- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
ТУРА ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ – ORTHOPTERA Денесі ұзынынан созылған сопақтау келеді, кеміргіш аузы бар, алдыңғы арқа бунағы ершік тәрізденіп жетілген, насекомның қанаттары әртекті торлы, алдыңғы жұбы тығыздалып тері жарғаққа айналған енсіз болады. Артқы қанаттары алдыңғыларымен салыстырғанда нәзік, жұқа жәнс жүйкелерінің саны өте көп болады. Насеком қонған кезде артқы қанаттары желпуіш тәрізді жиналып құрсақтың үстін бойлай орналасады, ал алдыңғы қанаттар олардың үстін түгелдей жауып тұрады. Артқы аяқтары секіргіш: сан бөлімі өте ірі және жуан, сирағы ұзын. Ал алдыңғы және ортаңғы аяқтары кәдімгі жүргіш аяқ типіне жатады. Кейде алдыңғы аяқтары жерді қазуға бейімделген, Еркек және ұрғашы жыныстыларының екеуінің де құрсағының ұшы церки деп аталатын қосалқылармен жабдықталған. Ал ұрғашысының құрсағының ұшында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бұл отрядқа жататын насекомдар жұмыртқаларын топтап немесе жекелеп топыраққа, болмаса өсімдікке салады. Қазақстанда кездесетін түрлерінің бәрі моновольтинді, көпшілігі жұмыртқа фазасьшда қыстайды. Отрядтың 20000 астам түрлері бар, солардың ішіндс 700 астамы Қазақстанда кездеседі. Тура қанаттылар отряды ұзын мұрттылар және қысқа мұрттылар деп аталатын 2 отряд тармағына бөлінеді. ¥ЗЫН МҮРТТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ — Dolichocera (Ensifera). Бұл отряд тармақтың екілдерінің мұртшалары ұзын (денесінің ұзындығынан үлкен) қылшық тәрізді болады, жұмыртқа салғыш қынабы (үрғашыларында) өте ірі келеді. Есту мүшесі (егер жетілген болса) алдыңғы аяқтарының сирақ беліміне орналасқан. ¥зын мұрттылардың ішінен ауыл шаруашылығы үшін үш тұқымдастың өкілдерінің, яғни шекшек, шілделік жәнс бұзаубас тұқымдастарының едәуір зияны бар. Шекшек тұқымдасы — Tettigoniidae. Қылшық тәрізді ұзын мұртшалары көздің төменгі шетінен жоғарырақ деңгейге орналасқан ірі насекомдар. Аяқтарының табан белімі 4 бунақты: ұрғашыларының жұмыртқа салғыш қынабы қылыш немесе орақ тәрізді болады. Жұмыртқа фазасында қыстайды. Жұмыртқаларын топыраққа, өсімдікке немесе ткань ішіне жекелеп, болмаса азғантайдан топтап салады. Шекшектің көпшілігі жыртқыштар, кейбіреулері есімдік текті Қоректік заттарды ұнатып, ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаш өсімдіктеріне зиян келтіреді. Олардың қатарына жасыл шекшек пен (Tettigonia viridissima L.) сұр шекшек (Decticus verrucivorus L.) және басқалар жатады. Шілделік (қара шегіртке) тұқымдасы — Gryllidae. Денесі аздап жалпиған және қанаттары құрсақ үстіне жайыла орналасқан ірі денелі немесе орташа келген насекомдар. Барлық аяктарының табаны 3 бунақтан тұрады. Ұрғашысының жұмыртқа салғыш қынабы найза тәрізді ұзын болады. Шілделіктер ересек насеком немесе личинка фазасында қыстайды. Түн насекомы. Көбінесе жердің үстіңгі бетінде және кейде ағаш-бұталарды да мекендейді. Өсімдік зиянкестері қатарына дала шілделігі (Mclanogryllus dcscrtus Pall), егіс шілделігі (Gryllus carnpcstris L.) және басқалары жатады. Бұзаубас тұқымдасы — Gryllotalpidae. Қанаттары жақсы жетілген, қылшық тәрізді қысқа мұртты, басы прогнатикалық және алдыңғы аяғы қазғыш типіне жататын ірі насекомдар. Ұрғашыларында жұмыртқа салғыш кынап болмайды. III-IV жастағы личинка, кейде ересек насеком фазасында қыстайды. 10-12 см тереңдікте ін жасап, жұмыртқаларын сонда салады. Бұзаубас жер астын мекендейді, топырақ арасында көлденең жолдар салып, өсімдіктің жер астылық сабағына, тамырына, себілген дәніне зақым келтіреді. Әсіресе парниктерде көшетті қатгы зақымдайды. Ең әйгілі түрі-кәдімгі бұзаубас (Gryllotalpa gryllotalpa L.) Қысқа мұртты тура қанаттылар тұқымдасы — Вгасһусега. Мұртшалары негізінен жіп тәрізді (кейде таспік түйреуіш немесе семсер тәрізді қысқа (денесінің жартысннан қысқа), иіс сезу мүшесі құрсақтың 1-бунағының бүйір жағына орналасқан, ұрғашысының жұмыртқа салғыш қынабы қысқа болады. Қысқа мұртты тура қанаттылардың ішінде ең маңыздылары нағыз шегіртке тұқымдасының өкілдері. Нағыз шегіртке тұқымдасы — Acrididae. Аяқтарының табан бөлімі 3 бунақтан тұратын ірі немесе орта денелі насекомдар, артқы сандарының сырт жағында қауырсын тәрізді мүсін болады. Ұрғашылары 4 жармалы қысқа жұмыртқа салғыш қынаппен жабдықталған. Церкілері қысқа, әдетте конус тәрізді. Жұмыртқдлары күбірше ішінде топырақта қыстайды. Түрлерінің саны жағынан ең ірі тұқымдас. Барлық түрлері өсімдікпен қоректенеді. Көпшілігі әйгілі, тіпті аса кауіпті зиянкестер болып саналады. Тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарап, шегірткелерді үйірлі және үйірсіз, немесе саяқ шегірткелер деп 2 топқа бөледі. Аса қауіпті түрлері: шал шегірткесі немесс схистоцерка (Schictocerca gregaria Forsk), ұшпа шегіртке (Locusla migraloria Z.), марокко шегірткесі (Dociostraurus maroccanus Thub.), итальяндық шегіртке (Calliptamus italicus L.), сібірлік саяқ шегіртке (Gomphocerus sibiricus L.), атбасарлық саяқ шегіртке (Dociostaurus kraussi Ingen.), қара қанатты саяқ шегіртке (Staurodcrus scalaris f. W) және басқалар
