- •Дәрістер тезистері Тақырып №1 қр Құқық қорғау органдарының пайда болу тарихы.
- •2 Тақырып. «қр құқық қорғау органдары» пәнінің негізгі ұғымы, пәні және жүйесі.
- •3 Тақырып. Құқық қорғау қызметінің ұғымы мен мазмұны
- •4 Тақырып Қазақстан Республикасының Сот жүйесі
- •5 Тақырып. Сот жүйесінің құқықтық негіздері
- •6 Тақырып. Сот билігін ұйымдастыру.
- •7 Тақырып. Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •8 Тақырып. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар.
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот
- •10 Тақырып. Әскери Соттар
- •11 Тақырып. Қр Судьялардың құқықтық мәртебесі
- •12 Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
- •13 Тақырып. Қр алдын-ала тергеу және анықтау органдары
- •Тақырып. Адвокатура
- •Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру
- •Тақырып. Шетел мемлекеттердегі құқық қорғау қызметін ұйымдастыру негізгі
7 Тақырып. Аудандық және оған теңестірілген соттар
Аудандық соттың құрамы және құрылу тәртібі
Аудандық соттың құрамына жататын істер
Сот кеңесі
1. Аудандық сот жалпы соттардың ішіндегі негізгі звено болып табылады. Бұлар әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте соттардың бір немесе бірнеше президентпен құрылуы мүмкін. Қалалық жерлерде қалалық аудандық соттар құрылса, ал селоларда 1 аудана 1 сот құрылады. Және оған теңестірілген соттардың құрамы конституциялық заңмен бекітіледі.
Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы конституциялық занның 6 бабына сәйкес аудандық және оған теңестірілген соттарды жоғарғы сот төрағасын әділет министірлігінің ұсынысымен ҚР Президентпен 5 жыл мерзімге сайланады.
Аудандық соттардың құрамы алдарына қойылған мақсаттары міндеттерге қарай белгіленеді конституциялық заңның 7 бабына сәйкес аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
Штат бойынша 1 судья көзделсе ол әрі соттық төрағасы өкілеттілігін әрі судья ретінде істерді атқарады.
1995ж. ҚР Конституциясына сәйкес 25 жасқа толған жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша 2 жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтихан тапсырған ҚР-ның азаматы судья бола алады. Сондай-ақ аудандық сотта кеңсе құрылады. Оның штат саны соттың төрағасы мен ... отырып, облыс сотының әкімшісі белгілейді.
Аудандық сот 1 инстанцияда, яғни 1-ші сатыдағы сот болып табылады. Аудандық сот құзыретіне мыналар жатады:
өзінің құзыретіне жататын барлық істерді, материалдарды қарайды;
сот статистикасын жүргізеді;
заңда көрсетілген басқада өкілеттілін жүзеге асырады.
Жалпы аудандық сотта қаралатын істердің көбісі азаматтық істер болып табылады. Олардың ішінде:
тараптардың бірігуі. Азамат болып табылады. Мысалы: элементті өндіру келтірілген моральді келтіру; жұмысқа қайта орналастыру істері; мүлікті сыйға тарту мұрағерлікке қалдыру туралы істер, яғни азаматтың отбасы еңбек қатынастарынан туындайтын істер;
бур жағынан мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер. Екінші жағынан темір жол және әуе көлігі органдары арасындағы халықаралық және жүгін жеткізуде жүктерді тасымалдау шартының пайда болуы даулар бойынша қаралатын істер;
әкімшілік – құқықтық қатынастарынан туындайтын істер. Мысалы: сайлаушылардың тізімінің дұрыс болмауы.
Азаматтық құқыққа жасайтын мемлекеттік органдардан лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне келіп түскен шағымдар бойынша қаралатын істер.
Аудандық соттың қарауына негізінен қылмыстың істер де жатады. Алайда областық және жоғарғы сот, әскери соттың қарауына жататын істер. Мысалы: адамды ұрлау, мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар және аса ауыр қылмыстар аудандық соттың қарауына жатпайды.
Аудандық соттың қарауына сонымен қатар заңдық манызы бар фактілерді анықтауға байланысты, ерекше іс жүргізудегі істер де қаралады. Мысалы: азаматты хабар - шарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау.
Азаматты ірекет қабілетті бар немесе ірекет қабілеті жоқ деп тану. Мүліктің иесі жоқ деп тану.
Азаматтық хал актілеріндегіжазбаладың дұрыс еместігін анықтау туралы істер. Нотариялды әрекеттерге шағым беруге байланысты істер және тағыда басқа.
Осы аталған істер бойынша материялдарды құқықтық дау болмайды. Сол себепті осы істерде талапкер жауапкер және 3-ші тұлғалар қатыспайды.
Мұндай істер соттың өзімен арыз беруші мен және мүдделі азаматтардың қатысуымен қаралады. Сонымен қатар аудандық соттарда қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеу органдарының және прокуратура органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне келіп түскен шағымдар да қаралады.
Барлық аталған істер мен материалдарды қарау сот отырысында сотпен жүргізіледі. Регламент сақталады және азаматтық іс жүргізу кодексімен (АІЖК), қылмыстық іс жүргізу кодексі (ҚІЖК) және басқа да заңдар міндетті түрде басшылыққа алынады.
Бірнеше судьялар жұмыс істейтін аудандық сотта олардың ішінен біреуін аудандық соттың төрағасы етіп сайлайды. Ол судья мәртебесін сақтап осы соттың құзыретіне заңмен жатқызатын істерді қарайды.
Сонымен бірге оған соттағы жұмыстарды ұйымдастыру жүктеледі және оған судьялар арасындағы міндетті болу жүктеледі.
Әрбір судья істерді қараумен қатар жеке азаматтарды шағымға, арызға байланысты және заң консультацияларын алуға байланысты жеке қабылдайды.
Жалпы судьялар арасындағы істерді және міндетті бөлу белгілі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:
1-ші: мәндік принциптерге сәйкес 1 судья тек азаматтық істерді қарайды.
2-ші: аумақтық принциптерге сәйкес сот учаскісіне байланысты туындайтын істерді 1 судьяның жүргізуіне келіп түседі.
