- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
Сыртқы құрылысы: ересек насекомдардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас, кеуде, құрсақ. Басында қос буынды әртүрлi антенналары (мұртшалары), қарапайым немесе күрделi көздерi және ауыз аппараттары орналасады. Ауыз аппараттарының типiне қарай насекомдарды екi үлкен топқа бөледi: кемiрушiлер (мондибулярлы) және сорушылар (тұмсықтылар). Байқалатын айырмашылықтарына қарамастан бұл насекомдар топтарының ауыз аппараттары гомологты. Кемiргiш ауыз аппараты ең қарапайым. Ересек насекомдарда кемiргiш ауыз аппараты үш қос жақ аппаратынан құралады: мандибулялардан, буынды сезгiш мұртшалы бiрiншi максиллалардан және астыңғы ерiнге айналған екiншi максиллалардан.
Кеуде бөлiмi үш сегменттен тұрады: алдыңғы кеуде, ортаңғы кеуде, артқы кеуде. Ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде қос тыныс тесiктер орналасқан. Үш сегменттiң әрқайсысында бiр-бiр жұп буындалған аяқтары болады. Аяқтары жүруге, жүгiруге, секiруге, жүзуге, қоректi ұстауға және дыбыс дабылын беруге де ыңғайлануы мүмкiн. Көптеген насекомдардың қанаттары болады, бiрақ кейбiр отрядтардың өкiлдерi қанатсыз болып келедi, мысалы, Thysanura (қылтанқұйрықтылар) және Collembola (аяққұйрықтылар). Екi жұп қанаттары бiр-бiрден ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде орналасқан. Ең қарапайым болып Hymenoptera (жарғаққанаттылар) және Diptera (қосқанаттылар) отрядтар өкiлдерiнiң жарғақ қанаттары есептеледi. Осы типтi қанаттардың эволюциясы нәтижесiнде түктермен жабылған ручейниктердiң (Trichoptera) қанаттары, көбелектердiң қабыршақты қанаттары (Lepidoptera), тiкқанаттылардың қабықшалы үстiңгi қанаттары (Ortloptera) және қоңыздардың мүйiздi үстiңгi қанаттары (Coleoptera) пайда болды. Қосқанаттылардың екiншi қанаттар жұбы ызылдауыққа айналған.
Құрсақ сегменттерiнiң саны 3 пен 11 аралығында болады. Оларда өсiндiлер болмайды. Тек 8-шi және 9-шы сегменттерiнде жыныс өсiндiлерi болады. Кейбiр түрлерiнiң 11 сегментiнде церкилер болады. Тыныс тесiктерi 1-8 құрсақ сегменттерiнде орналасады.
Iшкi құрылысы. Ас қорыту жүйесi ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, жемсау, ортаңғы және артқы iшектерден тұрады. Әр түрлерде бұл бөлiмдердiң көлемi насекомдардың қорек сипатына қарай ерекшеленедi.
Насекомдардың қан айналу жүйесi жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Денесiнiң үстiңгi жағында орналасқан түтiк тәрiздi жүрегiнiң артқы ұшы тұйық, ал алдыңғысы бас қуысына ашылатын арқа қолқасына жалғасады. Жүрек камераларының бүйiрiнде остиялар деп аталатын саңылаулары бар. Жүрек қабырғасына бiткен, қанат тәрiздi бұлшық еттерiнiң әсерiнен жүректiң камералары бiр бағытта жиырылып қанды артқы жағынан алға қарай қолқаға сырғытады. Қолқадан шыққан гемолимофа бас қуысына құйылып, одан кеуде және құрсақ бөлiгiне қарай ағып, ондағы iшкi мүшелердi аралап, қайтадан жүрекке құйылады.
Насекомдардың нерв жүйесi жұтқыншақ үстi немесе бас миы, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және құрсақ нерв тiзбегiнен құралған. Насекомдарда жақсы дамыған антенналар мен көздiң бар болғандығына байланысты, цефализация айқын байқалады.
Насекомдардың газ алмасуы денесiн толық қамтитын бұталанған ауа түтiкшелерiнен тұратын трахея немесе кеңiрдек жүйесi арқылы iске асады. Трахеялар стигма деп аталатын тыныс тесiктерiнен басталады.
Метаболизм нәтижесiнде түзiлген азотты заттардың экскрециясы, насекомдарда түтiкшелер арқылы iске асады. Бұл заттар несеп жолы арқылы шығарылады. Олар артқы iшекке түсiп, нәжiспен бiрге аналь тесiгi арқылы сыртқа шығарылады.Насекомдар дара жыныстылар. Аналық жыныс жүйесi екi аналық безiнен, екi аналық жолынан, қынаптан, тұқымқабылдағыш қапшығынан және қосалқы бездерiнен тұрады. Аталық жыныс жүйесi екi аталық безiнен, екi аталық жолынан, тұқымшашқыш түтiкшеден, шағылыс мүшесiнен және қосалқы бездерiнен тұрады.Насекомдардың тiршiлiк циклi сан алуан және орасан күрделi. Көптеген насекомдарда даму метаморфоз арқылы жүредi. Метаморфоз – бүкiл тiршiлiк циклiнде жануарлардың құрылымы мен түрiнiң кенет өзгеруi. Насекомдардың өте қарапайым топтарының личинкалары жиi ересек түрлерiне ұқсас болады. Әдетте әрбiр келесi личинкасы өскен сайын ересек түрге ұқсай бередi. Дамудың мұндай типi гемиметаморфоз деп аталады. Оны нимфалар мен ересек түрлердiң бiр аймақта мекендеп, бiр қорекпен қоректенуiн – бiртiндеп метаморфозы және нимфаларда ересек түрлерiне қарағанда басқа қорекпен қоректенуге бақталастықты тоқтататын және басқа аймақтарды игеруге адаптивтi белгiлерi пайда болғанда метаморфоз деп екi топқа бөледi.
