- •V. Ультрадыбыстық, ультражоғары және аса жоғары жиілікті аппараттарымен жұмыс істеудің қауіпсіздік шаралары.
- •Vі. Лазерлерді қолдануға қауіпсіздік шаралары.
- •Тест тапсырмалары
- •2. Вискозиметрл¿к ±д¿ске сипаттама.
- •Ішкі үйкеліс күші деген - ол...
- •Тұтқырлық коффиценті немесе ішкі үйкеліс коэффициенті – ол...
- •Пуазейль формуласы:
- •Пуазейль формуласы нені анықтайды?
- •Оптикалы³ спектрлер
- •Молекулалы³ спектрлер
- •Прибордыµ ³¼рлысы
- •I. Спектрографты градуирлеу
- •Белг¿с¿з шы²ару спектр¿ндег¿ тол³ын ¼зынды³тарын аны³тау
- •Ж¼тылу спектр¿н ба³ылау
- •Теориядан ³ыс³аша ма²л¼мат
- •Ж¼мыстыµ орындалу т±рт¿б¿
- •Экспериментт¿к нег¿зг¿ ж¼мыс ¿стеу кезеµ¿
- •Н±тижелер кестес¿
- •№7 Зертханалық жұмыс
- •Теориядан ³ыскаша ма²л¼мат
- •№ 8 Зертханалық жұмыс
- •Теориядан ³ыс³аша ма²¼лмат
- •1. Электростимуляция дегенiмiз//
- •2. Ағза ұлпасына электр тогының алғашқы әсерiнiң негiзiне төмендегiлер жатады//
- •Құрал-жабдықтар: Тонометр, фонендоскоп, секундомер, эем. Теориядан қысқаша мағлұмат
- •Қан қысымын (ад) анықтау іс әрекеттері
- •1 Сурет. Қан қысымын анықтау
- •Теориядан қысқаша мағлұмат
- •2. Органдардағы және жасушалардағы электрлік құбылыстар
- •Дипольдік эквиваленттік генераторы
- •6. Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары
- •6.2. Жүректің электрлік векторы
- •6.3. Диполь моменті мен кернеу арасындағы қатынас
- •6.4. Эйнтховен үшбұрышы
- •6.5. Ығыстыру электродтары
- •Әртүрлі интервалдар:
- •Жүректің соғуын электрлік сызықтармен көрсетуге тіркеу
- •4 Сурет.
- •1 Сурет.
- •2 Сурет.
- •Поляриметрдің сызба-нұсқасы
- •Поляризатор және анализатордан тұратын жүйе арқылы жарықтың өтуі
- •Бақылау сұрақтары
6.3. Диполь моменті мен кернеу арасындағы қатынас
Кез-келген вектор өзі орналасқан жазықтықта жататын екі координат осьтеріне проекцияларымен сипатталынады. Біз үшін ыңғайлы екі өзара перпендикуляр осьтері бар декартты координат жүйесі. Дегенмен де басқа да (параллель емес) осьтерді қолдануға болады. 6.4 және 6.5 баптарында бұл жағдай үшін ең ыңғайлы осьтер тең қабырғалы үшбұрыш қабырғаларында орналасқан остер.
Егерде
электр өрісін тудыратын нүктелік диполь
АВС тең қабырғалы үшбұрыш центрінде
орналасса, онда (7) өрнектегі осы үшбұрыш
қабырғаларының ұштарындағы кернеу P
векторының оның қабырғаларына
проекциясындай (8-сурет), өйткені (r)
қашықтықтан және
бұрыштан (7) формуладағы тәуелділік
бірдей болады және қатынасты есептегенде
қысқарады:
Uав : Uвс : Uас = Pав : Pвс : Pас (8)
(8) өрнекте Uав, Uвс, Uас, кернеулерін өлшеп, P векторының үшбұрыш қабырғаларына Pав, Pвс, Pас проекциясының салыстырмалы шамасын анықтауға болады. Ал белгілі проекциялар бойынша P векторы шамасының өзін есептеуге болады (9 - сурет).
(9)
Сонымен, жүректің электрлік векторы мен адам денесі бетіндегі нүктелер потенциалдары арасындағы қатынас ең оңай тағайындалады, егерде осы потенциалдар теңқабырғалы үшбұрыш төбелерінде орналасқан ЖЭВ қатысты нүктелерде өлшенген болса.
9-сурет. Р векторы мен оның теңқабырғалы үшбұрыш қабырғаларына проекциялары арасындағы қатыс.
6.4. Эйнтховен үшбұрышы
Эйнтховен
ЖЭВ өзгерісі туралы айту үшін
электрокардиография кезінде үш нүктенің
екеуінің арасындағы потенциалдар
айырымын өлшеуді ұсынады. Ол үш нүкте
арқылы жүрекке қатысты алынған симметриялы
теңқабырғалы үшбұрыш береді. Үшбұрыш
ортасы ЖЭВ түсірілу нүктесімен сәйкес
келуі керек (10-сурет). Бірақ А, В, С
нүктелері электродтар қою үшін ыңғайсыз.
Сондықтан, тәжірибеде өлшеуіш электродтарды
А, В, С нүктелеріне қоймайды, ол оларға
аяқ-қол, бармақ, саусақ бастарындағы
эквипотенциал
нүктелерге қояды. А- нүктесіне оң қол
беті сәйкес келеді (R-электрод), В-
нүктесіне сол қол беті (L-электрод), ал
С- нүктесіне сол аяқ беті (F-электрод),
(10,11-сурет). Жүрек өрісінің эквипотенциал
сызықтары 11-суретте үздік сызықтармен
көрсетілген. Сызықтағы сандар осы
потенциалдардың салыстырмалы шамасын
көрсетеді. МN сызығы-дипольдың электр
осі жүректің анатомиялық осі бойымен
бағытталған.
|
|
10-сурет. Эйнтховен үшбұрышы |
11-сурет. Жүректің электр өрісінің эквипотенциал сызықтары.
|
6.5. Ығыстыру электродтары
Сәйкес күштердің арасындағы потенциалдар айырымын тіркеуге көмегін беретін әрбір қос электрод – ығыстыру (тармақталу) электродтары деп аталады. Бұлардың әртүрлі жүйелері болады. Олар бір-бірінен нүктелердің орналасу орнына байланысты, айырмашылықта болады. Емдеу практикасында көбіне кең қолданылатын тармақталу электродтарының орны соңғы нүктелердің орналасу орнына байланысты.
Эйнтховен электродтарының әрбір қос электродтары құрайтын тармақталу электродтарын стандарттық деп атайды да, оларды I, II, III-деп белгілейді.
I – тармақталу электродтары: оң қол – сол қол (RL),
II – тармақталу электродтары: оң қол – сол аяқ (RF),
III – тармақталу электродтары: сол қол – сол аяқ (LF) (12-сурет).
Электродтарды жоғары және төменгі нүктелерге жауып таңып қояды. Оң аяққа жерге қосатын электродтарды қосып қояды. Егерде Эйнтховен теориясы жүректің электрлік қызметін немесе әрекетін нақтылы көрсете алатын болса, онда жүректің электрлік векторының қызметін толық жазып шығару үшін, Эйнтховен үшбұрыштарының қабырғаларына түсірілген проекцияларының үшеуінің, екеуін ғана тіркеу жеткілікті болар еді.
Тең бүйірлі үшбұрыштың ең жоғарғы нүктесі тіркеу нүктесі бола алмайды, жүректің электрлік векторының бастапқы нүктесі үшбұрыштың дәл центрінде жатпайды, дененің бетімен түйісетін, жанасатын электродтардың барлық нүктелері, барлық жерде бірдей болмайды және тағы сол сияқтылар. Сондықтан, практикада жүректің жұмыс істеу қызметін әлдеқайда нақты зерттеу үшін барлық үш тармақталу электродтарының көрсетуін тіркейді, стандарттық ығысу электродтарынан басқа, биполярлық, монополярлық тармақталу электродтарының көрсетуін қолданады, бұндай жағдайда күшейтілген зерттеу деп атайды.
Бір полюсті күшейтілген тармақталу электродтары стандарттық электродтан және ортақталған потенциал нүктесінен тұрады. Осындай күшейтілген электродтар aVR, aVL, aVF- арқылы белгіленеді (12 б,в,г-сурет).
12-сурет. Электрокардиографиялық бұрылу электродтарының сызба - нұсқасы. а -стандарттық, б, в, г - күшейтілген, д - кеуделік.
Жүректің бұлшық етіне қан жетіспеушіліктен ауырған кезде жүректің электрлік векторының фронтальдық проекциясы барлық уақытта өзін көрсете алмайды, сондықтан кейде бір полюсті кезде бұрылу электродын қолданады. Кеуде электроды с – электроды, кеуде жасушаларының бетінің белгілі бір нүктесіне жауып таңылады. (жай жағдайда 6 нүкте қолданылады). Күшейтілген потенциал нүктесін үш стандарттық электродтардың бірдей резисторларын өзара бір-бірімен жалғау арқылы алуға болады (12, д – сурет). Кеуде тармақталу электродтарын V1, V2, V3, V4, V5, V6 деп белгілейді (индекс кеуде жасушаларында нүктені белгілейді). Басқа да тармақталу электродтарының түрлері сирек қолданылады.
7. Жүректің соғуын электрлік сызықтармен көрсетудің негізгі компоненттері
Жүректің жұмыс істеу бір циклындағы, әртүрлі тармақталу электродтарының потенциалдар айырымын арнаулы аппаратпен өлшеу және оны зерттеу электрокардиография деп аталады. Жүректің жұмыс істеу бір циклындағы сәйкес тармақталу электродтарының арасындағы потенциалдар айырымының лездік мәнінің уақытқа байланысты өзгеру графигінің тәуелділігін электрограмма деп атайды немесе жүректің соғуын электрлік сызықтармен оқып зерттеу яғни көрсету. Жүректің электрлік векторы, жүректің жұмыс істеу бір циклында үш тұзақты бейнелеп жазады.
Эйнтховен үшбұрышының қабырғаларындағы вектордың проекциялары, уақыттың функциясы бола отырып, P, Q, R, S, T тістерінен тұратын қисықты және нольдік потенциалдың интервалына сәйкес келетін түзусызықты бөліктерді жазып көрсетеді (13, 14 - сурет; 6.2. бөлімшесін қараңыз). Изосызық дегеніміз - кардиограмманың түзу сызықты бөлігіне сәйкес келетін сызық. Тіс (зубец) - изосызықтан жоғары (оң) немесе төмен (теріс) ауытқу. Жүректің жұмыс істеу бір циклындағы, жүректің электрлік векторының өзгерістерін, әртүрлі тармақталу потенциалдарындағы өзгерістерді бір-бірімен салыстыра отырып, көрсетуге болады.
14-суретте бірінші тармақталу электродтарындағы дені сау адамның кәдімгі электрокардиограммасы көрсетілген. С1 және С2 жазық сызық -изоэлектрлік сызық деп аталады. Бұл дене бетінде потенциалдар айырымы нольге тең дегенді, яғни жоқ дегенді көрсетеді. Электрокардиограмманың негізгі сипаттамасы, ол тістердің формасы және биіктігі, сосын интервалдардың ұзақтығы. Жүректің патологиялық өзгерісі кезінде осы негізгі сипаттамалар өзгереді, бұлардың өзгерісі жүрек ауруына анықтама беру үшін қолдануға болатын электрокардиограмманы көрсетеді.
13-сурет. Жүректің электр векторының тұзақтарынан тұратын екі электрокардиограмманың жазған сызба - нұсқасы.
14-сурет. Бірінші тармақталу электродтарындағы дені сау адамның кәдімгі электрокардиограммасы.
Электрокардиограмма қисықтарының формасы әртүрлі бұрылу электродтарында әртүрлі болады. Кәдімгі дені сау адамның электрокардиограммасында үш жоғары бағытталған P, R, T және екі төменге бағытталған Q, S тістері жекеленіп көрінеді. Әріппен тістерді белгілеуді Эйнтховен енгізген. Q, R, S комплексы Q, R, S тістері жиі анықтайды. Тістердің арасында орналасқан ЭКГ-ның кесінділері сегмент деп аталады. Сегменттен және оған жанасып жатқан тістерден тұратын кесінді интервал деп аталады.
