Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
686.78 Кб
Скачать

1.Майда бөлшектер арқылы бұйымдарды үлгілеу.

Қарапайым кезде жұмсақ қатпарлар защиптер мен бүкпелерден құралады. Оларды қиықтардан үлкен емес арақашықтықта тігеді. Біржақты және екіжақты қатпарларды жобалағанда ұзындығы бойынша бөлшек қатпарлардың орналасу орнымен ажырайды және жобаланған еніне жылжытылады. Белдемшелердегі қатпарлардың тереңдігін аяқ жағынан 1-1,5 см-ге кішірейтеді (шақпақ, тік жолақты маталардан басқа) Біржақты қатпарлардың тереңдігі бөксе сызығының деңгейінде 6см-ге тең. Киім конструкциясын сәндік безендіруде маңызды орынды лацкан, өңір, қалталар, хлястиктер, паттар және т.б. сияқты модельдік ерекшеліктерді ауыстыра алады. Түйме диаметрі. 1,5-2см жейде, 3-4 см пальто, жакет. Ерлер киімдерінде ілгектерді алдыңғы бойдың сол жағында, ал әйелдерде оң жағында орналастырады. Осыған сәйкес ерлер киімінде алдыңғы бойдың сол жағы, ал әйелдерде оң жағы басты бөлшек болып саналады.

Майда бөлшектер арқылы бұйымдарды өңдеген кезде қатпарларды үлгілейміз.Қарапайым жұмсақ қатпарлармен зашиптер бүкпеден құрайды.Оларды қиықтардан үлкен емес арақашықтықта тігеді.1-ші,2-ші жақты қатпарларды жобалауда ұзындығы бойынша бөлшек қатпарлардың орналасу орнымен ажырайды.Белдемшелердегі қатпарлардың тереңдігі аяқ жағындағы тік жолақты мат/н басқа бір жақты қатпардың типтік деңгейлердің бөксе сызығының деңгейінде 6см-ге тең.Киім конструкциясында сәндік безендіруде маңызды орынды лацкан,өңір,қалталар,хлястиктер т.б. модельдік ерекшеліктерді ауыстыра алады.

2.Конусты және параллельді кеңейту көбінесе иық және бел бұйымдарда қолданылады.Мысалы:әр түрлі қатпарлар,драпировкалар,жиырмаларорындау үшін.Конусты кеңейту көбінесе трапеция силуэттерінде қолданылады.Осы 2 тәсілді орындау үшін макетті әдіс қолданылады,яғни қағаз арқылы (калька)жасауға болады. Параллельді көбейту негізінен бөлшектерде жұмсақ қатпарлар мен жиырмаларды жобалауда қолданылады. Бұл үшін көлденең конструктивті сызықтармен түсірілген өзгеретін бөлшек конструктивті көлденеңнің бойымен жобаланған кеңдікке жылжиды.Бөлшектердің кеңеюі модельге байланысты біркелкі емес болуы мүмкін.Бөлшектердің қиықтары бойынша жолақтардың шекарасы белгіленіп, бірақ кесілмесе бөлшектерді шартты қиылуы мүмкін. Кеңейген бөлшекті этап бойынша жылжыту жолымен және жолақтардың сыртқы контурын сызып белгілеу жолымен алады. Соңғы контурды пайда болған бөлшектердің қиықтарын біркелкі сызықтармен безендіреді.

Киім бөлшектерінің конусты кеңеюі модельдің силуэтіне байланысты кез келген деңгейден басталуы мүмкін: иық,кеуде,бел,бөксе,тізе және одан төмен.Конусты кеңею бастапқы бөлшектердің (тігістердің) қосымша жіктелулерді кірістірместен трапецияны көрсететін силуэтті форманы жобалауда қолданылады.Бөлшектер "дөңесті трапеция" силуэтін құра отырып,кеңейген шеттері бойынша жиналуы мүмкін.Түрлендірутәсілдері бөлшектердің жолақтарын кеңейту үшін шартты кесілуі бүкпелердің ұштары арқылы орындайды;осы орайда бүкпенің жолағы төселгеннен кейін бөліті немесе толықтай жабылады.

Дәл осындай тәсілдер бөлшектерді конусты тарылтуда да қолданылады,осы жағдайда бөлшектердің төселген жолақтарын бір мезгілде бұйым енін фигураның максималды айналымды өлшену деңгейін қадағалап отырып,бір-біріне кигзеді (мысалы,белдемшелер үшін - бөксе сызығының деңгейінде).Берілген деңгейде бөлшектердің төменгі жақта тарылуы мен олардың енін сақтау кезінде бұрынғы бүкпелердің ерітіндісі көбейеді және жаңа бүкпелер пайда болады. Мұндай модельдерде олардың барлығы жұмсақ жиырмалар мен қатпарларды жасау үшін қолданылады.

Конусты кеңею бұйымның барлық периметрі бойынша біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін ереже бойынша,алды мен артына қарағанда көбінесе бүйір жағынан. Модельдің суреті бойынша конструкцияны дайындау кезінде бөлшектердің кеңею үлкендігін модельдің силуэті бойынша шамамен анықтайды. Бөлшектердің қандайда бір деңгейге кеңеюі "годе" деген атауға ие. Годенің клиндері тұтас пішілген немесе қондырмалы болуы мүмкін. Күрделі бүкпелерді тұрғызу тәсілдері екілік,үштік, кесіктер және қатпарлар 10 суретке көрсетілген. Бұл модельдік ерекшеліктерді алу үшін бұрышта 90° болғаны дұрыс орналасқан бүкпелер мен қиықтарды жобаланған бүкпелердің,қатпарлардың,жиырмалардың немесе қиықтарындағы қатпарларға қарай бағытта қолданады. Бастапқы бүкпені қажетті ұзындықтағы ауданды алуға суретпен сәйкес жіктелулерді төсеп отырып сынық сызықтармен жабады. Бастапқы бүкпенің тік және сынық жақтарының арасындағы алынатын зазор қатпарлар мен жұмсақ жиырмаларға тән,жобаланатын форманың қосымша көлемін көшіреді.

26-Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]