- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
18 Билет
1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
Экология – тірі ағзалардың бір-бірімен және тіршілік орта компоненттерімен қарым-қатынасын зерттейтін – биологияның қарқынды дамудағы бөлімі. Экология дараның тіршілігін, көбею және дамуын, популяция мен бірлестік құрылымы мен динамикасын қарастырады. Қазіргі экологияның ерекшелігі – биологиялық макрожүйені қарастырады. Экология ғылымының мақсаты биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып, ондағы тіршілік тұрақтылығын сақтау. Адам – қоғам - табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды экологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экологияның 30 - дан астам анықтамасы бар. Қазіргі кезде экологиялық ұғымдар және оның мәні анықталды. Экология- табиғи мекен ортасында (адам іс-әрекетінің әсері болатын) ағзалардың тіршілік әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Соңғы кезде, экология – организмдер орта жағдайларын, жеке дара емес, популяциялық-биоценотикалық деңгейде меңгеретіні туралы қортындыға келді. Содан биологиялық макрожүйе (популяция, биоценоз, биогеоценоз) туралы ілім қарқынды дамыды. Экологияны популяция, табиғат құрылымы, сандық динамика т.с.с. туралы ғылым ретінде қарастырады. Экологияның мазмұны –ағзалардың өзара және тіршілік ортамен популяциялық-биоценотикалық деңгейде қарым-қатынасын және жоғарғы рангтағы биологиялық макрожүйені (биогеоценоз-экожүйе, биосфера, оның өнімділігі мен энергетикасы) зерттеу. Зерттеу обьектісі – биологиялық макрожүйе (популяция, биоценоз) және оның уақытылы, кеңістікті динамикасы. Мақсаты – популяция динамикасын зерттеу, биогеоценоз және олардың жүйелері туралы ілім. Ортаны меңгеру, тіршілік қорын экономды, толық пайдалану негізінде биоценоз құрылымы қалыптасады. 100 жыл бұрын пайда болған экология, бүгінгі күні өндіріс дамыған қоғамда адам мінезінің теориялық негізі. Экологияның ерекшеліктері, оның зерттеу объектісі жекелеген даралар емес, даралар тобы - популяциялар (тұтастай немесе бөліктері) және олардың бірлестіктері, яғни биологиялық макрожүйе . Биологиялық макрожүйе деңгейінде қалыптасатын көптүрлі байланыстар экологиялық зерттеулердің алуантүрлі әдістерін қаматамасыз етеді.
2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
энтомологиядан далалық практика өткізудің негізгі мақсаттары:1) класстағы барлық оқушыларды бунақденелілердің алуан түрлілігімен таныстыру және оларға энтомологиялық зерттеулердің негізгі әдістерін үйрету;2) оқушыларды энтомологиямен қызықтыру;3) жас энтомологқа мектеп кезінде жеткілікті деңгейде жұмыс жасауға, маңызды ғылыми мәліметтер алуға.Практиканы ұйымдастыру детальдары әр түрлі болуы мүмкін (уақытқа, практиканы өткізу орнына, ұзақтығына байланысты), бірақ аталған мақсаттарға жету керек.Төменде жас натуралистер слеты кезінде энтомологиядан жүргізілген далалық практика негізінде жасалған жоспар үлгісі берілді: 2013 жылы маусым айы БҚО Бөрлы тау аумағы мен 2014ж. тамыз айы Тасқала ауданы аймағындағы іс – тәжірибелерден алынды.Энтомологиялық практиканы жүргізу кезінде практиканың әр күні үш түрлі сабаққа арналады: 1) қысқаша теориялық сабақ, 2) экскурсия және бунақденелілерді жинау, 3) жиналған материалды өңдеуге арналған практикалық сабақ. Бұндай кезектесу материалды меңгеруге қолайлы. Экскурсия барысында мұғалім оқушыларға бунақденелілерді қалай жинайтындығын көрсетеді. Практикалық кезеңде жинақталған материалдарды өңдеу, монтаждау және анықтау мен этикеткалау жасалады. Бунақденелілердің алуантүрлілігіне және түрге дейін анықтау қиындығына байланысты, көп жағдайда практика кезінде бунақденелілерді тұқымдасқа дейін анықтау жүргізіледі.Далаға, шалғындыққа саяхатқа шыққан энтомологтың құрал-жабдықтары болуы керек. Өзімізбен бірге алып жүретін заттардың барлық заттардың тізімі (1) :1) бунақденеліні аулау әдісіне қарай марліден немесе бөзден (бязь) жасалған сүзгі (сачок);2) улауға арналған ыдыстар (морилка);3) хлороформ немесе эфир;4) дала күнделігі, жай қарындаш, шарикті қаламсап, этикеткаға арналған қағаз;5) бунақденелілерді ұстауға қолайлы пинцет 6) далалық сөмке, оған барлық затты салуға болады;7) 3—10 есе үлкейтетін ұлғайтқыш. Ұлғайтқышты, пинцетті және қарындашты ұзындау жіпке байлап, мойынға іліп алады;8) пробирка, қорапша, мақта;9) Петри табақшасы(Жарыққа жиналатын бунақденелілерге жарықты жетекші өзі ұйымдастырады)Экскурсиялық қорапшалар мен пробиркалар бунақденелілерді тірілей тасымалдауға арналған. Әр қорапша немесе пробиркаға әдетте сәйкес этикеткасы бар бір немесе бірнеше бунақденеліні салады. Экскурсиялық пробирканың орнына кез келген пробирка, дәрі-дәрмектен қалған банка жарайды, тек аузы кеңдеу болу қажет. Бунақденелі өліп қалмау үшін пробиркаларды тығынмен емес, мақтамен жабады.Экскурсиялық қорапшалар – ауа өтетіндей саңылаулары бар ағаш немесе фанер жәшікшелер. Егер саңылау өте үлкен болса, бунақденелі шығып кетпеу үшін оны марлімен жабу керек. Сіріңке қорапшаларын қолдануға болады.Киім жөнінде: энтомологтың костюмі жеңіл, ыңғайлы, лас болады деп қорықпау үшін жаңа болмағаны дұрыс. Әсіресе ков бойкалар мен спорттық шалбарлар («техастар», «джинсылар»). Шалбарлар мен көйлектердің пайдаланатын қалтаралары болғаны жақсы. Аяқ киім ыңғайлы, киілген, кеңдеу болуы керек (спорттық аяқ киім, кеды). Егер экскурсия орны ретінде шалғындық емес, орман, бақ, немесе су қоймасы алынса, керек құралдар мен киімдер басқаша болады.
