- •1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні
- •1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері
- •1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары
- •1.3 Халықаралық мемлекеттік несие
- •2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
- •2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару
- •2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
- •2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Курстық жұмыс
1.3 Халықаралық мемлекеттік несие
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік несиелерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік несиенің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқару жерлердегі басы бос ақша
Көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер сондай-ақ әртүрлі елдердің мемлекеттік органдары несие мәмілелерінің қатысушылары болып отыр. Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуына байланысты халықаралық несие сферасында мына халықаралық валюта- несие ұйымдары: Халықаралық қаржы корпарациясы, Қайта құру мен дамудың европалық банкі және басқалары барған сайын маңызды орын алуда.
Халықаралық несие – бұл бір мемлекеттің үкіметі, банкі, сонымен бірге заңды және жеке тұлғалары, басқа мемлекеттің үкіметіне, банктеріне, заңды және жеке тұлғаларына беретін займдары болып табылады. Халықаралық валюта қоры халықаралық саудаға және валюталық қатынасқа валюталық бағамдарды реттеудің нормаларын бекіту жолымен және оларды бақылау, мүше елдердің арасында валюталық шектеулерді ығыстыру, оларға төлем баланстарын реттеу үшін қаражат беру арқылы әсер етіп отырады.
Дүниежүзілік банк және оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуына техникалық көмек көрсету және елдің экономикалық потенциялын көрсетуге қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы әсер етіп отырады. Халықаралық мемлекеттік несие днгеніміз- тауарлы және ақшалай формада, белгілі бір төлемге пайызға қайтарымдық шарты бойынша берілетін, мемлекетаралық экономикалық қатынастар сферасындағы елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы. Несие субъектілері болып әрбір ел мемлекеттік өкіметті органының атымен шыға алады. Халықаралық несие өз мәні бойынша ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамассыз ететін қаражаттардың бірі болып табылады. Мысалы, дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету. Халықаралық несиенің қажеттілігі барлық экономикалық заңдадың жиынтығымен анықталады. Халықаралық несиенің дамуының алғы шарттары:
экономикалық интеграциямен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі
өндірістің мамандануымен кооперациялануы
елдердің табиғи ресурстарымен жұмыс күшімен бірдей қамтамассыз етілмеуі
жекелеген елдердің экономикалық дамуының бірдей еместігін жеңудің қажеттігі
дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігінен
дамушы елдердің дамыған елдермен сауда экономикалық ынтымақтастығының болуында
Халықаралық несиеде ұсынатын мемлекеттік несие ресурстарының құрамы:
жинақ қорына қатысты мемлекеттік бюджет қаражаты
ұжымдық қарыз қорлары
мемлекеттік кәсіпорндармен ұйымдар қаржысы.
Халықаралық несие ақшалай формада ұлттық валюта түрінде және еркін ауыстырылатын валюта түрінде беріледі. Халықаралық несиені пайдалану экономикалық дамуды тездетуге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық интеграцияның жедел болуына әсер етуі. Халықаралық мемлекеттік несиеде жақтың арасындағы келісім көп жағдайда несие линиясы ретінде рәсімделеді
- кредитордың несие алушыға несие беру міндеттемесін білдіруі. Ашылған несие линиялары шегінде жеке несие келісімдері жасалады. Осы келісімдердің негізінде ссудалар сериямен беріледі. Несие линиясын ашу әдісін қолдану несие қатынастарында несие алушыға да, несие берушіге де сенімді болуды қамтамассыз етеді.
Халықаралық несиенің негізгі формасына сыртқы займдар жатады. Заем қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру үшін қолданылады немесе экспорт пен импортқа сырқы сауданы несиелеу үшін қолданылады. Сыртқы сауданы несиелеу кезінде несиелерді беру, пайдалану және өтеу мемлекеттердің тиісті бюджеттері мен бағдарламаларында қарастырылады. Халықаралық несие формаларында шетел үкіметтерімен және көпжақты ұйымдармен экономикалық дамуды қамтамассыз ету мақсатында берілетін ресми даму көмегі ерекшеленеді. Мүндай көмектің займдардан айырмашылығы, олардың берілуі коммерциялық емес сипатта болады.
