Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
memlekettik_nesie.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару

Мемлекеттік несиені басқару қысқа және кең мағынада қарастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік несиені басқарудың кең мағынасында мемлекеттің заемщик, кредитор және гарант ретіндегі қызметімен байланысты қаржылық саясаттың бір бағытының қалыптасуы деп түсінеміз. Бұл басқару мемлекеттің басқару мен үкімет органдарының қолында болады. Тек солар ғана бюджеттік дефициттің жалпы көлемін анықтап отырады және оларды қаржыландыру үшін қажетті жалпы займдарды анықтап отырады.

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің қалыпты дефициттігі және жоғарғы мемлекеттік қарыз қазіргі замандағы кәсіпкерлік дамыған көп мемлекеттерде байқалады. Мемлекеттің несие экспансиясы нәтижесінде басқа заемщиктер қаржылық нарықтан шыға бастайды, дегенмен несиеге деген жоғарғы ставкалар сақтала береді. Мемлекеттік қарызға қызмет ету бойынша үлкен шығындар салықтық түсімнің үлкен үлесін жұмсайды. Сондықтан бюджеттік дефицит пен мемлекеттік қарыздың қысқаруы АҚШ-тың басқару органдарында және Еуропа Одақтық елдерінде актуалды есептердің бірі ретінде қарастырылады.

Мемлекеттік несиені басқарудың қысқа мағынасында, мемлекеттің қарыздық міндеттемелерді шығару және орналастыруды дайындаумен байланысты, мемлекеттік құнды қағаздарды нарықтық реттеумен мемлекеттік қарызға қызмет ету өтеуімен ссуда мен гарантияларды сатумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығын түсінеміз. Мемлекеттік несиені басқару процесінде келесі міндеттер орындалады:

  1. Несие алушыға деген қағаз құнының минимизациясы;

  2. Нарықты мемлекеттің займ міндеттемелері мен толтыруды және олардың курсының бірден өзгеруін жібермеу;

  3. Жиналған қаржыларды тиімді пайдалану және берілген несиелердің дұрыс қолданылуына бақылау жасау;

  4. Белгілі бір қаржы саясаты міндеттерінің максималды шешілуі.

Мемлекеттік несие категориясының спнцификасы оларды оперативті басқарудың ерекшеліктерінде анықтат отырады. Қазақстан Республикасында ол қаржы министірлігінен қлттық банкке жүктелген.

Капиталын кім иеленетініне қарамастан орталық банк мемлекетпен тығыз байланыста қызмет атқарады. Үкіметтің банкирі ретінде орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылық кеңесшісі. Көптеген мемлекеттерде орталық банк мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамассыз етеді. Салықпен заемдардан түсетін үкіметтің табысы орталық банктегі қаржы министрлігінің процентсіз шотында есептеліп, үкіметтің барлық шығыны срл шоттан шығарылады.

Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау және оның табысты уақытын таңдау жөнінде кеңес берумен, мемлекеттік борышты басқарумен шұғылданады.

Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бірімен – бірі тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі – ақша несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министірлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді:

  • Мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды;

  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;

  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

  • Ұлттық банкінің банктермен және ҚР – ның бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

  • ҚР –ның валюталық айырбас бағамымен анықтау тәртібін белгілейді;

  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;

  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;

  • Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;

  • Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады. /5.237/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]