- •Дәрістер тезистері Тақырып №1 қр Құқық қорғау органдарының пайда болу тарихы.
- •2 Тақырып. «қр құқық қорғау органдары» пәнінің негізгі ұғымы, пәні және жүйесі.
- •3 Тақырып. Құқық қорғау қызметінің ұғымы мен мазмұны
- •4 Тақырып Қазақстан Республикасының Сот жүйесі
- •5 Тақырып. Сот жүйесінің құқықтық негіздері
- •6 Тақырып. Сот билігін ұйымдастыру.
- •7 Тақырып. Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •8 Тақырып. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар.
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот
- •10 Тақырып. Әскери Соттар
- •11 Тақырып. Қр Судьялардың құқықтық мәртебесі
- •12 Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
- •13 Тақырып. Қр алдын-ала тергеу және анықтау органдары
- •Тақырып. Адвокатура
- •Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру
- •Тақырып. Шетел мемлекеттердегі құқық қорғау қызметін ұйымдастыру негізгі
Дәрістер тезистері Тақырып №1 қр Құқық қорғау органдарының пайда болу тарихы.
Құқық қорғау қызметінің Қазақстандағы даму сатылары.
Қазақстардың салт дәстүр құқығы және құқық қорғау қызметімен байланысы.
Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады.Оларды құқық тәртібін қорғау орагндары деп атайды.
Құқық қорғау органдары жүйесінде қоғамдық тәртіпті және жеке адамның қауіпсіздігін, коғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жалпы ішкі істер органдарына басты роль беріледі. Қызметкерлерінің, қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерінің саны бойынша осы органдар біздің Республикамызда өте көп, мұның өзі олардың маныздылығың және мемлекеттік органдар құрылымда олардың сөзсіз жетекші орын алатынын көрсетеді.
ҚР конституциясына, ҚР Президентінің «ҚР ішкі істер органдары туралы» 1995 ж ылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар жарлығына және оларға қайшы келмейтін басқа да нормативтік актілерге сәйкес ішкі істер органдары «ҚР заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметтін, сондай ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтарымен бостандығына, қоғам мен мемлекеттін мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдың алу және жолын кесу жөніндегі аткарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады» («Ішкі істер органдары туралы» жарлықтын 1- бабы).
2. Өзге міндеттер ішкі істер органдарына тек заңмен ғана жүктелуі мүмкін».
Көрсетілгенміндеттерді ІІО «заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдары жүесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау және басқада мемлекеттік органдарымен, лауазымды тұлғалармен, үйымдармен және азаматтармен өзара іс-кимыл жасау» қағидаттары негізінде шешеді.
Министрлік мынадай функцияларды жүзеге асырады:
ҚР ішкі істер органдары жүйесіне жалпы басшылықты, оларды жедел басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерін іске асыруға тікелей қатысады, оларды төмен тұрған ішкі істер органдарының орындауын бақылайды, азаматтардың қауіпсіздігін босаңсытатың факторларын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Жедел жағдайдың жай – күйі мен болжамын іскере отырып, ішкі істер органдары қызметінін тиімділігің зерделейді және осы қызметті жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді
Страрегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысады, іс шаралардың тактикалық жоспарларын, сондай ақ өзіне бағынысты орггандарымен бөлімшелірінің, оның ішінде құрылымдық қызметін реттейтін актілерді әзірлейді.
Өз құзыретінің шегінде ішкі істер органдарымен онын барлық буындарының құрылымын әзірлейді, оны жетілдіреді
Ішкі істер органдарының кадрларынір іктеуді, орналастыруды, оқытуды және тәрбиелеуді үйымдастырады, ішкі істер министрлігі оқу орындарының қызметінің үйымдастырушылық қамтамасыз етеді
Ішкі істер органдары қызметінің өзекті бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді ұйымдастырады.
Арнаулы есептерді қалыптастырады, есепке алынған адамдардын тәртібін бақылауды ұйымдастырады, арнаулы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен ақпарат алмасуды және өзара іс қимылды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарына әулеметтік дамыту, қызметкерлер мен ішкі әскерлер әскери кызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ зейнеткерлерге мидициналық ,санаториалық курорттық, сауықтыру қызметін көрсетулерді, тұрғын үй, өндірістік – шаруашылық және турымстық жағдайларын жақсарту жәнендегі іс – щараларды жүзеге асырады.
Өндірістік, әлеуметтік – тұрмыстық, әскери мақсаттары объектлер мен тұрғын үйлерді салуды жүзеге асырады.
Бөлінген материалдық ресурстар мен бюджеттік қаражаттын мақсаты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, олар бойынша есеп жүргізу мен есеп беруді, сондай – ақ ішкі істер органдарының қаржы – шаруашылық қызметін ведомстволық бақылауды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының корған ыстық- жұмылдырушылық дайарлылығын ұйымдастырады, бейбіт уақытта және соғыс уақыты жағдайында төтенше жағдайлар пайда болған кезінде оларды жұмысының төтенше жағдайлар пайда болған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, Министрліктін арнаулы бөлімшілерінің толық және дер кезінде жұмылдырылуға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жоніндегі шараларды жүзеге асырады.
Ресубликадағы қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті жай – күйі және оларды нығайту жөнінде ішкі істер органдары қабылдаған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін, мұдделі мемлекеттік органдарды хабарландырып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, ішкі істер органдарын ұйымдық – штаттық, кадрлық және материалдық – техникалық нығайту мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді.
Заңдармен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүргізуіне жатқызылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағына сәйкес Министрліктің негізгі міндеттері:
Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қоғау, оның ішінде төтенше және соғыс жағдайларында қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардын алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу мен тергеу, сондай – ақ қылмыскерлерді іздестіру, қылмыстық жазалау мен әкімшілік жаза қолдануларды орындау, мемлекеттік және өзгеде объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамалдағылар мен сотталғандарды күзетпен алып жүру, терроршылдық актілерінін жолын кесуге қатысу, кепілдікке алынғандарды босату жөнінде тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөнінде шешімдер әзірлеу, ішкі істер органдарынын араласуын талап ететін төтінше жағдайларға жедел ден қою шараларын әзірлеу және оны қолдану.
Қылмысқа қарсы қүресті нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел- іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға қатысу.
Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жалпы Республикалық және аймақтық жедел – іздестіру және алдын алу іс – шараларын жүргізу жөніндегі ұйымдастырушылық басшылық, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер әзірлей,бағынысты органдар мен болімшелерге практикалық және әдістемелік көмектер көрсету, оң жұмыс тәжірибелерің қорыту және тарату.
өз құзыретінің шегінде ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, оны оңтайландыру, ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің арасында және өзге де құқық қорғау органдарымен, министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимылын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.
өз құзыретінің шегінде ішкі істер органдарының қызметін материалдық-техникалық, қаржылық, сондай-ак ақпараттық қамтамасыз ету.
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелінген өзге де міндеттерді орындау.
Министрлік алдына қойылған міндеттері шешу үшін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен.
1) құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша бақалауды жүзеге асыруға, сондай- ақ лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапкершілікке тартуға.
2) тиісінше заңды тұлғалар немесе жеке адамдардың орындауы үшін міндетті ұйымдамалар, ұсынымдар және ұсыныстар беруге, нормативтік құқықтық актілер шығаруға.
3) мемлекеттік органдардан, өзге де үйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан мәлеметтер сұратуға және алуға.
4) лицензиялауды жүзеге асыруға
5) Үкіметке ішкі істер органдарын, ішкі істердің мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерін, оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар еңгізуге.
6) Қазақстан Республикасының құқық тәртібі мен қоғамдық қауыпсіздікті нығайту мәселелері және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты басқа да мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға.
7) ведомстволардың бірінші басшыларынан басқа, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тағайындауға.
8) қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық кездесулерде ҚР-ның атынан өкілдік етуге, берілген өкілеттіктерінің шегінде халықаралық келісімдер жасауға.
9) заң актілерінде, ҚР Президентінің актілерінде, ҚР ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
Министірлікті ҚР -ның Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ҚР –ның Ішкі істер министрі – Ішкі әскерлердің қолбасшысы басқарады.
Министірдің оның ұсынуы бойынша ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Министр өз құзіретінің шегінде шешім қабылдауда дербес және Министрліктің қызметі мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады
Министрліктің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және ішкі әскерлерге қолбасылық етеді.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ҚР-ның барлық мемлекеттік органдары мен өзге де ұымдарында және халықаралық қатынастарда Министрлік пен ішкі әскерлерді білдереді
Миниситрліктің құрылымын бекітеді
өз орынбасарларының, сондай-ақ Министрліктің Департаменттерімен өзге де құрылымдық бөлімшелері бастықтарының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды, жауапкершілік дәрежесін белгілейді
Ішкі істер министрігінің атынан ішкі істер органдарынаң орындауы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, сондай-ақ ө құзыретінің шегінде - өзге де мемлекеттік органдардын, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауына міндетті актілер шығарады
Ведомстволардың бірінші басшыларынан басқа өз номенклатурасы бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметке тағайындауды және босатуды жүргізеді
Азаматтарды Ішкі істер министрлігің кадрына тіркейді, оларға бастапқы және полиция полковниғіне, ішкі қызмет полковнигіне дейін, одан кейінгі арнаулы атақтар, сондай-ақ Министрлік пен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне – қоса алғанда полковникке дейін, әскери атақтар береді
ҚР –ның Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныс еңгізеді
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін көтермелейді және әкімшілік тәртіппен жазалайды, оларды мемлекеттік наградалармен марапаттауға және ҚР-ның құрметті атақтарын беруге ұсынады
өз құзыретінің шегінде заңдарға сәйкес ішкі істеғр органдары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді
өз құзыретінің шегінде заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының бөлімшілерінің құралы және таратады, олардың құрылымен, ҚР –ның Үкіметі бекіткен штат санының лимиті пен бөлінген қаржының шегіндегі еңбекақы қорының шегінде штат саның белгілейді
республикалық бюджеттен бөлінген қаржының шегінде ішкі істер органдары мен ішкі істер әскерлерді ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледі
ҚР-ның заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекітеді.
