- •1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні
- •1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері
- •1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары
- •1.3 Халықаралық мемлекеттік несие
- •2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
- •2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару
- •2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану
- •2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Курстық жұмыс
1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік займдар болып табылады, ол облигациялар және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және өткізу жолымен жалпы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін халық пен заңды тұлғалардың ақшасы тартылатындығымен сипатталады.
Қаржы нарығында заемщик ретінде қатыса отырып мемлекет заем қаражаттарына сұранысты көбейтеді және сол арқылы несиеге деген бағаның өсуіне әсер етіп отырады. Мемлекеттің сұранысы қанша жоғары болса, ссудалық пайыздың деңгейі басқада жағдайларда сонша сонша жоғары болады. Әсіресе іскер адамдарға деген несие қымбатқа түседі. Заем қаражаттарының қымбат болуы іскер адамдарды өндіріс сферасына инвестиция салуды қысқартуға мәжбүрлейді, сонымен бірге ол мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу түріндегі жиналуды ынталандырады. Белгілі бір шектерге дейін бұл процесс өндіріске айтарлықтай кері әсерін тигізгейді. Елдегі еркін капиталдар жеткілікті болған жағдайда, негативті әсерлер олардың толық жұмсалуына дейін нөльге тең болып келеді. Осыдан кейін ғана мемлекеттің белсенділігі қаржылық нарықта ссудалық пайыздың өсуінде көрінеді, ал ақшалай жинақтардың айтарлықтай үлесі өндірістік емес мақсатқа жұмсалмай қалса, экономикалық өсудің баяулығы байқалады.
Өндіріске оң әсерін тигізуді мемлекет кредитор және гарант ретінде шыға отырып, шетелден алынған несие арқылы ұлттық өндіріс тауарларына сұранысты көрсетіп отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде банктер берілетін несиелерге мемлекеттің гарант беру жолымен, құлдырауға ұшыраған жеке аудандардағы өндірісті, экспортты, шағын бизнесті көтеру жүйесі кең өріс алған. Шағын бизнесті көтеруге көмек жасау дегеніміз, бұл жағдайда мемлекеттің шағын іскерлерге берілген несие бойынша, егерде олар банкротқа ұшыраса, банк алдындағы қарыздарды өз мойнына алуы болып есептеледі. Өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде, ұлттық тауарларды экспорттаушыларға төлемсіздік тәуекелді төменгі ставкалар бойынша сақтандыратын мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік компаниялар қызмет етеді. Өндірісті дамытуды ынталандыру кезінде территориялық бюджеттен немесе бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелнр үлкен роль ойнайды. Олардың көмегімен қандай да бір аудандардың немесе белгілі бір территориядағы экономиканың қажетті бағытының жедел дамуы қамтамассыз етіледі.
Мемлекеттік несиенің бақылау функциясы органикалы түрде қаржылардың бақылау функциясына кіріседі және өзінің спецификалық жақтары бар.
Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Оған облигация, акция және бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады. Займдар өтеу мерзімі бойынша, орны, орналастыру тәсілдері, займ валютасы, элементі, табыстылық түрі бойынша бөлінеді. Өтеу мерзімі бойынша займдар: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Орналастыру орны бойынша займдар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі займдардың облигациясын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала- алады. Орналастыру тәсілдері бойынша займдар еркін айналатын, жазылу бойынша орналасатын және мәжбүрлік болып бөлінеді. Мемлекеттік займдар негізінен ақшадай формада шығарылады, бірақ қажет болған жағдайда ол натуралдық формада да шығарыла береді. Мұндай шығарылым Кеңес Одағы кезінде 1922-1923жж кең өріс алған. Олардың шығарылуы сол кездегі ақшаның құнсыздануына байланысты болған. Осы мақсатта сонымен бірге алтын займдар да шығарыла бастады, яғни займдардың алтынмен есептелуі. Алтын займдардың құны, олар бойынша төленетін табыстар сияқты, алтын сомның бағамы бойынша есептелген натуралдық займдпрдың өтелуі не натурамен, не ақшалай қант пен нанның бағасы бойынша жүзеге асып отырған. Олар 1жылдың ішінде өтеліп отырған.
Эмитентке байланысты үкімет займдарына және жергілікті үкімет органдарының займдарына бөлінеді. Табыстың түрі бойынша займдар пайыздық, яғни займ ұстаушылар жыл сайын тең үлесте бекітілген ставка бойынша нақты табыс алып отыратын ұтыстық немесе лотореялық, яғни табыс облигацияларды өтеу тиражы кезінде төленетін болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығындарын қаржыландыруға пайдаланатын ссуда қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік несиенің нысаны болып табылады.
Мемлекеттік несиенің келесі нысаны – елдің орталық эмиссия банкісінің қаражаттарын тарту. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік несиенің басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
КСРО-ның практикасында мемлекеттік несиенің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпымемлекеттік ссуда қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мқндай әдісі дүниежүзілік практикада басқарудың тоталитарлық режимі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі 1998 жылдан бастап жалпымемлекеттік ссуда қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
