Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.55 Кб
Скачать

3 Тақырып. Құқық қорғау қызметінің ұғымы мен мазмұны

  1. Құқық қорғау қызметінің ұғымы мен мазмұны.

  2. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін құқық қорғау органдарының заңсыз шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілік.

Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, Қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлкет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айғақтайды.

Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандар, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер – құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бір қатар белгілері бар:

  • біріншіден, құқық қорғау қызметі әртүрлі қылмыстық түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сияқты заңдылық-ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады;

Бұл жерде құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады:

  • екіншіден, қолданылатын заңды ықпал ету шаралары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуі тиіс;

  • үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданлымайды.

  • төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Айтылғандарды ескере отырып, құқық қорғау органдары ұғымы айқындауға болады – бұл заңдылықты, құқық тәртібін қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңды ықпал ету шараларын(соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары) қолдану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілеттік орган атынан жүзеге асырылатын қызмет.

Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлылығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттары мен мазмұнын айқындалатын әлеуметтік функциялардың әртүрлілігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • конституциялық бақылау;

  • сот төрелігі;

  • соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;

  • прокурорлық қадағалау;

  • қылмыстарды анықтау және тергеу;

  • заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.

Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтежиелерге қол жеткізуге бағытталған: Қазақстан Республикасының Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылымыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қорғау үшін материалдарды дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы натежиелерге қол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процессінде пайдаланатын әдістердің әртүрлілігі мен өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуы қамтамасыз етеді.