Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_entomologia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.65 Кб
Скачать

2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:

Бал және балауыз өндіру мақсатында ара шаруашылығы барлық дерлік елдерде дамыған,бүгінгі оның технологиясы жетілді,өнімділігі артты.Қазірігі кезде одан бал мен балауыздан басқа бактериоцитті қасиеті бар прополус,ара уы( медицинада пайдаланылады) және ара сүтін (парфюмерида)де алады.Ара шаруашылығы мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттырады.

Тұт жібек шаруашылығы ертеде оңтүстік-шығыс Азияда дамыды.Қытай,Японияда емен жібек шаруашылығын дамытуменде шұғылданады.Тұт жібек шаруашылығының отаны Қытай деп есептейді,себебі осыдан 4-5мың жыл бұрын жібек өндірумен шұғылданған.

Насекомдар табиғи биоценозда зат айналымның звеносы жыртқыш және паразит формалар басқа түрлердің сандық мөлшерін реттеушілер,сонымен қатар олар табиғат көркі.Антропогенді факторлар әсерінен көптеген насеком түрлері азайып,жойылып кету қаупінде.Табиғи экожүйеде бір түрдің жойылуы үлкен жағымсыз экологиялық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін.

Қызыл кітапқа енген және насекомдар сирек,жойылып кету қаупіндегі түрлер:қауырсын мұртты эмпуза,Дала кергісі,Полексин көбелегі.ала аскалаф,Зорке зергис,Көгілдір орден таспасы,Ұста ара т.б.

12Билет

1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):

Насекомдар дара жынысты. Көбінде жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Аталықтардың жыныс жүйесі жұп тұқым безінен, тұқым шашқыш каналға жалғасатын тұқым өзегінен тұрады, ол шағылысу мүшесіне ашылады. Өнімі сперманы сұйылтатын немесе спарматофор қабығын түзетін жанама (придаточный) без болады.

Аналықтың жыныс жүйесі жұп жұмыртқа безінен (1-100 жұп түтікті), жұмыртқа жолынан және дара қынаптан тұрады. Көбінде тұқымқабылдағыш болады, оның өзегі қынапқа ашылады. Жыныс тесігі-жұмыртқа салғыш (пішіні әртүрлі). Насекомдардың жұмыртқа пішіні әртүрлі, ортаға бейімделген. Жабық ортада дамитын қоңыз жұмыртқалары сопақша, қандалаларда күбі тәрізді төсемікке бекиді. Көбелектерде – шөлмектәрізді, торқанаттылардың жұмыртқасы сабақты. Олар жұмыртқаларын топпен салады. Ұялары ашық немесе жабық. Колорад қоңызы картофель жапырағының астыңғы бетіне жапсырады, шегіркелер топыраққа салады. Тарақандар жыныс жолында пайда болатын жұмыртқа капсуласы – оотекке салады. Жұмыртқадан дернәсіл шығарда амнион қуысындағы сұйықты жұтады, дене тургоры күшейеді, басымен корионды жарып шығады.

Насекомдар жынысты көбейеді, жыныс диморфизмі жақсы көрінеді. Жұмыртқа салады, тірі туу да байқалады (бұл жағдайда жұмыртқа аналықтың жыныс жолында дамиды – ет шыбыны – саркофаг).

Кейбір насекомдарда ұрықтанбай даму – партогенез болады. Қолайсыз аймақта (биік тауларда, солтүстік т.б. аймақтарда ) кейбір қоңыздар қоңыздар, турақанаттылар , жарғақ, торқанаттылар партеногенді көбейеді.

Насекомдар дара жынысты. Көбінде жыныс деморфизмі жақсы байқалады. Аталық жыныс жүйесі тұқым безімен, тұқым шашқын каналға ашатын жұп тұқым жолынан тұрады.

Аналық жыныс жүйесі 2 жұмыртқа безінен, жұмыртқа жолынан жəне дара қынаптан тұрады. Жұмыртқа безі 1-100 жұп жұмыртқа түтіктерінен тұрады. Көптеген түрлерге өзегі қынапқа ашылатын тұқым қабылдағыш тəн. Көбінің жұмыртқа салғыштары ірі – көкқасқа шегіркелерде қылыш тəрізді, саяқ шегіркелерде қысқа болады.

Насекомдардың жұмыртқа пішіні әртүрлі,дамитын ортаға бейімделген.Жабық ортада дамитын қоңыз жұмыртқалары сопақша,қандалаларда күбі тәрізді субстратқа бекиді.Көбелектерде-шөлмектәрізді, торқанаттыларда жұмыртқа сабақты.

Наскомдар жұмыртқаларын топпен салады ,ашық немесе жабық.Ұялары Колорад қоңызы картофель жапырағының астыңғы бетіне жапсырады(ашық);шегірткелер топыраққа (жабық)салады.Тарақандар жыныс жолында пайда болатын жұмыртқа капсуласы-оотекке салады.

Насекомдар жынысты жəне партеногенез жолымен көбееді. Жұмыртқа салады, тірі туу да байқалады.

Көбеюі. Бунақденелілердің басым көпшілігі тек жынысты жолмен көбейеді. Бір аналықтың шығаратын жұмыртқалары өте көп болуы мүмкін, мысалы, шегіртке (Schistocerca peregrina) өмір бойында 500-ден 900-ге дейін, ұрғашы ара – 1,5 миллион, ал термит аналығы болса күніне 30000-ға дейін, жылына бірнеше миллионға дейін жұмыртқа салады, ал өзі шамамен 10 жыл өмір сүреді.

Жынысты көбеюден  басқа бунақденелілер партеногенез, гетерогония, педогенез, полиэмбриония  арқылы да көбейеді.

Партеногенез (грекше parthenos – ұрықтанбаған аналық) кезінде ұрықтанбаған жұмыртқа клеткадан ұрық дамиды. Мысалы қауымдасып тіршілік ететін жарғаққанаттыларда (бал арларында) ұрықтанбаған партеногенетикалы жұмыртқасынан тек аталықтары шығады.

Гетерогония – екі түрлі  ұрпақтың алмасуы: партеногенездік  және қос жынысты. Тең қанаттылар отрядының бітелер (Aphidiidae) тұқымдасына тән.

Педогенез (грекше paidos – нәресте, genesis – пайда болуы) – личинка сатысындағы партеногенетикалық көбею жолы. Қосқанаттылар оряды бұзғыншылар тұқымдасының (Cecoidomyidae) Miastor және Oligarser туысына тән.

Полиэмбриония (грекше poly – көп, embryon – ұрық) – бір жұмыртқадан бірнеше ұрықтың дамуы. Жарғаққанаттылар отрядының шанщарлар (Ichneumonidae) тұқымдасының өкілдеріне тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]