Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_entomologia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.65 Кб
Скачать

2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.

Торқанаттылар - толық түрленген жәндіктер, олардың екі жұп ұзын, мөлдір қанаттары тор желісі пішіндес сипатта.Барлық торқанаттылар-жыртқыштар, сондықтан топырақта немесе суда тіршілік ететін олардың дернәсілдері бұлардан қалыспайды,кейде тіпті ересек дарақтардан да асып түседі. Өз олжасын дернәсіл алдымен өткір бізгегімен пісіп, содан кейін жарасына ас қорыту сөлдерін төгеді және күйдірілген азығын(бұл үшін оларда бізгек пен төменгі жағының әр жағында арнайы науа орналасқан). Жыртқышта қарапайым алтынкөз алдына жан салмайды-нәзік қанаттары және үлкен алтын көздері бар әсем солғын-жасыл жәндік. Оның үстіне алтынкөздер щіркейлерді, құрттарды және ұсақ биттерді талмай аулайды.Аналықтары жұмыртқаларын ұзын,жұқа сабаққа салып,оны шіркейлер құжынаған жапырақпен бекітеді. Алтынкөздердің дернәсілдері жұмыртқадан тырбаңдап әрең шығып, бірден асқа бас қояды. Күніне тататындары 100-150 шіркей.Құмырсқа арыстаны - торқанаттылардың ішіндегі ең танымал өкілдерінің бірі. Ересек құмырсқа арыстандары-әлсіз мөлдір қанатты көркем жәндіктер, олар өз атауларын икемсіз, үлкен жақты жыртқыш дернәсілдеріне бола алған. Жұмыртқаны құйрығымен жарған дернәсіл қазылған құрғақ құмға келіп,оны айналасына шашып, бірте-бірте диаметрі 10 см, тереңдігі 5 см шұқыршық жасап алады. Оның жақтары кең жайылған түбіне құмырсқа арыстаны батып қалып, олжасын күтіп жатады.Тұзаққа шым-шыдап төгіліп жатқан құм жиегімен келіп, құмырсқа мен басқа да жәндіктер ілігеді,ал егер олар шығуға тырбанса, қармақтың иесі оны құм түйіршігімен атқылап,төменге түсіреді. Құмырсқа арыстаны құрбандығының тәніне кіргізетін сілекей оны жансыздандырады, сондықтан ең ірі деген жәндіктердің өзі оның құрығына ілінеді. Құмырсқа арыстандарының туысқандары аскалаф дернәсілдері қақпан құрмайды, тек тастың және құлаған жапырақтың астында аң аулайды. Жылғалылар – орташа, түкпен жабылған жарғақ қанатты форма, ауыз аппараты жұмсақ, жоғарғы жақтары болмайды, дернәсілдері – кеуде аяқтары,өрмек бездері болады, түтік тәрізді құндақта тіршілік етеді. Қуыршақ қуатты жоғарғы жақпен қаруланған, бос, имагоға айналарда жақтарымен құндақты кеміріп, су бетіне шығып, ересек формаға айналады. Балық қорегі. Бүргелер өте үсақ (0,75-5 мм) қанатсыз қансорғыш насекомдар. Олар сүт қоректілер мен қүстарда тоғышар-лық өмір сүреді. Бүргелер табиғатта кең таралған насеком. Оларды жазық шөлді жерлерден бастап, Памир-Алтай, Тянь-Шань, Алтай тау сілемдерінің көгалдар алқабында кездестіруге болады. Бүргелердің Siphonaptera отрядына жататын 500 түрі бар. Олардың 100 түрі Қазақстанда тара-лған. Табиғатты шаруашылыққа кеңінен пайдаланудың нәтижесінде, Орта Азия мен Қазақстанда, эпидемиология-лық жөне эпизоотологиялық түрғыдан өте қауіпті, бүргелердің антропогендік фаунистикалық топтарының қүрылуына мүмкіндік беретін, жаңадан қалыптасқан эко-системалар пайда болған. Сондықтан бүргелердің, әсіресе экологиялық тиімділігі зор, эврибионтты оба қоздырушы-сының негізгі таратушысы Pulex irritans қаупі күшейеді. Бүл бүрге ет қоректілермен адамның тоғышарлары. Негізінде ит пен мысықтың тоғышары Ctenocephalides felis пен С. canis, барлық кемірушілер мен адамның қанын со-рады. Қой — ешкі, ірі қара, қодас пен жылқыда Vermipsylla alacurt пен V. ioffi тоғышарлық етеді. Қүстарда Ehidnophaga gallinacea кездеседі. Батыс және оңтүстік Қазақстанның шелді аймақтарында обаның табиғи оша-ғында қоздырушыны тасымалдаушылар ретінде: Xenopsylla minax, X. conformis,X. hirtipes, Paradopsylla terefifrons, Ceratophyllus laeviceps белгілі болса, Тянь-Шань тау сілемінде оба қоз-дырушысын Rhadinopsylla liventricosa, Oropsylla silantiewi, Ceratophyllus lebedewi таратады. Табиғатта қалыптасқан бүргелердің фаунистикалық тобы мен, олардың иелері-кемірушілердің коптеген түрлерінің адам мекендеген жерге жақын ауысып, орналасуының нәтижесінде бүргелердің эпидемиялогиялық және эпизоотологиялық қаупі арта түсуде.Морфологиясы. Денесі қабырға жағынан қысылған, үсақ, сарғыш және қара-қоңыр түсті насеком. Басы домалақ, екі жағында қарапайым коздері орналасқан. Мүртшалары қысқа, колба тәрізді. Басының төменгі жа-ғында шаншып-соратын түмсығы бар. Аяқтары секіруге бейімделген, тырнақшалары жақсы жетілген.Қүрсағы 10 буыннан қүралған. 8 буынның арқа түсында сезім мүшелері-пигидий орналасқан IX және X буындары жыныс мүшелеріне өзгерген. Үрғашыларының қүрсағының артқы жағы домалақ, шығыңқы церкилары байқалады, еркектерінің аналь сегменті екі жағынан кысы-лып, біраз көтерілген, жыныс мүшелері шығыңқы.Жүмыртқасы жылтыр, ақшыл түсті, сопақтау, үзын-дығы 0,5 мм.Личинкалары қүрт тәрізді, үзындығы 3-10 мм, ақ сүрғылт, сары, қоңыр. Ауыз аппараты кеміруші типтес.Қуыршағы жібек тәрізді пілләмен қапталған.Бүргелер толық өзгеріспен дамиды. Бүргенің еркегіде, үрғашысы да кан сорады. Үрықтанған үрғашылары жүмыртқаларын аңдар, кемірушілердің іні мен қүстардың үясына салады. Синантропты түрлері қора-жайда қоқсыққа, жиналған шаңға беліп, бір үрғашы бүрге 450 ден 2500 дейін жүмыртқа салады. Жүмыртқадан 7-8 күннен соң личинка шығарады, олар үш рет түлеп, қуыр-иіакқа айналады да, одан ересек бүрге шығады. Бүргелер 234 тен 513 күнге дейін өмір сүреді. Олар 18 ай аштыққа шыдайды.Малдәрігерлік манызы. Бүргенің ең коп байқалатын мерзімі жаз айлары. Табиги жағдайда бүргелер иелерін жағдайға байланысты ауыстырып отырады. Шөлді аймақта CeratophuUus tesquorum өзінің негізгі иесі кіші саршүнақ-тан басқа жануарлардың 20 түрінде тоғышарлық тіршілік етеді. Таулы аймақтардың далалы-көгал биіктігінде Oropsylla silantievi өзінің негізгі иесі суырдан баска, сол жерде кездесетін жануарлар қанын сорады. Сондықтанда оларға ауру қоздырушыларын таратуға мол мүмкіндік туа-ды. Бүргелер оба қоздырушысынан басқа, сібір жарасы, туляремия, пастереллез, листериоз, миксоматоз сияқты аурулардың таралуына қатысы бар. Бүргелер ет қоректілерде қияр цепенінің аралық иесі.Бүргелер қанды көп уақыт сорады. Қойда вермисипи-ла алақүрттың саны 6-7 мыңға жетсе, мал тәулігіне 500-700 гр қан жоғалтады. Бүрге шаққан жер қышып, ауыра-ды, теріде көптеген бөртпе пайда болады.Бүргелер ете қалың болған жағдайда мал уланып, өледі. Бүргелермен зақымдалған қойдың гемоглобины 20%-ға төмендейді,күрт арықтайды, қышыған жерлерін тістелеп, мазасызданады, олар 40% дейін жүн жоғалтады.Бүрге зақымдаған ит пен мысықта қотыр байқалады.Ауруды анықтау. Мал түгін тексеріп, бүргелерді тауып ауруды анықтайды.Емдеу және алдын алу шаралары. Бүргелерді 0,5%-дық трихлорметафос, карбофос, 0,2%-дық дибром, бензофосфат, 0,05%-перметрин, 0,01-0,02%-дық циперметрин, фенвале-рант сулы эмульсиясымен мал түгін дәрілейді. Шаруашы-лыққа басқа жақтан әкелінген мал тексеріліп, қажетті жағ-дайда емделеді. Қора-жайда дезинсекция жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]