- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
Мыңдаған насеком түрлері адамға үлкен зиян келтіреді. Олар ауыл шаруашылығының, орман шаруашылығының зиянкестері, адам және жануар паразиттері құрылыс материалын бүлдірушілер, қауіпті ауру қоздырғыштарын таратушылар Зиянкес насеком түрлерінің жоғарғы тығыздығы өнімділікке қауіп төндіргенде, олардың сол мөлшерін төмендету үшін шаралар қолданылады. Насекомдармен күрес шаралары: механикалық, химиялық, биологиялық, агротехникалық . Бунақденелілер егістік, техникалық, майлы дақылодардың, көкеніс, картоп, жеміс-жидек, бау-бақша, орман-тоғай, астық өнімдері қорының зиянкестері топтарын құрайды. Бұлардың ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына әкелетін зияны аса қауіпті. Солардың ішінде егістік зиянкестері: көкқасқа шегіртке (Locustra migratoria), марокко шегіртекесі (Dociostaurus maroccanus), зиянды бақашық (Eurygater integripes), күздік көбелек (Euxoa segetum), гессен шыбыны (Mayetiiola destructor); бақша зиянкестері: капуста ақ көбелегі (Pieris brassicae), капуста шыбыны (Hylemyia brassicae), қоңыздардың көптеген түрлері; бау-бақшазиянкестері: қанды бит (Eriosoma lanigerum), жүзім филоксерасы (Peritymbia vastatix), алма бізтұмсық қоңызы (Anthonomus pomorum), алма жегіш көбелегі (Laspeyresia pomonella); орман-тоғай зиянкестері: шығыс зауза қоңызы (Melolontha hippocastani), батыс зауза қоңызы (M.melolontha), үлкен шырша мұртты қоңызы (Monochamus quadrimaculatus), үлкен орман қоңызы (Blastophagus piniperda), типограф қоңызы (Ips typographus), қарағай жібек көбелегі (Dendralimus pini); қамба зиянкестері: қамба бізтұмсық қоңызы (Calandra granaria), астық күйесі (Sitotroga cerealella), диірмен қызыл көбелегі (Ephestia kuhniella) , тағы басқалары. Зинкестерге қарсы комплексті күрес шараларын қолдану қажет. Күресу шаралары – биологиялық, генетикалық, агротехникалық, механикалық, физикалық, химиялық және өсімдік карантині.
Көп жағдайда зиянкестердің қаулап өсуіне адамның өзі әсер ететінін ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, егіс танаптарында бір өсімдік түрін бірнеше жыл бойы өсіру зиянкестердің көбеюіне өте қолайлы жағдайлар туғызады. Инсектицидтерді (зиянды бунақденелілерді құртуға арналған улы химиялық заттар) дұрыс пайдалана білмеу көп жағдайда зиянды бунақденелілердің өліміне әкеліп қана қоймай, сондай-ақ олардың табиғи жауларын да (жыртқыш және паразиттік бунақденелілерді) құртады және инсектицидтерді ұзақ жылдар қолдана берсе, оларға зиянкестер төзімді болып алады да жаппай көбеюіне бөгет бола алмай қалады. Өсімдік карнатин шараларын қолданбаудың салдарынан зиянды бунақденелілер бұрын болмаған аудандарға алып барылуы мүмкін. Ал олар жаңа жағдайларда табиғи жауларының жоқтығынан жылдам көбейіп және таралып кетуі мүмкін.
Бунақденелілердің адамға және малдарға келтіретін зияны да аз емес. Олар әртүрлі ауруларды жұқтырумен қатар, иелеріне шабуыл жасап немес паразитті өмір сүріп адамның жұмыс істеуіне, демалуына көп кедергі келтіреді, мал өнімін азайтады. Бұларға биттер (Anoplura отряды), бүргелер (Alphaniptera отряды), қандалалар (Cimicidae тұқымдасынан), қансорғыш қосқанаттылар: масалар (Culicidae), соналар (Tabanidae), шіркейлер (Simulidae), құмытылар (Ceratopogonidae), москиттер (Phlebotomidae), бақ да қосқанттылар (шыбындар, бөгелектер) жатады. Бұлардың көпшілігі ауру қоздырғыштарды бір организмнен екінші организмге тасымалдап, жұқтырады. Бұндай жұқпалы ауруларды трансмиссивті аурулар немесе індетті кесел деп атайды. Трансмиссия (латынша transmissio – ауыстыру, тасу) – тасымал деген мағынаны білдіреді.
Табиғатта трансмиссивті аурулардың «ошағы» бар. Олар – тасымалдаушылардың мекен ететін ортасы. Мысалы, «ұйқы ауруы» Африкада көп тараған, өйткені сол жақта осы ауруды таратушы це-це шыбыны (Glossina palpalis) мекендейді.
Трансмиссивті ауруларды тасымалдаушылар: биттер – адамға бөрітпе сүзек пен қайталама сүзекті жұқтырады, ешкі, қойға – топалаң, кебенек, жылқыға – жамандат, сиырға – қарасан, түйеге – ақшелек ауруларын жұқтырады бүргелер – оба инфекцисын жұқтырады; масалар – безгек ауруын, соналар қараталақ, жамандат, ақшелек; москиттер – тері және висцеральды лейшманиозын жұқтырады.
Кейбір бунақденелілердің личинкалары паразиттік тіршілік етіп, мал шаруашылығына зиян келтіреді. Мысалы, қосқанаттылар отряды бөгелектер (Oestridae) тұқымдасының личинкалары мал терісінің астында, қарнында, мұрын, маңдай және жақ қуысында тіршілік етіп осы мүшелерді зақымдайды. Тірі туатын Вольфратов шыбыны (Wohlfahrita magnifica) лицинкаларын сүтқоректілердің мұрнына, көзіне, құлағына салып, олар тірі тканьдармен қоректеніп, миаза ауруын қоздырады.
