізу, қылмыстық істер жүргізу және прокурорлық қадағалау курстарымен өзара байланысы ерекше маңызды, себебі “Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары” пәні аталған курстарды оқып-үйренуге негіз салады, бастама болады. Егер бұл курста құқық қорғау органдарының ұйымдық құрылысы зерттелсе, аталған пәндерде студенттер алған білімдерінің негізінде соттың азаматтық және қылмыстық істерді қарау, прокуратураның заңдылықты талапқа қадағалау жөніндегі қызмет тәртібін меңгереді. Оқу пәндерінің осындай ара қатынасы жағдайында өздері үшін ортақ проблемалар мен мәселелердің болу ғана емес, сонымен қатар әрбір пәнде олардың тиісті өз қырларының зерттелетіні немесе сөз болатыны әбден табиғи нәрсе. Мәселен, “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары”, “Азаматтық іс жүргіз” және “Қылмыстық іс жүргізу” курстарында Республикадағы сот билігі мен сот әділдігінің міндеттері, соттың ұйымдастырылу және қызмет принциптері, әртүрлі деңгейлердегі істерді соттың қарауы туралы ұғымдар және басқа мәселер зерттеледі. Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметінің міндеттер және принциптер осы пәнде де, “Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау” курсында да баяндалады. Кейбір аса маңызды мәселелер бойынша материалдардың осылайша астасып жатуы әбден қолайлы – ол өзара байланысты пәндерді оқытудағы сабақтастықты және оларды мейлінші терең меңгеруді қамтамасыз етеді.

“Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары” курсы “Әкімшілік құқық” пәні мен де тығыз байланысты, ол әсіресе соттардың қызметін ұйымдық жағынан қамтамасыз ету және ішкі сітер министрлігінің құрылысы мен қызметі мәселелерін зерттегенде айқын көрінеді. “Әкімшілік құқық” курсында соттарға ұйымдық басшылық ісі барлық мемлекеттік басқару салаларының құрамында зерттеледі, Ал бұл курста соттарға Әділеттік министрлігі тарапынан арнайы басшылық жасау тұрғысынан баяндалады. Біздің курста ішкі істер министрлігінің ұйымдық құрылыс, яғни оның ішкі ұйымдастырылу құрылысы тұрғысынан қаралса, “Әкімшілік құқық” пәнінде оның қызметі басқа да мемлекеттік басқару салаларының құрамында зерттеледі.

Ғылыми зерттеу, ал әрбір пәннің оқу әдісі болады. Дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын тәжірибе және теория жүзінде игеруге бағытталған таным қағидаларының жиынтығын, зерттеліп отырған объект жөнінде білімдегі мәліметтерді, ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесін ғылымның зерттеу немесе пәннің әдісі дейміз.

Ғылыми әдістің негізгі мақсаты – шынайы ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтежиесі де, оған апаратын жолдар, әдісте ақиқат болу қажет.

“Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдары” пәнінің әдісі – шынайы ақиқатты әдіс. Дүниедегі барлық құбылыстардың бір-бірімен өзара шексіз қарым-қатынаста, байланысты болатынын, табиғат пен қоғамның және ойдың үнемі қозғалыста, дамуда болу олардың өздеріне тән қайшылықтарының себебінен екенін ақиқат деп есептейміз. Мәңгі дамып отыратын болмысты бейнелеп беретін адам білімінің тәуелділігі белгілі. Диалектиканы саналы түрде қолдану ұғымдарды дұрыс пайдалануға, құбылыстардың өзара байланысын, олардың қайшылығын, өзгермелілігін, қарама-қарсылықтардың бір-біріне өту тәсілдерін ескеруге мүмкіндік береді. Табиғат, қоғамдық өмір және сана құбылыстарын талдауға даиелектикалық тұрғыдан келу ғана оның шын заңдылығы мен дамудың қорғаушы күштерін ашуға, болашақты ғылыми тұрғыдан болжап, оның нақты әдістерін табуға әсерін тигізеді.

Қазақстанды мекендейтін барлық халық, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі бола отырып, қазақ мемлекеттілігінің бұлжымастығы негізінде, адам құқығы мен бостандығының басымдығын танып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз үшін және өз ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, ата заңымызды қабылдап, конституциялық құрылыстың негіздері жарияланды. Еліміздің өз уақыттағы қол жеткен табыстары адамдардың құқықтық санасын қалыптастыру саласындағы мемлекетіміздің негізгі мақсаттарын жүзеге асыру үшін белгілі мүмкіндіктер туғызады. Қазір әрбір азаматтан, тергеуші мен адвокаттан, судья мен прокурордан, қайсы заңгерден өз ісінде заңдылық, шындылық, тазалық талап етіледі. Заң қызметкері ағымдағы істер арасынан ең бастысы, еліміздің өмірлік негізі болып есептелетін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру мақсатын тыс қалдыруға тиіс емес.

Курс жүйесі осы пәнде зерттелетін өзара байланысты проблемалары мен мәселелер жиынтығынан құралады, ол мынандай тақырыптардан тұрады:

  1. “Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары” пәні және мұндағы негізгі ғылымдар;

  2. Құқық қорғау органдарының басқа да мемлекеттік органдармен іс-қимылы;

  3. Сот әділдігі және оның демократиялық негіздері;

  4. Қазақстан Республикасындағы жалпы сот жүйесі;

  5. Аудандық(қалалық) халық соты;

  6. Облыстық және Алматы қалалық соттары;

  7. Әскери соттар;

  8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты;

  9. Әділет министрлігі және оның органдары;

  10. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы;

  11. Ішкі істер органдары;

  12. Адвокатура;

  13. Қазақстан Республикасының Конституциялық соты;

  14. Жоғарғы төрелік сот;