- •Географиялық диктанттар жинағы
- •Мазмұны
- •I тарау
- •Түсініктеме
- •Жер туралы географиялық білімінің дамуы
- •II тарау План және карта
- •Жер қабықтары Литосфера
- •Атмосфера
- •Гидросфера
- •VI тарау Биосфера Географиялық қабық
- •VII тарау Жер бетіндегі адамзат
- •Кіріспе . Жер шарының материктері, аралдары мен мұхиттары. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері
- •Жер планетасы табиғатының басты ерекшеліктері Литосфера және жер бедері
- •Атмосфера және климат
- •Дүниежүзілік мұхит
- •Материктер мен мұхиттар Солтүстік жарты шар материктері Еуразия
- •Солтүстік Америка
- •Оңтүстік жарты шар материктері Оңтүстік Америка
- •Аустралия
- •Тынық мұхит, мұхиттық аралдар
- •Антарктида
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Ескертулер үшін
- •Ескертулер үшін
- •Ескертулер үшін
Атмосфера
Жер шарын жан- жағынан қоршаған ауа қабығы.
Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ.
Атмосфера қабаттары.
Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
Тәулік ішінде ең жоғарғы ең төменгі температуралар айырмашылығы.
1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері.
Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы.
Ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының жинақталуы.
Жер бетінен біраз биікте атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.
Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал.
Атмосферадағы 50- 55 км биіктіктегі қабат.
Ауаның жер бетінде горизонталь бағытта қозғалуы.
Тәулігіне бағытын 2 рет ауыстыратын жел.
Жылына бағытын 2 рет ауыстыратын жел.
Атмосфераның қысқа мерзімдегі жай- күйі.
Тропосфераның бір – бірінен температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері .
Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай- күйі.
Жер шарындағы 23,5 солтүстік пен оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер.
Атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым.
Жауаптың нұсқалары:
1. Температураның тәуліктік амплитудасы
2. Барометр
3. Конденсация
4. Атмосфера
5. Атмосфералық қысым
6. Азот
7. Бұлт
8. Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты
9. Абсолюттік ылғалдылық
10.Тұман
11. Тропиктер
12. Муссон
13. Гигрометр
14. Климат
15.Стратосфера
16. Бриз
17. Метеорология
18. Ауа - райы
19. Жел
20. Ауа массалары
Дұрыс жауабы: 1-4; 2-6; 3-8; 4-5; 5-2; 6-1; 7-9; 8-3; 9-10; 10-7; 11-13; 12-15; 13-19; 14-16; 15-12; 16-18; 17-20; 18-14; 19-11; 20-17.
Гидросфера
Жердің су қабығы.
Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит.
Дүниежүзілік мұхит бөліктері.
Мұхит суының тұздылығының өлшем бірлігі.
Теңіздің түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын.
Мұхит пен теңіз суының зор көлемде бір жерден екінші жерге ауысып тұруы.
Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма.
Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі кең, ұзын ойыс .
Өзеннің өзенге, көлге теңізге, құятын жері.
Өзеннің барлық салаларымен жиынтығы.
Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі.
Жер шарындағы ең биік сарқырама.
Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс.
Дүние жүзіндегі ең ірі көл.
Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.
Жердің терең қабатындағы қысымды су.
Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы.
Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін мұзтаулар.
Жасанды су қоймасы.
Жауаптың нұсқалары:
1. Тынық мұхиты
2. Саға
3. Гидросфера
4. Цунами
5. Мұхит ағысы
6. Өзен аңғары
7. Промилле
8. Мариан шұңғымасы
9. Анхель сарқырамасы 1054 м
10. Көл
11. Тасқын
12. Өзен жүйесі
13. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
14. Минералды су
15. Артезиан суы
16. Бөген
17. Айсберг
18. Өзен алабы
19. Каспий теңізі
20. Жер асты сулары
Дұрыс жауабы: 1-3; 2-1; 3-13; 4-7; 5-4; 6-5; 7-8; 8-6; 9-2; 10-12; 11-18; 12-9;
13- 11; 14-10; 15-19; 16-20; 17-15; 18-14; 19-17;20-16.
