Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
memlekettik_nesie.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.91 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе 1

1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні 3

1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері 3

1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары 7

1.3 Халықаралық мемлекеттік несие 10

2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану 12

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару 12

2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану 15

2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы. 20

Қорытынды 23

Қолданылған әдебиеттер 25

Кіріспе

Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.

Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының мәнін, атқаратын қызметтерін жетік білу.

Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.

Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.

Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.

Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және бірдей деңгейде шаруашылық субъектілері үшін де, сонымен қатар несиелік мекемелердің жүйесі үшінде қажет.

Ақшаны несие мекемелерінде сақтау ресурстардың құрылуын білдірсе, ал оларды экономиканың және тұтынушы қажеттілігіне үлестіріп беру несиелі ұсынуды көрсетеді.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік несиенің мәні және оның түрлерін сипаттау;

  • мемлекеттік несиенің нысандарына тоқталу;

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені басқаруды қарастыру;

  • Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызын айқындау.

Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының заң күші бар жарлықтары, заңдары, сонымен қатар отандық және басқада шетел экономистерінің еңбектері және баспасөз беттеріндегі мақалалар қолданылды.

1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні

1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері

Мемлекеттік несие – бұл несие беруші, сонымен бірге кредитор және жеке тұлғалардың арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы.Сандық жағынан қарағанда мемлекеттік несие мемлекеттің қызметі қаражаттарды несие беру ретінде иемденеді.

Мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларға, ссуда беру кезіндегі операция көлемі айтарлықтай төмен. Мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың алған несиелері бойынша, оларды өтеу немесе басқада міндеттемелерді орындауға мемлекет жауапкершілік алатын болса, ол мемлекеттік кепілдік болып табылады.

Бірден орталықтанған ақша қорларына әсер ететін несие қатынастарының алғашқы екі түріне қарағанда несие беруші міндеттемелерді кепілдік түрінде өтеу олардың өзгеруіне алып келеді. Егер қарызгер өз уақытысымен және толығымен өз міндеттемелері бойынша өтелетін болса, онда кепілдік бұл жерде ешқандай қосымша шығындарды көтермейді. Практикада айтарлықтай берік несие алушылар мемлекеттік кепілдікті қажет етпейді. Мемлекеттік кепілдік көп жағдайда оншалықты берік емес несие алушыларға беріледі.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік несие ақша- қаражат қатынастарының екі түрінің бойында тұрады – қаржымен несиенің және олардың ерекшеліктерін біріктіреді. Қаржы жүйесінің звеносы ретінде мемлекеттік несие, мемлекеттің орталықтанған ақша қорларын құруды және оларды пайдалануды қамтамассыз етеді, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар құру мен пайдалану үшін қызмет етеді.

Несиенің бір түрі ретінде мемлекеттік несиенің классикалық қаржы категорияларынан ажырататын бірқатар ерекшеліктері бар. Біздің мемлекеттің тарапында займдарды орналастыру кезінде еркін бөлу принціпінен алысырақ болса да, ол салықтарға қарағанда еркін бөлу сипатын иемденеді. Егер салықтар тек бір жолмен жүретін болса: төлеушіден бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға онда мемлекеттік несиенің негізі болып оның қайтарылуы мен төлемдігі есептеледі. Белгілі бір уақыттан кейін салынған сома енгізілген пайызбен қайтарылады.

Мемлекеттік несиенің басқа түрлерінен айырмашылығы бар. Мысалы, банктік несиенің бірігуіне көп жағдайда кепіл ретінде нақты бір құндылықтар, қоймадағы тауарлар, аяқталмаған құрылыс қойылатын болса, мемлекетпен қаражаттарды несиелеудің кепілі болып, оның меншігіндегі мүмкіндіктің барлығы, берілген территориялық бірліктің мүлігі немесе оның қандайда бір табыстары есептеледі.

Қаржы категориясы ретінде мемлекеттік несие қаржының үш функциясын атқарады: бөлу, реттеу және бақылау.

Мемлекттік несиенің бөлу функциясы арқылы орталықтанған мемлекеттік ақша қорларының құрылуы және олардың жедел төлемдік және қайтарымдылық принціптерінде пайдалануы жүзеге асады. Өзін қарыз алушы ретінде көрсете отырып мемлекет өз шығындарын қаржыландыру үшін қосымша қаражаттарды қамтамассыз етеді. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде мемлекеттік қарыз алушылар бюджеттік тапшылықты қаржыландырудың негізгі қаржыландыру көзі болып табылады. Қазіргі заман жағдайында мемлекеттік заемдардан түсетін түсімдер бюджет шығындарын қаржыландырудың салықтан кейінгі екінші түрі болып табылады. Соңғысы салық түсімдерінің көбеюімен салыстырғанда шығындар айтарлықтай тез өсуімен түсіндіріледі. Мемлекеттік несиенің бөлу функциясының оң әсер етуі, оның көмегімен салықтың ауыртпалық уақыты ішінде біркелкі бөлінуі түсіндіріледі.

Мемлекеттік заем арқылы шығындарды қаржыландыру кезінде алынатын салықтардың көлемі ұлғаймайды. Бірақ кейін несиелерді өтеу кезінде салықтар тек оларды төлеуден ғана емес, сонымен бірге олардың пайыз бойынша қарыздарын өтеуден де алынады. Салықтар мемлекеттік қарыздарды өтеумен қамтамассыз ету бойынша шығындарды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, бірақ одан басқа да қаржыландыру көздері бар. Ол шығындарды қаржыландырудың көзі қаражаттарды пайдалану бағытымен байланысты. Жинақталған капиталдың өндірістік салымы жағдайында құрылып жатқан объект іске қасылғаннан кейін табыс алып келеді,заем соның есебінен өтеледі. Салықтық ауыртпалықтың бұл жағдайда ешқандай күшеюі жүзеге аспайды.

Мемлекеттік заем арқылы жиналған капиталдың өндірістік емес мақсатта пайдаланылуы, мысалы, әскери немесе әлеуметтік шығындарды қаржыландыру кезінде, оларды өтеудің жалғыз жолы болып салықтар немесе жаңа заемдар есептеледі. Мемлекеттік заемдар бойынша қарыздарды өтеу үшін жаңадан шығарылған мемлекеттік заемдарды орналастыру мемлекеттік қарызды қайта қаржыландыру деп аталады. Мемлекеттің заем беруінен болған салықтық ауыртпалықтың ауырлығының күшеюі, заем берушіге төленетін немесе ол бойынша пайыздар мен олардың мерзіміне байланысты. Мемлекеттік заемның инвестор үшін табыстылығы қанша жоғары болса, салықтың сонша көп бөлігін мемлекет оларды өтеуге жіберуі тиіс.

Несие қатынастарына араласа отырып, мемлекет ерікті немесе еріксіз ақша айналымының жағдайына, ақша мен капитал нарығындағы пайыздық ставканың деңгейіне, өндіріске әсер етіп отырады. Экономиканы реттеудің бір аспабы ретінде мемлекеттік несиені саналы пайдалана отырып, мемлекет өзінің қандайда бір қаржылық саясатын жүргізе алады. Әртүрлі инвесторлар топтарының арасында заемдарды орналастыра отырып мемлекет ақша айналымын реттеп отырады. Жеке тұлғалардың қаражаттарын бір жерге жинай отырып, ол төлем қабілеттілік сұранысты төмендетіп отырады. Егерде несие арқылы өндірістік шығындар қаржыландырылатын болса, мысалы инвестициялар, онда ол айналымдағы ақша массасының абсолютті қысқаруына әкеліп соғады.

Еңбек ақыны төлеуге кеткен шығындарды қаржыландыру жағдайында, мысалы, оқытушылар мен дәрігерлерге ақша массасының көлемі айналымда өзгеріссіз қала береді.

Орталық банкпен жүргізілетін мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша операциялар немесе оларды кепілдеу арқылы берілетін несиелер, елдегі коммерциялық банктердің өтімділігін реттеудің маңызды құралы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]