Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
memlekettik_nesie.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы.

Несиелік – банктік жүйе нарықтық экономика жағдайында маңызды ролге ие болып отыр. Несиелік жүйе еліміздің экономикасына, өндірістің дамуына әр уақытта және маңызды әсер етеді, ал көптеген елдердің ақшалай жинақтарының масштабын кеңейтеді, ақша құралдарының 1 саладан 2- ші салаға құйылуын қамтамасыз етеді, сондай- ақ өндірістің жүйелілік деңгейін өсіреді. / 8.3/

Баспасөз беттерінде жарияланған ақпараттарға сәйкес ағымдағы жылдың соңғы айларындағы банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 393 млрд. тенгені құрады. Еліміздің экономикасына банктердің несиелік салымдары 387 млрд. тенгені немесе 2,5 млрд. долларға тең. Бұл соңғы екі жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Еліміздің банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 150 млрд. тенгені яғни 1 млрд. долларды құрайды. Осыған орай негізгі капиталға инвестиция жоғары деңгейде өсуде, инфляция деңгейін төмендету саясаты сақталуда. Сонымен қатар мемлекеттік несиенің шағын кәсіпкерлікті дамытудағы маңызыда өте зор. Мысалы, осы Астана қаласына тоқталатын болсақ, елордадағы екінші деңгейдегі банк мекемелерінің қолдауы арқасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға даңғыл жол ашылып отыр.

Қазақстан халықаралық валюта қорына 1992 жылдың 15- ші шілдесінде мүше болып енген елдің бүгінгі таңда арнайы қарыз алу мүмкіндік квотасы 365,7 млрд. СДР- ге жетті (СДР- бұл ұйымның арнайы есеп бірлігі). Қазақстан мен халықаралық валюта қоры арасында жоғарғы сенімге ие болудың нәтижесінде мынандай мемлекеттік несие келісімдеріне қол жеткізді:

  • Қазақстан Республикасында макроэкономиканы дамыту және жүйені қайта құру мақсатында 123,75 млн. СДР ;

  • Кеңейтілген несиелендіру бағдарламалары бойынша келісім;

  • Қазақстандағы құрлымдық жаңғыртуды қолдау туралы келісім.

2000 жылдың мамырында осы келісімдер бойынша алынған мемлекеттік несие 295,8 млн. СДР немесе 390,5 млн. АҚШ доллары толық қайтарылды. Президентіміздің 1993 жылдың мамырындағы жарлығы бойынша Еуропаның қайта құру және даму банкіне мүше болды және оның акциясына жазылды. Соның нәтижесінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бұл ұйымнан 122,64 млн. АҚШ доллары көлемінде несие алу келісіміне Қазақстан мемлекеті қол қойды.

Азиат даму банксімен Қазақстан Республикасының арасында 1994 жылы арнайы көмек көрсету үшін 40 млн. АҚШ долларына займ туралы келісім жасалды. Жасалған шаралардың барлығы еліміздің экономикасын дамытуға бағытталды.

Қазір жоғарыда аталған халықаралық беделді ұйымдармен қарым- қатынасымыз негізінен технологиясын игеруге, жарақталуға, тәжірибелерін игеруге кеңестер алу ісіне ауысқан. Мұның өзі еліміздің банктері қор жағынан нығайғанын айғақтайтын айқын мысал болып табылады.

Қазіргі таңда автомобильмен қозғалмайтын мүлік несиелендіру нарығының масштабты және қымбат формалары болып отыр: сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанда төлем мерзімін кейінге қалдырып мыналарды игеруге болады:

  • Білім алуға;

  • Халық тұтынатын тауарларды игеруге, мысалы: тұрмыстық техника;

  • Қандай да бір жеке қажеттіліктер үшін ақша алуға, мысалы: медициналық операцияға, үйлену тойының сапарына;

  • Жеке істі ашуға;

Бұларға қойылатын талаптар: жылдың процент ставкалары валютамен 18- 24% және міндетті залог. /9.2/

Ал Темір банк әйел бизнесін дамыту мақсатымен 4,5 млн. Доллар көлемінде ақша бөлді. Ол өндірістің мынандай салаларын несиелеуде жетістікке жете бастады:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу жобасы бойынша жобаларды несиелеу;

  • тері, тері бұйымдарын және аяқ киім өндіріс өндіру жобасын несиелеу;

  • қағаз және қатты қағаз өндірісі жобасы;

  • машиналармен құрал жабдықтарды өндіру жобасы;

  • резина және пластмасса өнімдерін өндіру жобасы;

  • электірлік және электр құрал жабдықтарының өндірісінің жобасы. /10.17/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]