Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_entomologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.65 Кб
Скачать

10 Билет

1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:

Қан айналу жүйесі ашық, нашар дамыған, жүрегі көпкамералы түтік тәрізді, қорек заттарын және метаболия өнімдерін тасымалдайды, Қан айналу жүйесі-ашық, Қан – гемолимфа, барлық мүшелерді жуып, ағзада еркін айналады. Жүрек-түтік тәрізде бірнеше камералы (8-ге дейін), ағзаның арқа бөлігінде орналасады. Жүректің артқы бөлігі тұйық. Қан плазмадан, қан денешіктерінен (фагоциттер және арнайы қан жасушалары- гемоциттер: лейкоциттер, амебоциттер) тұрады. Қан ағзаны қорек заттарымен қамтамасыз етеді және зәр шығару мүшелеріне зат алмасу өнімдерін жеткізеді, тіршілік процестерін гуморальды реттейді. Кеңірдек жүйесінің жақсы дамуына байланысты газ алмасу процесіне қатыспайды. Бірақ кейбір масалар (мотыль) дернәсілдерінің қаны қызыл, оның құрамында гемоглобинге жақын пигмент болады. Оттегіге мұқтаж ортада гемолимфа газ тасымалдап, қосымша газ алмасуға қатысады. Гемолимфа дененің тургорын анықтайды, әсіресе дене жабыны жұмсақ дернәсілдерде. Гемолимфа қысымына байланысты жас дараларда түлеу кезінде кутикула жарылады, қанаттары жазылады. Кейбір насекомдардың қаны улы, онық қорғаныштық маңызы бар. Мысалы: қан қызы, алагүліктер, олардың реңі ашық-сақтандырғыш. Қанайналым жүйесі: - Буданақденелілердің қанайналымы ашық тамыр жүйесі арқылы  жүзеге асады. Мөлдір түтік тәрізді жүрегі арқа жағына орналасады, жүрек және одан таралатын  қысқа қолқадан басқа бунақдене денесінде қанайналым тамырлары болмайды. 

Тыныс алу мүшесі кеңірдек жүйесі, ағза мен сыртқы орта арасындағы және ұлпадағы газ алмасуды жүзеге асырады және дененің меншікті салмағын жеңілдетеді Тыныс алу жүйесі – кеңірдек жүйесі, ұсақ формалар тері арқылы тыныс алады.

Кеңірдек жүйесі жақсы дамыған, кейбір түрлерде әуе қалталары (зауза қоңызы) болады, бұл олардың меншікті салмағын жеңілдетеді. Жақсы ұшқыштарда (бөлме шыбыны, аралар) әуе қаптары дене қуысының үлкен бөлігін алады. Кейбір су дернәсілдерінде ішінде кеңірдек торы дамыған тері өсіндісі - желбезектер дамиды.

Басқа буынаяқтылардан ерекшелігі бунақденелілерде ұлпаға оттегін кеңірдек жүйесі жеткізеді.   - Олардың тыныс алу ерекшелігі – денесінің шағын болуына байланысты. Ауа ағзаға  ұсақ түтікшелер трахея арқылы енеді. Кейбір жәндіктер құрсақ бөлігін кеңейтіп, тарылту арқылы трахеядағы ауаның алмасуына әсер етеді. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін  атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығып, құрсағында көбею мүшелері орналасады.  Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады. Олардың демтүтікті жүйесі жақсы  жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер – демтесіктер  арқылы сыртқа ашылады. 

Зәр шығару жүйесі-мальпигия тамырлары, ылғалды экономды пайдалануға бейімделген, май денелер де зәр шығаруға қатысады. Зәр шығару жүйесіне ортаңғы ішек пен артқы ішектің шекарасында радиальды орналасқан жіңішке түтіктер – мальпиги тамырлары жатады. Мальпиги түтіктері негізгі зәр шығару мүшелері болып табылады. Бөлінетін заттар несеп қышқылы, натрий және кальций тұздары және тағы басқалар. Зәр шығару жүйесінің қосымша мүшесіне майлы дене жатады, ол көптеген бунақденелілерде күшті жетіледі. Сонымен қатар, майлы дене насекомның ашығу кезеңіне қажетті қоректік заттар қорын жинауға қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]