Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.55 Кб
Скачать

12 Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы

  1. Прокуратура органының пайда болуының тарихи 6 шарттары. Прокуратураның рөлі мен маңызы

  2. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері

  3. Прокуратура қызметінің қағидалары (принциптер)

Ең алғаш рет прокуратура органы 1722 жылы 12 қантарда бірінші Петрдің бұйрығымен құрылған. Ресей прокуратурасы орталықтандырылған қатаң тәртіпті патша сенімен ие болған және тек патшаға бағынатын жоғары мемлекеттік қадағалау органы болып табылады.

Прокуратураның тікелей және тек қана патша императорға бағынатын генерал прокурор басқарған. Сол заманнаң бері қалыптаса иеле 1933 жылы 17 желтоқсанда прокуратура өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде қайта құрылды.

Жаңа ережеге сәйкес прокурорлық қадағалаудың жаңа салалары айқындалды. Олар:

  1. Жалпы қадағалау;

  2. Анықтама және алдын-ала тергеу органың заңдардың дәлме-дәл және біртекті орында уымен қадағалау;

  3. Ішкі істер ұлттық қауіпсіздік органның қызметіндегі заңдылықтарды қадағалау.

Алайда 1990ж. 25 қазанда Қазақстанда қабылдағаң Қазақ ССР-нің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларацияға сәйкес Қазақстан Прокуратурасы Ресей Прокуратурадан бөлініп тәуелсіз мәртебеге ие болды.

1991ж. 6 желтоқсанда қабылданған Жоғарғы Кеңес Президиумның қаулысына сәйкес Прокуратура Қазақстанның бас прокуратурасына ғана бағынатын өз алдына дербес бірыңғай орган ретінде қызметін бастады.

Жалпы мемлекеттің даму жағдайына прокуратуралық қадағалау негізгі және маңызы билік органдарына жатады. Прокуратура қызметі көп салалы және маңызды. Ол заңдылықтарды қажет ететін көптеген қозғалышықтардың қатынастарды реттейді.

Жалпы прокуратура қызметі бір жағынан құқықтық нормалардың орындалуын немесе орындалмауын қадағалап заңның сақталуының кепілі ретінде болса, 2-ші жағынан құқыққа қайшы әрекеттерге жазалаушы ретінде қызмет алады.

Демек прокуратураның атқаратын екі функциясы бар:

  1. құқықты қорғау;

  2. айыптау.

Құқық қорғаушы ретінде прокурор құқықтық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін заңда кқрсетілген амал-тәсілдерді қолдануы қажет. Бұл үшін олар барлық өкілеттілік термен құзыреттіліктерге ие болуы қажет.

Айыптаушы ретінде прокурор қылмыстық іс жүргізуде қылмыс жасаған азаматтарға қылмыстық құдалауды ж.а., айыптау қорытындысын береді.

Демек ҚР-сы Конституцияның 83 бабының 1-ші тармағына сәйкес Прокуратура мемлекет атынан республика аумағында заңдардың ҚР-сы Президентінің жариялықтард және өзге де нормативтік – құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі орындауын, қолдануын, жедел іздестіру қызметінің анықтауы мен тергеудің әкімшілік және орындаушы іс жүргізудің заңдылығын жоғарғы қадағалауды ж.а.

Заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ республика Конституциямен заңдарға қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Прокуратура сотта мемлекеттік мүддесін білдіреді. Заңмен белгіленген жағдайларда, тәртіптерде қылмыстық құдалауды ж.а.

2. ҚР-ның Конституцияда прокуратура қызметінің негізгі бағыттары, қағидалары құрылымы мен функциялары және бас прокуратурдың өкілет-рі көрініс тапқан. Ал прокуратура қызметтері негізгі заңмен, яғни 1995ж. 21 желтоқсанда қабылданған ҚР-сының Президенттік жарлығымен реттеледі. Ал қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа да іс жүргізуге прокурордың өкілеттігі мен мәртебесі 1997ж. 13 желтоқсандағы қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1989ж. 13 шілдедегі азаматтық іс жүргізу кодексімен 1984ж. 22 наурыздағы әкімшілік іс жүргізу кодексімен реттеледі. Алайда бұл кодекстерде ел басының жолдауына бабтарды өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Өз қызметінде прокуратура сонымен қатар құқық қорғау органдарының құқықтық актілерін, әсіресе оның ішінде конституциялық кеңестің қаулыларын жоғарғы соттың қаулыларын, бұйрықтарын, шешімдерін, нұсқаулықтарын және бас прокурордың шығарған құқықтық актілерін басшылыққа алуы тиіс.

3. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекеттің арнайы уәкілеттілік берілген адамдардың, прокурорлардың заңдылықтарды бұзуды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және біртекті қолдануын жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді: жалпы прокуратура қызметтерінің маңыздылығын, мәнің анықтайтын белгілі бір принциптерге негізделіп жұмыс жасайды.