- •Географиялық диктанттар жинағы
- •Мазмұны
- •I тарау
- •Түсініктеме
- •Жер туралы географиялық білімінің дамуы
- •II тарау План және карта
- •Жер қабықтары Литосфера
- •Атмосфера
- •Гидросфера
- •VI тарау Биосфера Географиялық қабық
- •VII тарау Жер бетіндегі адамзат
- •Кіріспе . Жер шарының материктері, аралдары мен мұхиттары. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері
- •Жер планетасы табиғатының басты ерекшеліктері Литосфера және жер бедері
- •Атмосфера және климат
- •Дүниежүзілік мұхит
- •Материктер мен мұхиттар Солтүстік жарты шар материктері Еуразия
- •Солтүстік Америка
- •Оңтүстік жарты шар материктері Оңтүстік Америка
- •Аустралия
- •Тынық мұхит, мұхиттық аралдар
- •Антарктида
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Ескертулер үшін
- •Ескертулер үшін
- •Ескертулер үшін
II тарау План және карта
1 Жергілікті жерде көкжиек тұстарын ажырату.
2. Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
3.00 азимут қандай көкжиек тұсы.
4. 2700 азимут қандай көкжиек тұсы.
5. Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан.
6. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы.
7.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.
8. Жер бетіндегі кез-келген нүктенің басқа нүктеден айырмасы.
9. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал.
10. Картадағы абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
11. Ең ұзын параллель.
12. Жер бетіндегі солтүстік пен оңтүстік полюстерді бастыра жүргізілген шеңберлер.
13. Меридиандарға кесе - көлденең жүргізілген шеңберлер.
14.Жер бетіндегі географиялық ендік пен бойлықтан тұратын нүкте.
15. Жер бетінің белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен жазықтықтағы сызбасы.
Жауаптың нұсқалары:
1. Солтүстік
2. Батыс
3. Бағдарлау
4. Масштаб
5. Азимут
6. Салыстырмалы биіктік
7. План
8. Абсолюттік биіктік
9. Горизонтальдар
10.Деңгейлегіш
11. Географиялық карта
12.Экватор
13. Географиялық координаталар
14. Параллельдер
15. Меридиандар
Дұрыс жауабы: 1-3; 2-5; 3-1; 4-2; 5-4; 6-7; 7-8; 8-6; 9-10; 10-9; 11-12; 12-15; 13-14; 14-13; 15-11.
Жер қабықтары Литосфера
1. Жердің ең сыртқы қабаты.
2. Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты.
3. Жер қыртысынан шамамен 2900 км тереңдікке дейінгі қабат.
4. Жердің ең орталық өзегі.
5. Тау жыныстарын құрайтын заттар.
6. Мұхиттардың түбінде ұзыннан- ұзақ созылып жататын су асты тау жоталары.
7. Жердің терең қойнауында жоғарғы температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат.
8. Жер қойнауындағы ығысулар мен ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалысы.
9. Жер сілкіну ошағының дәл үстінде жатқан жер бетіндегі нүкте.
10. Жердің терең қойнауындағы жер сілкіну пайда болатын жер.
11. Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып, төгілген отты қоймалжың зат.
12. Жанартау атылғаннан кейін төбесінде пайда болатын ұңғы.
13.Мезгіл- мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар.
14. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі.
15. Жалғаса тізіліп жатқан таулар.
16.Тау жыныстарының ауа, ылғал және тірі организмдер әсерінен бұзылуы .
17. Абсолюттік биіктігі 200 м- ден аспайтын жазық.
18. Абсолюттік биіктігі 200 м – ден 500 м – ге дейінгі жазықтар.
19. 500м – ден астам биіктіктегі жазықтар.
20.Мұхиттағы тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін құрал.
Жауаптың нұсқалары:
1. Мұхит ортасы жоталары
2. Минерал
3. Литосфера
4. Жер қыртысы
5. Мантия
6. Ядро
7. Үгілу
8. Магма
9. Кратер
10. Жер сілкінісі
11. Гейзер
12. Жер сілкінудің эпицентрі
13. Тау
14. Лава
15. Ойпат
16. Жер сілкіну ошағы
17. Тау жотасы
18. Эхолот
19. Қырат
20. Таулы үстірт
Дұрыс жауабы: 1-4; 2-3; 3-5; 4-6; 5-2; 6-1; 7-8; 8-10; 9-12; 10-16;
11-14; 12-9; 13-11; 14-13; 15-17; 16-7; 17-15; 18-19; 19-20; 20-18.
