- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
Қабыршаққанаттылар немесе көбелектердің екі жұп қанаты түктердің түрөзгерісі-ашық түсті қабыршақпен жабылған. Ауыз аппараты-сорғыш түтік. Дернəсілі-жұлдызқұрт, жабыққуыршақ.
Маманданған отряд, имаго гүл шырынымен, ал жұлдызқұрттар өсімдікқоректі. Көбелектер гүлді өсімдіктерді тозаңдатқыштар, ал дернəсілдері өсімдік зиянкестері. Көбелектердің 140 мыңдай түрі белгілі, 3 отрядтармағына бөлінеді: Теңқанаттылар, əртүрліқанаттылар, түйреуішмұрттылар.
Lepidoptera – Көбелектер немесе қабыршаққанаттылар отряды
Барлық Insecta – насекомдар класының ішінде Lepidoptera – Көбелектер немесе қабыршаққанаттылар отряды көпшілікке жақсы таныс. Көбелектер − насекомдардың ішінде қоңыздардан кейін екінші орында тұр. Қазіргі уақытқа дейін көбелектердің 160 мыңға тарта түрі сипатталған
Lepidoptera – Көбелектер, немесе Қабыршаққанаттылар отрядының топтамада Papilionidae – Кавалерлер, немесе Желкенділер тұқымдасының, Nymphalidae – Нимфалида тұқымдасының, Morphidae – Морфо тұқымдасының, Brassolidae – Брассолида тұқымдасының, Uraniidae – Урания тұқымдасының, Saturniidae - Павлинкөзділер тұқымдасының, Noctuidae − Жапалақ көзділер немесе түнгілер тұқымдасының өкілдері бар.
Papilionidae – Кавалерлер, немесе Желкенділер тұқымдасының 700 түрі күндізгі көбелектер болып саналады
Lepidoptera – Қабыршаққанаттылар топтамасында тропикалық ормандардың қол жетімсіз орындарында кездесетін көбелектер де бар
Nymphalidae – Нимфалида тұқымдасы күндізгі көбелектердің ішінде саны жағынан ең көптерінің бірі болып табылады, ол бүкіл жер шарына таралған пішіні мен түсі өте ерекше көбелектердің 2000 жуық түрі бар.
Morphidae – Морфо тұқымдасының көбелектерінің 70 аса түрі бар, олар үлкен қанаттарының түсіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді
Экспозицияда Brassolidae – Брассолида тұқымдасының Caligo туыстасының көбелектері бар.
Uraniidae – Урания тұқымдасының экспозиция топтамасында агатты альцидес пен мадагаскарлық хризиридия деген түрлері қойылған
Түнгі көбелектерден Saturniidae − павлинкөзділер тұқымдасының 1200 аса түрі саналған Мұражай экспозициясында бұл көбелектердің көптеген түрлері қойылған.
Жер шарында ең көп тараған түнгі көбелектердің бірі Noctuidae − Жапалақ көзділер немесе түнгілер тұқымдасы болып табылады. Мұражай топтамасында Noctuidae − Жапалық көзділердің өкілі – дүниежүзіндегі ең ірі көбелек болып табылатын тизания агриппина қойылған.
14Билет
1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
Бунақденелілердің өзара қарым-қатынасының түрлері: селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштық, антибиоз.
Селбесушілік – әртүрлі ағзалар бірігіп, селбесіп т/етуі екі насекомға да немесе біреуіне қажет. Селбесушіліктің форезия, мутуализм, комменсализм деген түрлері бар. Форезия – бір ағза екіншісін көлік ретінде пайдаланады. Мутуализм – бірігіп т/етуі екі ағзаға да пайдалы. Комменсализм – бір симбионт екінші симбионттың артық тамағымен қоректенеді, оған зиян тигізбейді.
Жыртқыштық - бір бунақдене (жыртқыш) екінші насекомға шабуыл жасап, құрбанын тез өлтіріп қоректенеді. Жыртқыштардың фательді және фательді емес деген түрлері бар. Фательді – өз құрбандарын қолма-қол жеп құртады (қанқызы, барылдауық қоңыздар). Фательді емес – құрбаны өлмей тірі қалады. Каннибализм – бір түрге жататын ағзалар бірін-бірі жейді.
Тоғышарлық (паразитизм) – бір ағза екінші ағзаның ішкі мүшелерінде ұлпаларын жеп, жасуша сөлін сорып т/етеді. Тоғышар иелерін т/орта ретінде пайдаланады және олармен тығыз биологиялық байланыста болады. Иесін біртіндеп әлсіретеді, өз дамуының соңында ғана өлтіреді, ал кейде олардың өлмей қалуы да мүмкін.
Паразитизмнің түрлері: тіршілік ету орнына байланысты – эндопаразит, эктопаразит; паразитизм қабілетінің дәрежесіне қарай – міндетті, қосымша, жанама және кездейсоқ паразит; негізгі иелерін залалдау ретіне қарай – алғашқы, екінші, үшінші, төртінші немесе үстеме; бір иеде дамитын паразиттердің түрлеріне және санына қарай – дара, суперпаразитизм, көптік паразитизм; дамып жетілу үшін қажет иелер санына қарай – моноксенді, гетероксенді паразитизм деп бөлінеді. Эндопаразитизм – иелерінің ішкі мүщелерін залалдап қоректенеді. Эктопаразитизм – иелерінің дене бетінде т/етіп, тері жарақаттары арқылы қоректенеді. Міндетті, жанама немесе кездейсоқ паразитизм – бір насеком екінші насекомның тұрақты, міндетті залалдауға бейімделген. Олар негізгі иелері болмаса өліп қалады. Ал жанама паразиттер иелері болмаса да өз бетінше дербес т/етіп, өсіп-өне береді. Кездейсоқ тоғышарлар кейбір насекомдармен тығыз биологиялық байланыста болмаса да, олардың ішкі-сыртқы тері жамылғысын залалдап т/етуі мүмкін. Алғашқы және үстеме паразитизм – фитофагтарды мекендеп, олардың есебінен т/ететін паразиттерді – алғашқы, ал олардың дернәсілдерін, қуыршақтарын мекендеп, солардың есебінен т/ететін паразиттерді – үстеме немесе соңғы паразиттер д/ атайды. Дара және көптік паразитизм– әр ие дарақтарында біреуі ғана дамиды. Ал бір мезгілде бір иені 2 немесе көп бір түрдің дарақтарының паразитпен залалдануын топтық паразитизм дейді.
Моноксенді және гетероксенді паразитизм –паразиттің дамуы бір иеде жүрсе – моноксенді, ал бірнеше түр иелері қажет болса – гетероксенді болады.
Антибиоз – микроағзалар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің басқа ағзалардың дамуын бәсеңдететін заттары болуына байланысты ағзалар арасындағы антогонистік қарым-қатынас.
