Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_entomologia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.65 Кб
Скачать

11Билет

1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:

Бунақденелілердің жүйке жүйесі-бауыр жүйке тізбегі. Бас миы (жұтқыншық үсті ганглиясы) 3 бөліктен: прото-, дейто-, тритоцеребрумнан тұрады. Протоцеребрум акрон және онда орналасқан көзді, дейтоцеребрум- мұртшаларды, тритоцеребрум - жоғарғы ерінді нервтендіреді. Протоцеребрумда саңырауқұлақ пішінді дене орналасады. Мінез-құлқы күрделі формаларда бас миы және саңырауқұлақ пішінді дене жақсы дамыған (аралар, құмырсқалар). Бас миы коннектив арқылы 3 жұп түйіннің бірігуінен түзілген жұтқыншақ асты түйінмен жалғасады. Ол ауыз аппаратты және алдыңғы ішекті нервтендіреді.

Бауыр жүйке тізбегі көкірек және құрсақты нервтендіреді. Оның құрамына 11-13 жұп ганглия кіреді: 3 жұп көкірек және 8-10 жұп құрсақ. Құрсақ жүйке тізбегінің олигомеризациясы байқалады (тарақандарда 8 жұп ганглия, көптеген шыбындарды көкірек және құрсақ бір түйінге біріккен.

Орталық ЖЖ-мен ішкі мүшелерді нервтендіретін симпатикалық жж байланысты.

Насекомдардың ОЖЖ-нің барлық бөлімдерінде нейросекреторлы жасушалар болады. Онда синтезделетін нейросекреттер аксондармен кардиаль және жанама денелерге (олар ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады) тасымалданып, кейін гемолимфаға қосылады. Нейросекреттер насекомдардың эндокрин бездерінің жұмысын: олар ағзаның дамуын, зат алмасу процесін, түлеу, барлық мүшелердің әрекетін реттейді. Жанама дене ювениль гормонын бөледі, ол дернәсілдің дамуын қолдайды, метаморфозды (қуыршаққа айналуды) тежейді, имагода ювениль гормоны жыныс өнімінің дамуын жеделдетеді. Кардиаль дене зат алмасуды реттейді. Алдыңғы көкірек безінің сөлі (экдизон-түлеу гормоны) түлеуді іске асырады. Ішкі секреция бездерінің әрекеті ЖЖ-мен тығыз байланысты, сондықтан насекомдардың тіршілік процестері нейрогуморальды реттеледі. Насекомдардың сезім мүшелері ұйымдасу ерекшелігі, күрделі мінез-құлқына байланысты, қоршаған орта туралы нақтылы толық ақпарат алуға тисті. Олардың сезім аппараттары омыртқалыларға қарағанда жоғарғы деңгейде жетілген. Мысалы, аралар біз көрмейтін ультракүлгін сәулені анықтайды. Есту мүшелері дыбыстың және ортаның әртүрлі тербелісін сезеді. Түнгі көбелектер ультрдыбысқа реакция жасайды. Көбінің химиялық анализаторлары жақсы жетілген. Мысалы, кей көбелектер аталықтары аналықтың иісін 11 шақырымнан, ал үй шыбыны адам сезетін судағы қант концентрациясынан на 2000 есе аз мөлшерді сезеді. Олар ылғалға өте сезімтал. Насекомдардың сезім мүшелері: механорецепторлар (жанасу немесе қашықтан) сипап-сезу, есту, сейсмикалық; хеморецепторлар - химиялық тітіркендіргіштерді қабылдайды (жанасу немесе қашықтан), оған иіс және дәм сезу; термо- және гигрорецепторлар (жанасу немесе қашықтан) ылғалдылық және температураны сезеді, оның сенсиллалары мұртшада, қылтан-түктерде, кутикула өзгерістерінде (ойыстар, төмпешіктер); фоторецепторлар-көздер (жәй, фасет), химиялық сезімдермен бірге насекомдардың өмірінде жетекші орын алады. Күрделі көз омматидтерден (100-1000 даған), оның әрбіреуі оптикалық және сезім бөлімдерінен тұрады. Насекомдар күндізгі және ымырт топтарына бөлінеді. Көбелектер, аралар, шыбындар, құмырсқалар әртүрлі түстерді ажыратады. Аралар адам сияқты 4 түсті ажыратады: 1-ші қызыл, сары, жасыл түсті, 2-ші көк-жасыл, 3-шісия-көк, 4-ші ультра-күлгін. Жәй көз қарапайым формаларға, көбіне дернәсілдерге тән, тек жарықты сезеді..  Жүйке жүйесі: - Жүйке жүйесін нелер құрайды?  - Бұлардың жүйке жүйесі жалпы алғанда төменгі сатылы буынаяқтыларға, тіпті сақиналы  құрттарға ұқсас, алайда мінез-қылығы өте күрделі (балара, құмырсқа). Жүйке жүйесі жоғары  деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні – ми. Мидың үш бөлігі бар.  Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ  жүйке тізбегі екі жұп түйін – ганглий түзеді. Көрнекілікпен жұмыс.  - Мәселен, кейбір құмырсқа түрлерінің бізге көрінбейтін жұлдыздардан шығатын ультракүлгін  сәулелерді қабылдайтын қасиеті барлығын француз астрономдары – ағайынды Андрилер білген.  Бірде олар құмырсқалар салынған жәшікті телескоп әйнегінің алдына қойып, телескопты белгісіз жұлдыздар бар-ау деген учаскесіне бағыттайды. Бір кезде әлгі құмырсқалар әбігерленіп,  шыдамсыз қимылдар жасаған. Бұл - басқа белгісіз дыбыстарды қабылдауының нәтижесі еді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]