- •1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні
- •1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері
- •1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары
- •1.3 Халықаралық мемлекеттік несие
- •2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
- •2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару
- •2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
- •2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы.
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Курстық жұмыс
2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғаннан кейін жеке ішкі займдарды қолдана бастады. 1992ж Республика өкіметімен мемлекеттік ішкі займ шығарылып кәсіпорындармен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналымға Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс займы 20 жыл мерзімге есептеліп шығарылды 2012 жылға дейін. Займдар бойынша ұтыстар жыл сайын 4 рет 25;50;100; және 500мың теңге көлемінде ойналды. Займ шарты бойынша өкімет 1982 жылғы одақтағы займ бойынша міндеттемелерде облигацияларды бонға ауыстыру арқылы қабылдады. /7.368/
1996 жылы резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалар арасында Қазақстан Республикасында мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ол номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Ұлттық жинақ облигациялароына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды АВМЕКАМ жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қаржы министірлігі шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14 пайыз мөлшерінде сыйақы алуға құқық береді.
Сонымен бірге Қаржы министірлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатында теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері үш, алты, тоғыз, он екі ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемелер МЕКАВМ шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырылды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, резиденттері емес те болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеуі мен Қаржы министірлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеуі төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Қаржы министірлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Сонымен бірге сыртқы несиелермен займдарда тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Несиемен займдардың бәрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993- 1994 жылдардағы несиемен займдар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: Мемлекеттік қарыз алу және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкеметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының жергілікті атқаруы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық Банктің қары алуы Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау және Ұлттық Банктің алтын валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған ақша кредит саясатымен айқындалатын басқада мақсаттарында да жүзеге асырылады. Ал жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабудың мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік заемдардың мынандай түрлерімен нысандары болады:
Заем алушыға қатысы бойынша мемлекеттік заемдар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заемдары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкнің заемдары;
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың заемдары болып бөлінеді.
Несие капиталының нарығы бойынша мемлекеттік заемдар:
Сыртқы мемлекеттік заемдар;
Ішкі мемлекеттік заемдар болып бөлінеді.
Қарыз алу нысаны бойыеша мемлекеттік заемдар:
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
Заем туралы шарттар жасау болып бөлінеді.
Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
Айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
Айналыс мерзімі 1 жылдан 10жылға дейін, орта мерзімді;
Айналс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда наминалды және дисконтталған құны бойынша сыйақының бекітілген және бекітілмеген ставкасымен шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің заем туралы келіс сөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің атынан заемдарды тартуды заем туралы әрбір жеке шарт немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының түрі бойынша Үкіметтің шешімі негізінде Қаржы министірлігі жүзеге асырыды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті Қаржы министірлігі болып табылады, ол осындай мемлекеттік бағалы қағаздарының әрбір эмиссияның көлемін, мерзімін және талаптарын белгілейді.
Ұлттық Банктің заемдарын тарту тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банккі туралы заңдарымен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы органның нақты заемды тартуы жергілікті атқарушы органның заем туралы шарттарына әділет министірлігі жүзеге асыратын міндетті құқық сараптама және заем талаптарынга қаржы министрлігі жүзеге асыратын қаржылық сараптама жасау арқылы жүргізіледі.
Әділет министрлігі мен Қаржы министрлігі сараптамасының нәтижелері оң болған жағдайда, келіс сөздер жүргізуді, шарттардың рәсімделумен оларға қол қоюды, мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын дайындауды және жүргізуді қоса алғанда Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органының заемдар тартуын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің мемлекеттік қарыз алуы тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгіленген үкіметтік борыштың лимитімен және үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражаттың көлемімен шектеледі.
Ұлттық Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан бағдарламалық заемдар тарататын жағдайларды қоспағанда, оның таза алтын валюталық активтерін 50 пайызынан аспайтын деңгейде белгіленеді.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қарыз алуы жергілікті атқарушы органның белгіленген қарыз алу және борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.
Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған лимиті сол жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауы тиіс. Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірісінің 25 пайызынан аспауы тиіс. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауы тиіс.
Үкіметтің заемдар бойынша алынғани қаражат республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға жұмсалады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетті атқару тәртібімен пайдаланылады.
Ұлттық Банктің заемдары бойынша алынған қаражат Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау мақсатына және Үлттық Банк туралы заңдарда белгіленген тәртіппен Ұлттық Банктің алтын валюта активтерін толтыруға пайдаланылыды.
Жергілікті атқарушы органның заемдары бойынша алынған қаражат аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы тәртібімен пайдаланылады.
Жергілікті атқарушы органдардың заемдары қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметті белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
