- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
15 Билет
1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
Насекомдардың тіршілік циклі –Онтогенез – жұмыртқадан ересек формаға дейінгі бір дараның өмірі, табиғи үздіксіз даму процесс бөлігінің бірнеше рет қайталануы. Насекомдардың тіршілік цикл типтері: 1. Жынысты көбейетін аналық пен аталықтан тұратын – диморфты түрлерге тән ұрпақ қайталанбайтын тіршілік циклі (қоңыздар, көбелектер, кандала). 2.Партеногенді көбейетін, ұрпақ қайталанбайтын тіршілік циклі – мономорфты түрлер, тек партеногенді аналықтардан тұрады. (пля, листоблошки) қолайсыз аймақта – қоңыз, қандара, шегіртке т.б.) 3. Сирек, ұрпақ кезектеспейтін жынысты гермафродитті түрлердің тіршілік циклі (американдық шыбын түрлері) 4. Жынысты көбейетін және факультативті партеногенезді полиморфты түрлердің тіршілік циклі (аралар, құмырсқа, термиттер) аналық, аталық, жұмысшы, солдат 5. Жынысты және партеногенді ұрпақтың кезектесуі (гетерогония) 6. Жынысты ұрпақ және бірнеше педогенездің кезектесуі (педогенез – дернәсіл стадиясы партеногенді көбейеді). Насекомдардың тіршілік циклі – бірнеше онтогенез типтері болатын түрдің дамуы. Онтогенез – жұмыртқадан ересек формаға дейінгі бір дараның өмірі, сосын табиғи үздіксіз даму процесс бөлігінің бірнеше рет қайталануы. Жұмыртқадан басталып, жынысты жетілген ересек формамен аяқталатын, насекомдардың барлық даму циклі – ұрпақ немесе генерация түсінігімен белгіленеді. Генерацияның ұзақтығын 2 негізгі фактор анықтайды: тіршілік циклінің тұқымқуалайтын ырғағы және сыртқы орта әсері. Н-дарға тән зат алмасу қарқыны, олардың даму және өсу жылдамдығының жоғарлылығын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай әсіресе жас, ұсақ формаларға және прогрестегі топтарға тән. Кейбір шыбын түрлері жылына 2-3, ал астық злактарының зиянкес шыбындары 2-5, тляның кейбір түрлері 10-15 ұрпақ береді. Сондықтан, н-дарды 2-,3- және көп генерациялы (би-, три-, поливольтинді) деп бөледі. Кейбір н-дар 1 немесе бірнеше жыл дамиды (ежелгі, қарапайым және ірі формалар: тікқанаттылар, қандалалар және қоңыз түрлері). 2 немесе бірнеше жыл дамитын түрлердің дернәсілдері суда, топырақта дамиды. Америкуандық әнші цикадының генерациясы 13-17 жыл.
І. Ұрпақ кезектесу болмайды: 1) Қос жынысты, жынысты көбею (зауза қоңызы) 2) Партеногенді көбею (биік тау қоңыздары, шегіртке) 3) Гермафродитті даралардың жынысты көбеюі (америка шыбыны) 4) Полиморфты түрлердің (ара) жынысты және партеногензді көбею.ІІ. ұрпақ кезектеседі: 1) Гетерония: жынысты және бірнеше партеногенді көбеюдің кезектесуі (тля, филлоксера) 2) Гетерогония: жынысты және бірнеше педогенетикалық ұрпақтардың (кейбір галалицалар) кезектеседі. 3) Метагенез жынысты және полиэмбрионды ұрпақтың кезектесуі (шаншарлар7. Жынысты (аналық, аталық) және жыныссыз ұрпақтың кезектесуі (шаншар, орехотворкалар)
2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
Профилактика және зиян келтiрушiлермен және ауруларымен белсендi күрес үшiн түрлi әдiстердi қолданады. Олар әрекет ету қағидаты және қолдану техникасы бойынша орман шаруашылық, механикалық, физикалық, биологиялық және химиялық боп жiктеледi, әрбiрi аса тиiмдi құралдардың қолдану қатарларын ескередi. Күрестiң жеке әдiстерiнiң маңыздылығы алажаулы, әсiресе әр түрлi шарттарда. Орман қорғау шараларының жүйесіне біріктірілген кешенді әдісінде ең үлкен жетістіктерге жетеді,барлық қолданылатын әдістер бір бірін толықтырады және бірін бірі ауыстырады. Орман қорғау шараларының жүйесіне орман шаруашылық технологиялық үрдістер қосылу керек.Табиғи-географиялық, экономикалық, биологиялық факторлардан басқа, зиянкестерлердің популяция күйінің динамикасын және потологиялық үрдістерді ескеру керек. Сондықтан орман қорғау шараларының жүйесі – бұл қарапайым әдістер мен тәсілдердің жиынтығы емес, ол олардың интегралдануы, зиянкестердің санын реттеумен залалды болдырмау. Орман қорғау шараларының интегралды жүйесі питомникті әрдайым бақылаудағы алынған мәліметтер негізінде жүзеге асады.
Өсімдікті химиялық қорғау – пестицидтердің физикалық-химиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянкестерге, қоршаған орта элементеріне әсерін, қарқынды технологияда қорғау шараларында қолданылауын зерттейтін ғылым. Өсімдіктерді химиялық қорғау мақсаты – заманауи пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету механизмінің табиғатын зертеуге, тиімді және қауіпсіз қолдануға үйретеді. Өсімдікті химиялық қорғаудың теориялық негізіне ауылшаруашылықта қолданылатын уларды зерттейтін ғылым – агрономиялық токсикология жатады. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттар адам ағзасына, жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларды сақтау қарастырылады. Өсімдікті, ауылшаруашылық өнімдерін залалдайтын зиянды ағзаларға қарсы қолданылатын химиялық заттар – пестицидтер деп аталады. Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға ену және әсер ету сипатына байланысты талданады. Өсімдікті химиялық қорғау – пестицидтердің физикалық-химиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянкестерге, қоршаған орта элементеріне әсерін, қарқынды технологияда қорғау шараларында қолданылауын зерттейтін ғылым. Өсімдіктерді химиялық қорғау мақсаты – заманауи пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету механизмінің табиғатын зертеуге, тиімді және қауіпсіз қолдануға үйретеді. Өсімдікті химиялық қорғаудың теориялық негізіне ауылшаруашылықта қолданылатын уларды зерттейтін ғылым – агрономиялық токсикология жатады. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттар адам ағзасына, жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларды сақтау қарастырылады. Өсімдікті, ауылшаруашылық өнімдерін залалдайтын зиянды ағзаларға қарсы қолданылатын химиялық заттар – пестицидтер деп аталады. Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға ену және әсер ету сипатына байланысты талданады.Фумиганттар – жәндік ағзасына тыныс жолдары арқылы, газ күйінде енеді. Барлық пастицидтер жанама әсерлі және жүйелі болып бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағзаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдікке сіңіп, ұлпаларымен жылжып, зиянды ағзаларды жояды. Өсімдікті зиянды ағзалардан қорғау үшін биологиялық белсенді заттарды қолданады. Феромондар – жәндіктерден бөлінетін қоршаған ортадағы зиянкестерге әсер еткіш заттар. Аттрактанттар – жәндіктер мен жануарларды иісімен, дәмімен еліктіргіш заттар. Репеленттер – жәндіктерді иісімен, дәмімен үркітетін заттар. Ингибиторлар – тірі ағзадағы зат алмасу процестерін, ферменттердің белсенділігін төмендететін органикалық, бейорганикалық заттар. Антифиданттар – жәндіктердің қоректенуін төмендететін заттар. Дефолианттар – өсімдіктің пісіп жетілуін жылдамдататын, өнім жинау жұмыстарын жеңілдететін, сабақтағы жапырақтарды түсіруге арналған заттар. Фумиганттар – жәндік ағзасына тыныс жолдары арқылы, газ күйінде енеді.Барлық пастицидтер жанама әсерлі және жүйелі болып бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағзаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдікке сіңіп, ұлпаларымен жылжып, зиянды ағзаларды жояды. Өсімдікті зиянды ағзалардан қорғау үшін биологиялық белсенді заттарды қолданады. Феромондар – жәндіктерден бөлінетін қоршаған ортадағы зиянкестерге әсер еткіш заттар. Аттрактанттар – жәндіктер мен жануарларды иісімен, дәмімен еліктіргіш заттар. Репеленттер – жәндіктерді иісімен, дәмімен үркітетін заттар.Ингибиторлар – тірі ағзадағы зат алмасу процестерін, ферменттердің белсенділігін төмендететін органикалық, бейорганикалық заттар. Антифиданттар – жәндіктердің қоректенуін төмендететін заттар. Дефолианттар – өсімдіктің пісіп жетілуін жылдамдататын, өнім жинау жұмыстарын жеңілдететін, сабақтағы жапырақтарды түсіруге арналған заттар. Пестицидтің улылығына әсер етуші факторлардың бірі – экспозиция (уыттың зиянкес ағзасымен байланысқа түсу ұзақтығы). Химиялық тұрақты және ұшқыштығы төмен заттар өсімдіктер мен топырақта ұзақ сақталады. Сондықтан, өсімдікті қорғауға басқа жағымсыз қасиеттері жоқ, зиянкестерге химиялық тұрақты, жоғары улылықты пестицидтер тиімді. Қоршаған орта жағдайларымен пестицидтердің улылығына температура қатты әсер етеді. Температураның өсуімен өңделген беттен пестицидтің жоғалуы жоғарлайды, бірақ улылығы өсуі мүмкін. Улылықты сақтаудың ұзақтығы ауа ылғалдығының, күн радиациясының, жел мен жаңбыр әсерінен төмендейді. Уытты заттар зиянкестердің ішіне әртүрлі жолмен енуі керек ( тыныс жолдары, тері, асқорыту жолдары). Ағзалардың пестицидтерге төзімділігі – улануға қарсы биологиялық қасиет. Төзімділіктің 2 түрі болады: Ағзалардың биологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген табиғи төзімділік және уытпен әсер еткенде пайда болатын жасанды төзімділік. Табиғи төзімділік- түрлілік, жыныстық, фазалық, мезгілдік, уақытша, ал жасанды төзімділік –жекеше, топтық және айқас болып бөлінеді. Өсімдіктерді қорғауға қолданылатын пестицидтер – биологиялық белсенді заттар. Олар өсімдіктерді қорғауға қолданылғанмен, қоршаған ортаға, адамға қауіпті. Пестицидтер қолданылғаннан кейін қоршаған орта нысандарында ұзақ сақталуы мүмкін. Кейбір химиялық заттар қоректік заттар арқылы жануар, адам өміріне, экожүйеге, биоценозға, ландшафтаға үлкен қасірет әкелуі мүмкін. Елімізде а/шдақылдары пестицидтермен өңделеді. Олардың қалдығы ауада, суда, топырақта, өсімдік және жануар ағзасынан таблады. Сондықтан, а/ш-да қолданылатын осы химиялық заттарды қолданғанда, олардың гигиеналық нормативтерін сақтаған жөн. Пестицидтерді қолдану гигиенасының басты мақсаты – препараттың тиімді мөлшерін анықтап, улануды болдырмайтын әдістер жасау. Адамзат, жануарлар пестицидпен өңделген өнімджерді қолданғанда улануы мұмкін. Улану – кәсіби және тұрмыстық болады. Кәсіби улану – бақтарды, егістікті, тұқымдарды пестицидпен өңдегенде улану. Тұрмыстық –пестицидтер сақталған ыдыстарды азық-түлікке қолданса, үй бөлмелерінде сақтаса улану. Ондықтан ос химиялық заттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн
